Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет17/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128
Байланысты:
мектепке дейінгі педагогика

 Зерттеу проблемасы ізденіс аясын, теория мен практиканы талда-
уды, жұмыстың бағытын көрсетеді. Проблема тақырыпқа байланысты 
қойылады.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Нысан педагогикалық қызметтің 
кең аясын көрсетеді, оның ішінен жұмыстың авторы тікелей зерттейтін 
пәні бөлініп алынады.
Зерттеу мақсаты күтілетін нәтиженің моделі, зерттеу 
жұмысының бағытын көрсетеді. Мақсат - мектепке дейін білім беру 
проблемасының теориясы мен практикасын талдау және осы талдаудың 
негізінде қойылған проблеманы шешудің авторлық нұсқасын құру. 
Зерттеу мақсаты критерийлік сипатта (яғни, диагностикалық) және 
зерттеу амалдары түрінде болуы керек (айқындау, анықтау, құру 
және т.с.с.). Мұнда зерттеу мақсатын практикалық педагогикалық 
қызмет мақсаттарымен шатыстырмау қажет (сабақтар жүйесін өткізу, 
тәрбиелеу, үйрету). 
Міндеттері зерттеу мақсатына жетудің реттелген жолын көрсетеді. 
Оларды мақсатқа жетудің қадамдары ретінде сипаттауға болады.
Зерттеу болжамы - қарастырылатын процестің (оқытудың, 
тәрбиелеудің, дамытудың, қалыптастырудың және т.б.) тиімділігін арт-
тыру жөніндегі болжамдар. Болжамды зерттеудің пәні мен мақсатына 
қарай құру керек. Болжамның мәтіні мынадай түрде берілуі мүмкін 
«Қалыптастыру процесі… тиімді болады, егер…». Ары қарай 
жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын көрсететін 
автордың болжамы айтылады.
Әдіснамалық негізі - зерттеуге негіз болатын фундаментал-
ды ғылыми теориялар, тұжырымдамалар, ережелер. Бұл автордың 
қойылған зерттеу проблемасын түсінгендігін және оны шешуде неден 
бастайтындығын көрсетеді.
Жұмыстың әртүрлі кезеңінде пайдаланылатын зерттеу 
әдістері. Оларға: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді тал-
дау, педагогикалық эксперимент, байқау, сауалнамалар, әңгімелесу, 
тестілеу, бағалау және өзін-өзі бағалауды сараптау әдісі, балалардың 


27
(студенттердің) жұмыстарын талдау, эксперимент деректерін 
математикалық жолмен өңдеу және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет