394
осы сезімге деген адалдықты, пəктікті дəріптейді. Сөйтіп ақын
өз оқырмандарын осынау ұлы сезімге табындыруға ұмтылады.
Соған үндейді.
Ақынның өзі поэма деп атап, айдар таққан поэмасы “Қайда
екен?”. Поэма 438 жолдан тұрады. Бұл поэма да ғашықтық,
сүйіспеншілік тақырыбын арқау еткен, асқан шебердің қолынан
шыққан лирикалық шығарма.
Тақырыбынан көрініп тұрғандай лирикалық дастанның
желісіндегі негізгі мазмұн – сүйіктісінен аласапыран заманда көз
жазып қалған лирикалық кейіпкердің сағынышы мен сүйгенін
іздеп аласұрған жүректің ащы зары. Бұл – шындығына келген-
де сағынышқа толы мұңлы сыр. Осы сырды өзек ете отырып,
лирикалық қаһарман сонау алаңсыз, қамсыз-мұңсыз күндерді еске
түсіріп, сол бір тəтті, сағынышты кезеңге ой жібереді, көз алдына
елестетіп, тəтті қиялға беріледі. Сол бір кездің естен кетпес елестері
жыр жолына сурет болып төгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: