263
туған сатиралық мысалдарды көп алмайды. Абайды Крылов
шығармаларындағы поэтикалық көркемдігі жоғары мысалдар
қызықтырған. Абайдан соңғы қазақ ақындарының көпшілігі осы
дəстүрді берік ұстанған. Мəселен, Бекет Өтетілеуов те осы екінші
топтағы мысалдарды көбірек аударған. Бірінші топқа кіретін мысал-
дардан ол алты, үшінші топқа кіретін мысалдардан бір (“Мұжықтар
мен өзен” – “Крестьяне и река”) мысал аударған.
“Қырық мысалдағы” тəржімаланған шығармалардың 38-і Кры-
ловтан алынған, ал екеуі (“Ат пен есек”, “Екі шыбын”) Дмитри-
ев пен Хемницерден алынған. Өзі таңдаған 40 мысалды тұтас бір
шығарма тəрізді жүйеге құра отырып Ахаң “Аққу, Шортан һəм Ша-
янды” кітапты ашар кілт, ал соңғы мысал “Малшы мен масаны” ай-
тар ойдың түйіні ретінде берген.
“Малшы мен Маса” – Ахаңның ең өзекті ойын беретін, Ахаң
мысалдарының төл туындылық қасиетін айқын танытатын асыл
дүние. Ақынды осы мысалда жазуға итермелеген қазақ тұрмысын,
оның қайғы-қасіретін шынайы көрсетер образдардың бедерлі
бейнесі. Крыловта оқиға көлемі 9 жол, Ахаңда 18 жол. Əңгіме
жолдарының айырмашылығында емес, ортақ сюжеттегі айтылар
ойдың, берер ғибраттың əр алуандығында. Крылов мысалында
малшы көлеңкеде ұйықтап жатқанда, жылан шағуға жақындайды,
сол кезде маса малшыны шағып оятады. Оянған малшы масаны
тұрмастай етіп қағып түсіріп, жыланды сонан соң аңғарып, оны да
өлтіреді. Бұл оқиғадан қорытындыны Крылов былай береді:
Достарыңызбен бөлісу: