Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Нəресте немесе адамның жаратылуы



Pdf көрінісі
бет208/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Нəресте немесе адамның жаратылуы
Ол  сондай  Алла  сендерді  жатырларда  қалауынша  бейнелейді. 
Одан  басқа  ешбір  тəңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі.
(Əли Имран, 6)
Ол  сондай  Алла,  сендерді  бір-ақ  кісіден  (Адамнан)  жаратқан 
жəне оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына 
жақындасқанда,  жұбайы  жеңіл  түрде  жүкті  болды.  Сонда  онымен 
жүріп  ауырлаған  кезде  Аллаға: «Егер  бізге  игі  бала  берсең,  əрине 
шүкір етушілерден болар едік» деп  жалбарды. 
(Ағраф, 189)
Ей, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, 
əрине,  Біз  сендерді  топырақтан,  сонан  соң  жыныстық  тамшыдан, 
кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен, 
өздеріңе  тектеріңді  білдіру  үшін  жараттық.  Сондай-ақ  жатырлар-
да  қалаған  мерзімге  дейін  қойып  қоямыз.  Соңында  бөбек  түрінде 
шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, 


206
кейбіреулерің  əр  нəрсені  білгеннен  кейін  түк  білмейтін  өмірдің  ең 
нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр 
жаудырсақ, құлпырып  көпсіді де, əртүрлі көркем өсімдік өндірді. 
(Хаж, 5)
Расында, адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны 
жатырда тұратын тамшы қылдық. Сонан соң тамшыны ұйыған қан 
жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық 
та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс 
қылып, жан салдық. Жаратушылардың шебері – ұлы Алла. 
(Муминун, 12-14)
Сонан соң оның нəсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты. Со-
дан соң оны бейнелеп, ішіне өз рұхын үрледі. Сондай-ақ сендерге 
есту, көру  жəне  түсіну қабілетін берді. Аз  шүкір  етесіңдер. 
(Сəжде, 8-9)
Алла  сендерді  топырақтан,  сонан  соң  мəниден  жаратып,  кейін 
сендерді  жұп-жұп  қылды.  Ешбір  ұрғашы  Алланың  білімінен  тыс 
жүкті  болмайды  да,  тумайды.  Алланың  Кітабында  жазылған  өмір 
ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Əрине, бұл  Аллаға  оңай. 
(Фатыр, 11)
Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сонан соң одан жұбайын жа-
ратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі) сегіз түр 
пайда қылды. Жəне сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, 
қағанақ)  үш  қараңғылықта  бір  жаратылыстан  кейін  бір  жаратылы-
спен  жаратты.  Міне,  осы  Раббыларың  Алла,  патшалық  Оған  тəн. 
Одан  басқа  еш  тəңір  жоқ. Қайтып  бұрылып  барасыңдар? 
(Зумəр, 6)
Шүбəсіз, Алла ер, əйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы 
«мəни» суынан. Шəксіз, екінші жасау да Оған тəн. Сөз жоқ, байытқан 
да,  өркендеткен  де – Ол. 
(Нəжім, 45-48)
Расында, Ол  сендерді  түрлі  жағдайларда  жаратты.
(Нұх, 14)


207
 
Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы мəни емес пе? Сонан соң 
ол ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан 
ер-əйел екі жыныс жаратты. Бұларды  жасаған  Алланың  өліктерді 
қайта тірілтуге күші жетпей ме?
(Қиямет, 37-40)
Шын  мəнінде,  Біз  адам  баласын  біріккен  тамшыдан  жараттық. 
Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін  қылдық.
(Инсан, 2)
Сендерді  болымсыз  судан  жаратпадық  па?  Сондай  оны  берік 
бір  жерде  (жатырда)  етпедік  пе?  Белгілі  бір  мерзімге  дейін  оның 
тағдырын  мөлшерледік. Нендей  толық  күшке  иеміз.
(Мурсəлəт, 20-23) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет