233
Қиямет аңдаусыз келеді
Олар, өздеріне қиямет мезгілінің кенеттен өздері аңғармаған
түрде, келуін ғана күте ме?
(Зухруф сүресі, 66)
Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін гана күте ме?
Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алу-
лары неге жарайды?
(Мұхаммед сүресі, 18)
Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады.
Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрса да берілмейді.
(Əнбия сүресі, 40)
Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс
күтіп ттрады. Сонда олар өсиет айталмайды да түлеріне де қайта ал-
майды.
(Ясин сүресі, 49-50)
Достарыңызбен бөлісу: