Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет268/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   359
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
АХЛАҚ ЖƏНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Құрандағы  əдептіліктің  кей  қағидалары
Үй  иесінің  рұқсатынсыз   бөтен  үйге  кірмеу
Ей, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша əрі 
үй иесіне сəлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. 
Əрине, түсінерсіңдер. Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат 
бермейінше  кірмеңдер.  Егер  сендерге: «Қайтыңдар»  делінсе,  онда 
қайтыңдар.  Бұл  сендер  үшін  жақсырақ.  Алла  не  істегендеріңді 
жақсы  біледі.  Ішінде  отырылмайтын,  нəрселерің  бар  (қонақ  үй 
сияқты)  үйлерге  кірулеріңнің  оқасы  жоқ.  Алла  көрнеулеріңді  де, 
көместеріңді де біледі. 
(Нұр сүресі 27-29)
(Бір  үйден  тамақ  жеулерінде)  соқырға  кінə  жоқ,  ақсаққа 
кінə  жоқ,  ауруға  да  кінə  жоқ.  Сондай-ақ  сендерге  өз  үйлеріңнен 
(əйелдеріңнің,  балаларыңның.  Ж.М.Р.)  не  əкелеріңнің  үйлерінен, 
не  шешелеріңнің  үйлерінен,  немесе  аға-інілеріңнің  үйлерінен,  я 
əпеке-қарындастарыңның  үйлерінен,  яки  əкелеріңмен  туысқан 
көкелеріңнің  үйлерінен,  я  болмаса  əкелеріңмен  туысқан  апай-
ларыңның  үйлерінен,  я  нағашы  ағаларыңның  үйлерінен,  не 
нағашы  апайларыңның  үйлерінен,  немесе  кілттеріне  ие  болған 
не  достарыңның  үйлерінен  тамақ  жеулеріңде  айып  жоқ.  Сондай-
ақ  бірлікте  не  жеке-жеке  жеулерің  айып  емес.  Қашан  үйлерге 
кірсеңдер, өздеріңе (мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем бере-
кет тіршілігін тілеп сəлем беріңдер! Осылайша, Алла сендерге аят-
тарын ашық баян етеді. Əрине, түсінерсіңдер. 
(Нұр сүресі, 61)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет