Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет315/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   359
Жыныстық қатынас əдебі
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сенен  етеккір  жайынан  сұрайды.  Оларға: 
«Ол  жиренішті  нəрсе,  етеккір  кезінде  əйелдерден  аулақ  болыңдар. 
Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, 
оларға  Алланың  өздеріңе  бұйырған  жерінен  жақындасыңдар»  де. 
Шəксіз, Алла тəубе етушілерді жақсы көреді əрі таза болушыларды 
да  жақсы  көреді.
(Бақара, 222)


321
 
Өйткені əйелдерің – егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар 
келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан 
қорқыңдар  да  негізінен  Аллаға  қауышатындықтарыңды  біліңдер. 
(Мұхаммед  ғ.с.)  мүміндерді  қуандыр.  Алла  деген  анттарыңды 
жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа жəне адамдардың арасын 
жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант 
етпеу, етілген жағдайда кəферат беріп бұзу керек. Алла əр нəрсені 
естуші, білуші.
(Бақара, 223)
Бала асырау
Алла  ешбір  адамның  кеудесінде  екі  жүрек  жасаған  емес. 
(Анамның арқасындайсың деп), серт қылған жұбайларың аналарың 
болмайды. (Арабтар  əйелін  анасының  бір  мүшесіне  ұқсатып  серт 
қылса,  анам  болып  қалды  деп,  ажырасатын  болған.  Ислам  дінінде 
садақа төленеді. Бұны «Зихар» деп атайды). Жəне асырандыларың 
бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла 
шындықты  айтады  да,  Ол  тура  жол  көрсетеді.  Оларды  əкелерімен 
шақырыңдар.  Сол  Алланың  қасында  турарақ.  Егер  келерін  біл-
месеңдер,  сонда  олар  дінде  туыстарың,  достарың.  Ол  жөнінде 
қателессеңдер, сендерге кінə емес. Бірақ, əдейі жүректеріңнен бол-
са, (болмайды.) Алла өте  жарылқаушы, тым  мейірімді.
(Ахзаб, 4-5)
(Мұхаммед  ғ.с.)  сол  уақытта  өзіне  Алла  да  бақ  берген,  сен  де 
бақ берген Зəйітке: «Жұбайыңды ажыратпа, Алладан корық!» – де-
уде едің. Алланың жариялайтын нəрсесін көңіліңде жасыруда едің. 
Адамдардан қорқасың. Негізінде, қорқуға Алла лайық. Сонда одан 
Зəйіттің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік, 
мүміндерге асырандыларынан босаған əйелдерді алуда бір кінə бол-
мауы үшін. Алланың  əмірі  орындалады.
(Ахзаб, 37)
Бала емізу
Емізуді тəмамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық 
екі  жыл  емізеді.  Ананың  тиісті  қорегі  мен  киімі  баланың  əкесіне 


322
міндет. Əркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана баласы арқылы 
əрі əке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге 
де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер əке-
шеше  ризалықпен  кеңесіп, (омыраудан)  айыруды  қаласа,  сонда 
екеуіне де күнə жоқ. Ал егер балаларыңды (бөгде əйелге) емізгілерің 
келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар сендерге күнə жоқ. Алладан 
қорқыңдар да, біліңдер! Расында, Алла істегендеріңді толық көруші.
(Бақара, 233)
Адам  баласына  əке-шешесіне  жақсылық  істеуді  нұсқадық. 
Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, əрең босанады. Сондай-ақ оған 
жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыры ол ержетіп, қырық жасқа 
жеткен  кезде: «Раббым!  Өзіме  əке-шешеме  берген  нығметтеріңе 
шүкірлік етуімді, Өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нəсіп 
ете  көр!  Менің  ұрпақтарымды  да  түзелт.  Шын  мəнінде,  мен  тəубе 
қылдым. Əрине, мен  бой  ұсынушыларданмын», – деді. 
(Ахқаф, 15)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет