304
налмай, тез ыдырап, шіріп кетеді. Топырақ бетінде ағаш жапырағы
мол төгіледі де, оның өзі аяқ астындағы төсеніштей болып қалыңдай
береді, бара-бара минералдық затқа айналады. Топырақ ортасының
реакциясы қышқыл, яғни топырақтың сіңіру-алмасу комллексі
негізінен сутегі катионы мен аздаған алюминий катионына
қаныққан. Мұндай ортада микроорганизмдерден саңырауқұлақтар
көп тараған. Олар ылғалы мол көлеңкелі жағдайда жақсы дамиды.
Орман төсенішін ыдырататын да, гумусты синтездеушілер де осы
– саңырауқұлақтар. Олардың əсерінен гумус қышқылының бір түрі
– фульвоқышқылы басымырақ болады. Бұл қышқылға топырақтың
минералды бөлігіндегі көп заттар еріп, топырақтың төменгі
қабаттарына жылжиды. Қышқылды ортада қарашірік те жылжы-
малы болып шайылып кетеді. Осыған қоса жауын-шашынның
əсерінен сілтілер, əкті қосындылар топырақтың төменгі қабаттарына
қарай жуылып кетеді. Сондықтан бұл зоналық топырақтарының
морфологиялық құрамы қышқылға, суға аз еритін ақ-күлгін кварцқа
бай келеді. Бұл топырақтарды осы себептен күлгінді топырақтар деп
атайды. Топырақтың жоғарғы қабаттарынан шайылып, еріген заттар
топырақ астында 50-60 см тереңдікте немесе одан да төменде жина-
лады. Бұл аймақтың топырағы негізінен: күлгінді, шымды-күлгінді
жəне шымды-шалғынды топырақтар болып үш зонашаға бөлінеді.
Күлгінді топырақтар. Топырақтың күлгінді қабаты орман
төсенішіне жақын жатады. Орман төсенішінің қалыңдығы 7-8 см
(А). Бұл қабаттан төмен айрықша (А.) күлгінді ұнға ұқсаған ақ қабат
жатады. Күлгінді қабаттың қалыңдығы 30-35 см-дей. Бұл қабаттан
қышқылға, суға еритін жылжымалы заттардың барлығы шайы-
лып кеткенімен, онда суға аз еритін кремиий қышқылы қалады.
Күлгінді қабаттан кейін топырақтың иллювиалды (жиналмалы
В)
қабаты басталады. Бұл қабаттың тереңдігі 80-90 см-ге дейін жетеді.
Түсі қызғылт-қоңыр, тығыздығы қатты. Топырақтың бұл қабатына
жоғарыда жатқан
А
2
қабатынан темір мен алюминийдің тотықтары
жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл қабаттан төменгі қабаттарға
дейін өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: