367
практикалық-өндірістік бағыттарымен қатар ҚРҰҒА-ның
Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институты сортаң жерлердің
пайда болуын, оны мелиорациялаудың теориялық мəселелерін де
зерттеуде.
Жалпы сортаң жерлерді игеру ісі ғылыми негізделген əдісті
мұқият сақтықпен қолдануды қажет етеді. Ал біздің республи-
када, əсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сортаңды
игеру қайырмалы соқамен сортаң қабатын жер бетіне
шығарып
жырту деп ұғып, бұрын шабындық немесе жайылым болған ал-
каптар қазір жарамсыз қалғанын да жасыра алмаймыз. Негізінен
сортаң жерлерді тек малазықтық шөптер егуге пайдалану қажет.
Ал сортаң жерлердің жалпылама жыртуға жарамсыз екенін
ұмытпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: