117
топырақтар түзіледі. Олардың түзілуінде климат жəне жер бедері
(рельеф) үлкен рөл атқарады. Осы факторлардың арқасында үгітілуге
ұшыраған бөлшектердің алынатын жəне жиналатын аймақтары
анықталады. Шөгінді жыныстарының құралу кезеңін:
1. Мүжілуге ұшыраған заттардың жиналуы;
2. Мүжілуге ұшыраған заттардың тасымалдану;
3. Осы заттардың жаңа орынға жинала бастауы;
4. Тығыздалып, тасқа айналуы деп 4 кезеңге бөлуге болады.
Тасқа айналу кезінде жыныстардың тығыздығы құрылымы,
минерологиялық құрамы өзгереді.
Шөгінді жыныстар магмалық жыныстардан құрамы жəне
құрылымы жағынан айырықшаланады. Олар борпылдақ, сусымалы
жəне цементтелген күйде болады. Магмалық жыныстарға қарағанда,
жалпы калийдің, натрийдің көп болуы, судың жəне СО
3
2-
ионының
мөлшері жоғары болуы шөгінді жыныстарына тəн мəселелер.
Минералогиялық құрамында да айтарлықтай өзгешелік бар. Жер
қыртысының жоғары бетінен кездесетін магмалық жыныстардың
минералдың көбісі тұрақсыз, бір түрден екінші түрге ауысып кетіп
отырады. Мысалы, оливин – серпентинге, далалық шпат – саздық
минералдарға. Шөгінді жыныстардағы көптеген минералдар мыса-
лы көмір тұзы, гипс, фосфоттар, магмалық жыныстарда кездеспейді.
Шөгінді жыныстардың өзіндік ерекшелігі – химиялық құрамы
жағынан біртектес минералдың көп мөлшерде шоғырлануы: көмір
қышқыл кальций, гипс, фосфориттердегі фосфоттар, ас тұзы, бок-
ситтер жəне басқалар.
Шөшінді жыныстарды сынықтық, химиялық жəне органогендік
деп бөледі
(5-кесте).
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: