226
227
жəне мүмкіндігі бар (бірақ міндетті деңгейден төмен емес) оқытуды
ұйымдастыруын ойластырады.
Дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптері.
Өңделген
тұжырымдама оқу пəндерін оқытуда дифференциалды оқытудың
əдістемелік принциптер жүйесін, оқу жоспарын қалыптастыру
жəне білім беру мазмұнын сұрыптау принципін, қазіргі кезеңде
дифференциалды оқытудың негізгі мəселесін шешуде жалпы амалды
жəне дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.
Сонымен, үшінші яғни дифференциалды оқыту пікірін
дамытудың
қорытынды
кезеңін
мектептік
білім
беруді
бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге
асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады жəне
дифференциацияның сыртқы формасын əрі қарай жетілдіру жəне
дамытумен сипатталады.
Дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптері оның
формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен байланысты.
Оның мəні мынада:
- оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты
сынып немесе топ құру;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты
дайындықты жүзеге асыру.
Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен
дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда дифференциалды
оқыту технологиясы қолданылады.
Жеке қабілеттері ескерілмей, тек жас ерекшелігіне байланысты
жиналған 25-30 оқушы білімді бірдей жəне тең меңгермейді. Кейбір
оқушыларда өз жасына сай ойлауға икемділігі, ширақтылығы
болмайды, жинақтап қорыта білмейді, осыдан кейін оқу
материалдарынан қала бастайды. Бұндай оқушылардың білімге
деген қызығушылығы жоғалады, оқуға деген теріс көзқарасы
пайда болады. Бұл үлгермеушілікке əкеліп соғады. Жақсы оқитын
оқушылармен де жұмыс істеу қиын, себебі, мұғалім сабақты
«орташа» оқитын оқушының қабілетіне негіздейді. Олар біртіндеп
оқу тапсырмаларын орындауда жеңілдіктерге үйренеді жəне
бірінші қиындықтар өз-өзіне сенбеушілік, сасқалақтау туады. Ал,
бұл үлгерімнің төмендеуіне əкеледі. Сондықтан əрбір оқушының
жоғары үлгерімділігіне жетудің міндеті дифференциалды оқытуда
оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі. Оқыту жəне
білім берудегі дифференциация туралы түсінік.
Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты
бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады.
Топты құрылымдық талдау схемасы.
Бірінші топ, жоғары оқу қабілеті бар оқушылар:
а) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, даму жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топ оқушылары оқу міндеттерін өз бетімен шешуге жəне
белгісіз жағдайда қажетті білімді қолдануды талап ететін қиын
материалдармен жұмыс жасайды.
Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар:
а) орташа деңгей, оқуға қабілеті жəне жұмысқа орташа
қабілеттілігі;
ə) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің
жəне тірек схемасының көмегімен орындайды.
Үшінші топ, оқу қабілеттері төмен оқушылар:
а) жоғары деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта
қосымша түсіндірулерді жəне жаттықтыратын жұмыстарды қажет
етеді.
Дифференциалды оқытуда əлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан
соң қосымша дайындалуды қажет етпейді. Дифференциалды
оқыту үдерісінде оқушылардың бір топтан, екінші топқа көшуі
мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен,
сабақта білім алуда қызығушылығының тууына талаптануда, оқу
бағыттылығының жоғарылауы жəне кемшіліктерді толықтыруында
қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: