Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


  Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды



Pdf көрінісі
бет76/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189
7.3   Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 
сабақта пайдалануда  мұғалім – негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі 
де  ұзақ  үдеріс.  Кейде  ол  мұғалімнен  оқытудың  үйреншікті  əдіс-
тəсілдерінен  арылуды  талап  етеді.  Сондықтан  мұғалімге  оқыту 
технологияларын  үйретуді  арнайы  кəсіби  тұрғыдан  ұйымдастыру 
керек.
Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы 
үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ  құрылымы  қандай  болса  да  оқушыға  білім  мен  дағды 
беруді көздейді.
Мұғалім – сабақтағы  басты  тұлға,  өйткені  ол  оқушыларға 
жүйелі  түрде  білім  алу  дағдысын,  іскерлігін  қалыптастырады.  Ол 
үшін  түрлі  оқыту  əдістерін  алмастыра  пайдаланып,  оқушылардың 
танымдық  əрекетіне  мақсат  көздей  басшылық  етеді.  Бұл  жөнінде 
педагог-ғалым  Ахмет  Байтұрсынов: «Мектепке  бірінші  керегі – 
мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама 
жəне  оқулықтар  керек», – деп  дөп  басып  айтқан,  өйткені  оқыту 
ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім 
бағдарламаны,  оқыту  құралдарын,  оқулықтарды,  əдіс-тəсілдерді 
пайдаланып,  оқушыларды  біліммен  қаруландырады.  Олай  болса, 
оқу-тəрбие  ісінің  табысты,  білімнің  берік  болуы – мұғалімнің 
сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім  ең  алдымен,  өз  пəнінің  оқу  жоспарымен,  педагогика 
жəне  психология  пəнінің  бағдарламасымен  танысып,  бір  жылға 
күнтізбелік  жəне  жұмыс  жоспарын  жасайды.  Сонымен  қатар  əр 
сабақтың   тақырыптық    жоспарын,    конспектісін дайындайды. Онда 
ол  тақырыптық  жəне  пəнаралық  байланысты    ғылым  жаңалығын, 
алдыңғы  қатарлы  озат  тəжірибені  ескеріп,  əр  сабақтың  мақсат-
міндеттерін,  оқу  жадығатының,  дербес  жұмыстардың  көлемін, 
оқыту əдістерін, көрнекі жəне техникалық  құралдарын анықтайды.
Мұғалім  оқу  жағдайын    жан-жақты  білу  үшін  негізгі  жəне 
қосымша  оқу  құралдарын,  ғылыми  педагогикалық,  əдістемелік, 
тарихи,  көркем  əдебиеттерді,  арнаулы  басылымдарды  оқып, 
қажеттілерін  сұрыптап  алуы,  сенімді  мысалдарды,  қызықтыратың 
мəліметтерді таңдап алуы керек.
Мұғалім  осылайша  оқу  жағдайын  анықтап  алып,  сабақ 
жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Ал,  педагогикалық  жүйе – дара  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы 
педагогикалық 
ықпалды 
ұйымдастыруға 
қажетті 
өлшем, 
байланысқан  əдістердің,  құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дəл 
қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада 
пайдалану қажет.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  пайдалану 
«пəнге  қызығушылықтарын  арттырудың  тиімді  жолдары»  деп 
аталады. Мақсаты – оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен 
терең  де  берік  қаруландыру,  ал  меңгерген  білімдерін  күнделікті 
өмірде  өз  деңгейіндегі  іскерлікпен  қолдана  білу.  Қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологияны қолдануда: 
«Мұғалім нені білу керек?»
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  көмегімен 
шешілетін мəселені анықтай алуы;
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  қолдану 
арқылы алынатын нəтижелерді; 
 қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнінен алынатын 
нəтижелердің теориялық негізін;
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  мұғалім 
қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.


110
111
Оқушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда 
жұмыс істеуге үйрету əдісін таңдауы.
«Не істей алу керек?»
 Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыра 
алуы
 Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасай алуы.
 Əр сабақты жоспарлай алуы.
 Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  бойынша 
жүргізілетін əртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасай алуы.
 Оқу модулын құрастыра алуы.
 Оқу жобасының мазмұнын анықтай алуы.
 Оқу 
жобалары 
бойынша 
оқушыларға 
арналған 
тапсырмаларды құрастыра алуы.
 «Қандай іс-əрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
 Қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологияларда 
пайдаланылатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді пайдалану.
 Əр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
 Өткізілген 
сабақтарға 
талдау 
жасау, 
жіберілген 
кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын 
оқу əрекетінің əдістерін оқушыларға үйрету.
Жас ұрпаққа білім-тəрбие беретін бала жанының – мұғалімдер 
қандай болуы керек жəне олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді 
ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, əдепті, инабатты, сыпайы, 
парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы лəзім.
Екіншіден,  мұғалімнің  ой-өрісі  кең,  жан-жақты  білімді,  өз 
мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шəкірттеріне анық, 
тұжырымды, дəл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында 
сыйлы  болуы  тиіс.  Əрдайым  оқушылармен  əдептілік  қарым-
қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден,  мұғалім  теорияны  өмірмен  байланыстырып, 
ғылым  мен  тəжірибені  əрдайым  өзі  беретін  күнделікті  сабағына 
кеңінен пайдалануы қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, əдістеме 
жаңалықтарымен  танысып,  өзінің  ой-өрісін  кеңейтіп,  білімін 
толықтырып отыру керек.
Осы  қағидаларды  əрбір  мұғалім  тұрақты  ұстанып  отырса, 
мұғалімнің  күш-қуаты,  көңіл  күйі  əрдайым  жоғары  болады  да 
сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-
сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске 
алсақ, олардың жемісті, əсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан 
үнемі  оқулықтармен,  көрнекті  дидактикалық,  техникалық  құрал-
жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Педагогикалық  техногогияны  қолдану  білімді  сапалы 
түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларға  ірге  болуға  нақты  негіз  болып, 
əрбір  мектепке  өзіндік  тұлғасын  табуға,  əрбір  мұғалімге  өзіндік 
əдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді.
Оқытудың  нəтижелі  болуы  оны  ұймдастыру  əдістеріне  жəне 
бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық əдістемелікке 
байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық 
жылдам  қарқынды  дамуы  адамзат  өмірінде  болып  көрмеген 
шапшаңдықты талап етеді. 
Қазақстанның  бұрынғы  жүйеден  нарықтық  экономикалық 
жүйеге  көшуі,  қоғамдық  құрылыстың  күрт  өзгеруі  білім  беруді 
уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның əлемдік деңгейдегі ме-
жеге сəйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Педагогикалық  теориямен  жеткілікті  түрде  қаруланған 
мұғалімнің  іс-əрекеті  тиімді  болатыны  əркезден-ақ  мəлім.  Ендеше 
оқыту  технологиясын  оқу  үдерісіне  енгізу  білім  сапасын  қажетті 
деңгейде жəне оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды  жəне  педагогикалық  қызметті  «технологияланды-
ру»  талпыныстары XX ғасырдың  басында-ақ  пайда  болған,  бірақ 
педагогикалық  ғылымда  оқыту  технологияларын  жобалау  мен 
енгізудің  ғылыми  қадамдары 1980-90 жылдары  ғана  жасалып, 
олардың пəрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі  күннің  өзінде  де  үлкен  педагогикалық  жəне 
экономикалық  мүмкіндіктерге  ие  бола  тұра,  оқытудың  қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологиялардың  оқу  үдерісіне  ендірілу 
қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны  түсіндірудің  бірнеше  себептері  бар.  Мысалы,  оқу 
орнында  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруге  қажетті 
педагогикалық,  əдістемелік  шарттарының  болмауы,  мұғалімдердің 
технологиялық  əрекетінің  жеткіліксіз  мотивациялануы  мен 


112
113
ынталандырылуы,  мұғалімдер  мен  оқу  орындары  басшыларының 
кəсіби əрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Ең  алдымен  оның  себебін  мұғалімдердің  жаңа  педагогикалық 
технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация 
мен  саналылықтың  жеткілікті  жоғары  деңгейі  сипатталғанмен, 
олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, 
яғни əлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық 
жəне технологияларды оқу үдерісіне ендіру белгілі  бір шарттарды 
қажет етеді. 
Олар:
-  мұғалімнің  оқу  үдерісін  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  негізінде  ұйымдастыруына  құзырлылығының 
жеткілікті деңгейі;
-  оқыту  субъектілерінің  (мұғалім  мен  оқушы)  қазіргі  заманғы 
педагогикалық  технологияларды  қолдануға  дайындығы,  жағымды 
психологиялық-педагогикалық ахуал;
-  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқу-əдістемелік,  дидактикалық 
базаның болуы;
- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен 
қоғам талабына сай түзетілуі жəне ақпараттандырылуы.
Білім сапасы – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің 
шеберлігі  қойылған  педагогикалық  мақсатқа  жəне  бағдарламаға 
сай  қажетті  мазмұнды  таңдап  алуында  жəне  тиімді  əдістер  мен 
құралдарды пайдалана білуінде. 
Мұғалімнің  педагогикалық  қызметін  технологияландыру 
педагогикалық  технологиялардың  белгілері  туралы  біліммен, 
мұғалімнің  шеберлігіне  қарасты  белгілі  шарттардың  сақталуын 
талап етеді.
Олар:
-  мұғалімнің  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларға бет бұруы, ынта қоюы;
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған 
технологияларды таңдауы;
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қоя алу жəне міндеттерді бөлу қабілеті;
- іс-əрекетін ұйымдастыру жəне оған талдау жасау мүмкіндігі;
- өз тəжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық 
түрде көрсету;
-  технологияның  ескіруін  көре  білу,  оны  қайта  құру,  өңдеу 
дағдысының болуы.
Оқыту  технологияларының  қайсысын  болмасын  пайдалану 
жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, 
шығармашылықты,  құнттылықты,  жаңашылдықты  жəне  мол 
дайындықты қажет етеді. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу кезінде 
мұғалімнің  технологиялық  құзырлығының  жоғары  деңгейін 
қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  көмегімен 
шешілетін мəселелерді;
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы 
алынатын нəтижелерді;
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  мəнін,  алынатын 
нəтижелердің теориялық негізін;
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  мұғалім 
қолданатын əдіс-тəсілдерді;
- оқушылардың жұмыс əдісін;
 - оқушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда 
жұмыс істеуге үйрету əдісін, мұғалім істей алуы керек;
-  қандай  да  бір  технология  үшін  оқу  бағдарламасының 
түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
- əр сабақта сауатты жоспарлауды;
- оқу моделін құрастыруды;
-  оқушылардың  өзіндік  жұмыстары  үшін  таратпалы  материал-
дарды дайындауды;
- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау; 
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын 
жекелеген əдістер мен тəсілдерді қолдануды;
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;


114
115
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің 
себептерін анықтауды;
 - қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  қолданылатын 
оқу əрекеттерінің əдістерін оқушыларға үйретуді;
 - педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана 
отырып,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  пайдалану 
тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық  қызметті  осылайша  ұйымдастыру – жаңаша 
оқытуға жеткізетін жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет