Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Материалдық емес активтердің  есепке алуын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет244/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   481
13.1  Материалдық емес активтердің  есепке алуын ұйымдастыру

Нысан  материалдық  емес  актив  анықтамасына  жауап  беру  үшін  ол 

материалдық  емес  активті  тану  өлшемдеріне,  яғни  сəйкестендірімділікке  ре-

сурстарды басқаруға жəне болашақ экономикалық пайданың болуына жауап 

беруі тиіс.    

Материалдық  емес  актив  егер:  оны  ұйымнан  бөлу  мүмкін  болса,  яғни 

мемлекеттік мекеме оны  жеке не онымен шарт бойынша тығыз байланысты ак-

тивпен немесе міндеттемемен бірге сатуға, жалға беруге немесе айырбастауға 

құқылы болса немесе ол заңды құқықтардан туады, олардың берілетіндіктері 

немесе мемлекеттік мекемелерден бөлінетіндіктеріне қарамастан немесе басқа 

құқықтар мен міндеттемелерден туады.

Мысалы, компьютермен басқарылатын станокқа арналған бағдарламалық 

қамтамасыз ету, бұл арнайы бағдарламалық қамтамасыз етусіз жұмыс атқара 

алмайтын  станок  үшін  оның  ажырамас  бөлігі  болып  саналады  жəне  негізгі 

құралдарға арналған тəртіппен есепке алынады.

Осы  жағдай  компьютердің  операциялық  жүйесіне  де  қатысты.  Егер 

бағдарламалық қамтамасыз ету ол тиесілі жабдықтың ажырамас бөлігі болып 

табылмаса, ол материалдық емес актив ретінде есептеледі. 

Бақылау  мынаны  бiлдiредi:  материалдық  емес  активті  пайдаланудан 

болашақта  экономикалық  пайда  жəне  қызмет  əлеуетін  алу  құқығы  (заңдық 

құжаттармен ресімделген құқық – патент, лицензия); 

Материалдық  емес  активті  пайдаланудан  түсетін  пайданы  басқалардың 




279

пайдалануына  шек  қою  мүмкіндігі  (коммерциялық  құпияны  жариялағаны 

үшін заңдық жауапкершілік арту арқылы).

Материалдық  емес  актив  мынадай:  осы  активтің  қолданылуына  қатысты 

болашақ экономикалық табыстар жəне қызметтер əлеуетінің ұйымға келетіні 

ықтималдылығы болса жəне активтің құны сенімді бағаланған болса таныла-

ды.

Материалдық  емес  актив  бастапқыда  нақты  құны  бойынша  өлшенеді,  ол 



құн сенімді өлшенуі жəне мына көрсеткіштерді қамтуы тиіс: 

 

– сауда  жеңілдіктерін  жəне  арзандатуларын  шегеруден  кейін  импорттық 



баждарды жəне сатып алуға өтелмейтін салықтарды қоса алғанда материалдық 

емес активті сатып алу құны (акциздер, салықтар, кедендік баждар); 

 

– активті  мақсаты  бойынша  пайдалану  үшін  жұмыс  істеу  жай-күйіне 



келтіруге жұмсалған кез келген тікелей шығындар. 

Тікелей шығындарға мыналар жатқызылуы мүмкін: 

 

– активті  жұмыс  істеу  жай-күйіне  келтіруге  байланысты  пайда  болатын 



қызметкерлерге сыйақы төлеуге байланысты шығындар; 

 

– активті  жұмыс  істеу  жай-күйіне  келтіруге  байланысты  пайда  болатын 



кəсіби қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар; 

 

– активтің тиісті жұмыс істеуін тексеруге жұмсалған шығындар.



Материалдық емес активтің іс жүзіндегі құнының құрамына енгізілмейтін 

шығындарға мыналар жатқызылуы мүмкін: 

 

– жаңа  өнімдерді  немесе  қызметті  енгізуге  байланысты  шығындар 



(жарнамаға  жəне  оларды  жылжыту  жөніндегі  іс-шараларды  жүргізуге 

жұмсалатын шығындарды қоса алғанда);

 

– əкімшілік жəне басқа да жалпы үстеме шығыстар.



Материалдық емес активтің баланстық құнындағы шығындарды тану ак-

тив  басшылықтың  мақсатына  сəйкес  пайдалану  қалпына  келтірілген  кезде 

тоқтатылады [13.1-сызба].

Материалдық емес активтердің өзіндік құны бойынша есеп моделінің сыз-

басы:

13.1-сызба 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет