Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет292/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   481


Операцияның мазмұны

Дт

Кт

1

Ұзақ мерзімді активтердің 



амортизациясын есептеу

7110 Ұзақ мерзімді 

активтердің 

амортизациясы 

бойынша шығыстар



2391 Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы 



2721 Материалдық 

емес активтердің 

жинақталған 

амортизациясы

Бір уақытта екінші жазу 

күрделі салымдардың 

қаржыландыруын қолдану 

бойынша кірістерді есепке 

алу үшін беріледі 

5011 Күрделі 

салымдарды 

бюджет есебінен 

қаржыландыру



6020 Күрделі 

салымдарды 

қаржыландырудан 

алынатын кірістер

2

Шығындалған 



ұзақ мерзімді 

активтерге  қатысты 

күрделі салымдарды 

қаржыландырудың 

қалдығы есептен 

шығарылады



5010 Күрделі 

салымдарды 

қаржыландыру

6020 Күрделі 

салымдарды 

қаржыландырудан 

алынатын кірістер

Жарамсыздығы келген 

ұзақ мерзімді активтердің 

баланстық құнын есептен 

шығару  


7420 Ұзақ мерзімді 

активтерді қатардан 

шығару жөніндегі 

шығыстар


2320-2380 Негізгі 

құралдар


2510 Инвестициялық 

жылжымайтын мүлік



2710 Материалдық емес 

активтер 



2410 Аяқталмаған 

құрылыс жəне күрделі 

салымдар

Бюджеттік  бағдарламалар  əкімшілерінің  төмен  тұрған  бюджет  үшін 

трансферттер  бойынша  қаржыландыру  алуы 6030 «Трансферттер  бойынша 

кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, бұл ретте 1084«Трансферт-




321

тер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар» қосалқы шоты дебеттеледі.

Субсидиялар бойынша кірістер ретінде жеке жəне заңды тұлғаларға, оның 

ішінде шаруашылық қожалықтарға немесе фермерлік шаруашылықтарға суб-

сидиялар бойынша бюджетттік қаржыландырудың сомасы ескеріледі.

Субсидиялар  бойынша  бюджеттен  жоспарлы  тағайындаулар  алу 1085 

«Субсидиялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы 

тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға 

арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6040  «Суб-

сидиялар  төлемдері  бойынша  қаржыландырудан  түсетін  кірістер»  шотының 

кредиті бойынша көрсетіледі.

Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен түсетін кірістер ретінде ныса-

налы немесе сөзсіз сипаттағы ақшалай түрде түскен қайырымдық жəрдем ету 

түсімдері ескеріледі.

Демеушілік  жəне  қайырымдылық  көмек  қаражатының  түсімі  мынадай 

жазбамен  көрсетіледі:  Шоттар  жоспарының  активтері  тиісті  шотының 1041 

«Демеушілік  жəне  қайырымдылық  көмек  ҚБШ»  қосалқы  шотының  дебеті 

жəне 6050 «Демеушiлік  жəне  қайырымдылық  көмектен  алынатын  кірістер» 

шотының кредиті.

Гранттар  бойынша  кірістер  ретінде  донорлардан  алынған  қайтарусыз 

гранттар (қайтарусыз қаржылық көмектің) сомасы ескеріледі.

Ақша  қаражаты  түрінде  гранттар  бойынша  бюджеттік  инвестициялық 

жобаның арнайы шотына қаражаттың түсуі 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік 

инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті жəне 6060 

«Гранттар  бойынша  кірістер»  шотының  кредиті  бойынша  көрсетіледі  жəне 

кіріс ретінде мойындалады.

Бюджеттік  бағдарламалар  əкімшісі  міндеттемелерді  қабылдаған  кезде 

гранттар бойынша кірісті тану 1087 «Сыртқы қарыздардың жəне байланысты 

гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6060 «Гранттар бо-

йынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Сыртқы  қарыздар  есебінен  күрделі  салымдарға  қаржыландырудың  түсуі 

1087 «Сыртқы  қарыздардың  жəне  байланысты  гранттардың  есебінен  жоба-

лар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» 

қосалқы шотының дебеті жəне 5012 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар 

есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

Ұзақ  мерзімді  активтің  амортизациясын  есептеу  кезінде  бір  мезгілде 

сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан 

түсетін  кірісті  мойындауға  жазба  жүзеге  асырылады: 5012 «Күрделі  салым-

дарды  сыртқы  қарыздар есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті 

жəне 6070 «Сыртқы  қарыздар  есебінен  қаржыландырудан  түскен  кірістер» 

шотының кредиті.




322

Айырбасталмайтын  операциялардан  түсетін  өзге  кірістер  ретінде 

мемлекеттік  мекемелер  бюджетке  қайтарусыз  түсімдерден  алынған  кіріс  со-

масы  ескеріледі  жəне 6080 «Айырбас  емес  операциялардан  алынатын  өзге 

кірістер» шотында танылады.

Сондай-ақ  айырбасталмайтын  операциялардың  тобы  бар,  онда 

мемлекеттік  мекеме  алынған  ресурстардың  нақты  құнын  сəйкестендірусіз 

алынған  ресурстарға  айырбастауға  өтемақы  жүргізе  алады.  Мұндай 

жағдайларда  мемлекеттік  мекеме  айырбасталатын  жəне  айырбасталмай-

тын  операциялардың  үйлесімін  анықтауы  тиіс,  олардың  əр  құрауышы 

жеке  танылады.  Қаржыландырудың  пайдаланылмаған  сомасын  қайтару 

6090 «Қаржыландыруды  бюджетке  қайтару»  шотының  дебеті  жəне  Шот-

тар  жоспарының 1080 «Республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-

рына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 

1090 «Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекеменің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер 

қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары»  бөлімшесінің  шоты  тиісті 

қосалқы шотының кредиті [16.3-кесте].

16.3-кесте 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет