339
белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар» шотының дебеті
жəне 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
– əлеуметтік салық бойынша: 7040 «Əлеуметтік салыққа арналған
шығыстар» шотының дебеті жəне 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
– көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті əлеуметтік сақтандыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік мекеме қызметкерлерін
мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға міндетті төлемдер бойынша: 7050
«Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар» қосалқы шотының дебеті жəне
3143 «Өзге де міндетті жəне ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
Қорларды есептен шығару бойынша: 7060 «Қорлар бойынша шығыстар»
шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті
қосалқы шотының кредиті, іссапарларға есеп беретін сома бойынша: 7070
«Іссапарларға арналған шығыстар» шотының дебеті жəне 1261 «Есеп беретін
сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
қосалқы шотының кредиті, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бой-
ынша: 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар»
шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті [17.2-кесте].
17.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: