Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАҚЫРЫП ӨНДІРІСКЕ ЖƏНЕ БАСҚА МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет324/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

18-ТАҚЫРЫП

ӨНДІРІСКЕ ЖƏНЕ БАСҚА МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН 

ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ

Жоспар

18.1 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу 

тəртібін ұйымдастыру 

18.2 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындарды есебі

18.3 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындарды құжаттық 

рəсімделу

Осы тақырыпта мынадай ұғымдар қолданылады:

Тікелей шығыс, үстеме шығыс, калькуляция.



18.1 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындарды 

есепке алу тəртібін ұйымдастыру.

Қорларды  өндіруге  жəне  қайта  өңдеуге  жұмсалатын  шығындар  тікелей 

жəне үстеме (жанама) шығыстар болып бөлінеді: 

 

– тікелей  шығыстарға  өнім  бірліктеріне  тікелей  байланысты  шығындар 



жатады: материалдар, өндірістегі жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердің 

еңбекақылары  жəне  басқа  шығыстар,  электр  энергиясы,  есеп  жылының 

өнімі құнына жатқызылған өткен жылдардың шығындары жəне өзге тікелей 

шығындар; 

 

– үстеме  (жанама)  шығындарға  мыналар  жатады:  басқару  аппараты  мен 



қызмет  көрсетуші  персоналдың  жалақысы,  үй-жайларды  жалдау,  жылу, 

ағымдағы жөндеу мен өзге жанама шығыстар.

Өндіріске  жəне  басқа  мақсаттарға  шығындарды  есепке  алу  үшін 8010 

«Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындар» шотының мынадай-

шоттары арналған:

8011 «Материалдар»;

8012 «Еңбекақы»;

8013 «Еңбекақыдан аударымдар»;

8014 «Үстеме шығыстар».

Егер  мемлекеттік  мекеме  өнімнің  бір  түрін  өндірсе,  барлық  шығындар 

тікелей  болып  табылады.  Калькуляцияның  бірнеше  нысандары  болғанда 

үстеме  шығыстар  алдын  ала 8014 «Үстеме  шығыстар»  қосалқы  шотында 

ескеріледі.



353

Өндірістік  (оқу)  шеберханаларында  жəне  баспа  өнімдерін  дайындағанда 

үстеме шығыстарды бөлу ай сайын жүргізіледі, ал қосалқы ауылдық жəне оқу-

тəжірибелік  шаруашылықтарда  жыл  соңында  жүргізіледі.  Нақты  шарттарға 

қарай үстеме шығыстар жеке бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері 

немесе өндірістегі жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердің жəне өндірісте 

жұмыс  істейтін  басқа  қызметкерлердің  еңбекақыларына  тең  өндірістің  сала-

лары немесе жұмсалған материалдар бойынша немесе тікелей шығындардың 

жиынтығы бойынша бөлінеді [18.1-сызба].

18.1-сызба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет