Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАҚЫРЫП БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ЖƏНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ



Pdf көрінісі
бет4/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

1-ТАҚЫРЫП

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ЖƏНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ 

ЖАСАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ САПАЛЫҚ 

СИПАТТАМАЛАРЫ

Жоспар:

1.1 Қызметтің есептелуі мен үздіксіздігі қағидаттары

1.2 Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары – түсініктілік, 

орындылық, сенімділік пен салыстырмалық

1.3 Қаржылық есептіліктің элементтері 

Осы тақырыпта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

Есептеу əдісі, активтер, сервистік əлеует, қаржылық есептіліктер,  қаржылық 

есептіліктердің  элементтері қаржылық жағдай.

1.1 Қызметтің есептелуі мен үздіксіздігі қағидаттары

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  негiзделген  Қазақстан 

Республикасының  бухгалтерлiк  есеп  пен  қаржылық  есептiлiк  туралы 

заңнамасына  жəне  бюджеттік  Кодекске  сəйкес  есептеу  мен  үздiксiздiк 

бухгалтерлiк  есептi  жүргiзудiң  жəне  қаржылық  есептiлiктi  жасаудың  негізгі 

қағидаттары  болып табылады.

Есептеу  қағидаты  төлем  уақытына  қарамай,  оларды  жасау  фактісі  бо-  

йынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі. Олар есепке 

алу жазбаларында көрсетіледі жəне қаржылық есептілікке олар жатқызылған 

кезеңде  енгізіледі.  Шет  елдерінің  озық  тəжірибесін  есепке  ала  отырып, 

қаржылық есептілікті оның сапалы құрастырылуымен, бағалануын қарастыру 

қазіргі бəсекелестік заманда ең маңызды мəселелердің бірі болып табылады. 

Бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  ақпараттарды  зерттеп  экономикалық  өмірде 

қолдану бір жағынан өте қиын, екіншіден өте пайдалы. Мұның қиындығы сол, 

бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  ақпараттар  өзіне  тəн  айрықша  тілмен  баянда-

лады.  Ал  бухгалтерлік  есептің  пайдалылығы  сол,  мұнда  ұйымның  көптеген 

аспектілері  сандық  жəне  сапалық  жағынан  өлшеніп,  арнайы  жолдармен 

тіркеліп, жинақталып, пайдалы экономикалық шешімдер қабылданады.

Нарық экономикасы дəуірінде ешнəрсе ешкімге жайдан-жай беріле салмай-

ды. Əр нəрсенің қаржылық көзі болады. Сондықтан əрбір бухгалтер жекелеген 

экономикалық фактілердің барлығын да зерттеп, зерделеуі керек. Бухгалтерлік 



7

есепке  алынатын  фактілердің  барлығы  бағаланады,  мұның  экономикалық 

маңызы  ашылады,  əрбір  факті  арнайы  құжаттарға  түсіріледі,  шашыранды 

фактілер  есептеу  принципі  негізінде  жинақталып,  топтастырылып,  арнайы 

басқарушылық шешімдер қабылданады.

Жекелеген  шаруашылық  фактілерінің  негізінде  ұйымдардың  экономика-

лық  жағдайлары  өзгеріске  түседі.  Субъект  активті  болашақ  экономикалық 

пайданың ағыны ықтимал болғанда, ал актив сенімді өлшенетін құнда немесе 

бағада болғанда баланста таниды. Актив ағымдағы есепті кезеңнен тысқары 

экономикалық  пайда  ағынының  ықтималдығын  болдырмайтын  шығындар 

келтірілген  кезде  жылдың  балансында  танылмайды.  Мұның  орнына  мұндай 

операция шығысты пайда мен залал туралы есепте тануға əкеледі. 

Субъект қазіргі бар міндеттемені өтеу нəтижесінде экономикалық пайда бар 

ресурстар ағыны туындаса жəне осы өтеудің шамасы сенімді түрде өлшенетін 

болса, міндеттемені жылдың балансында таниды. 

Кірісті  тану  активтер  мен  міндеттемелерді  тануға  тікелей  байланысты. 

Субъект кірісті активтің ұлғаюына немесе міндеттеменің азаюына байланысты 

болашақтағы экономикалық пайданың ұлғаюы орын алған кезде пайда жəне 

залал туралы есепте таниды жəне мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі 

мүмкін.


Шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланыс-

ты. Субъект шығыстарды активтің азаюына немесе міндеттеменің ұлғаюына 

байланысты  болашақтағы  экономикалық  пайданың  азаюы  орын  алған  кез-

де  пайда  жəне  залал  туралы  есепте  таниды  жəне  мұндай  өзгерістің  шамасы 

сенімді өлшенуі мүмкін.

Ұйымда  күнделікті  жұмыс  істеліп,  қызмет  атқарылып  отыратындығы 

белгілі.  Осы  орындалатын  жұмыстар  мен  атқарылатын  қызметтердің,  яғни 

операциялардың  орындалуы  ұйымның  бухгалтерлік  балансының  баптары-

на  тікелей  əсер  етеді.  Нақтырақ  айтатын  болсақ,  ұйымдағы  əрбір  орындала-

тын операцияға сəйкес баланс өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік 

баланстың  актив  жəне  пассив  баптарының  теңдігі  əрдайым  сақталады.  Со-

нымен  қатар  ұйымда  əрбір  орындалған  операциядан  кейін  жаңадан  баланс 

жасалмайтындығы  белгілі  жəне  ол  мүмкін  емес.  Себебі,  ұйымда  бір  күннің 

өзінде  бірнеше  жүздеген  операциялардың  орындалуы  мүмкін.  Тіпті  əрбір 

операция түгіл, күн сайын кəсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру 

үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті не-

месе əрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз жəне қажет те 

емес. Міне осы себептен ұйымның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, 

яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) есептеу 

принципі негізінде жасалып отырады.

Қызметтің  үздіксіздігі  қағидаты  мемлекеттік  мекеме  болашақта  жұмыс 

істеуге  ниетті  екендігін,  қызметті  жою  қажеттілігі  немесе  қызмет  ауқымын 

анағұрлым  қысқартуға  болмайтынын    білдіреді.  Егер  мұндай  ниет  немесе 



8

қажеттілік  болса,  онда  қаржылық  есептілік  арнайы  ереже  бойынша  жасала-

ды. Субъектіде қызмет аясын тарату немесе елеулі қысқарту ниеті де, бұған 

қажеттілік  те  жоқ  деп  ұйғарылады  (ең  болмағанда,  есепті  кезеңнен  кейінгі 

он  екі  айдың  ішінде).  Субъект  басшылық  ұйымда  өзінің  қызметін  үздіксіз 

жалғастыруға  қабілетті  болып  саналады.  Бухгалтерлiк  есеп  пен  қаржылық 

есептiлiктiң мақсаты – ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нəтижелерi 

жəне қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық жəне дұрыс ақпарат-

пен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Қаржылық  есептіліктер  субъектінің 

қаржылық  жағдайын,  қызметінің  қаржылық  нəтижелері  ақша  құралдарының 

қозғалысы мен капиталдағы өзгерiстерді объективті білдіруге тиіс.

Нарықтық  қатынастар  жағдайында  бухгалтерлік  есеп  ақпараттары 

мен  мəліметтерін  пайдаланушылардың  мақсаты  бəсекелестік  тұрғыда  

болатындығынан  ақпараттарды  пайдаланушылар  мен  өзара  ақпарат  алмас-

тырушылар  арасында  қарама-қайшылықтар  да  болуы  мүмкін.  Сондықтан 

ақпараттар  жүйесі  түсінікті,  əрі  қарапайым  жолдармен  аса  бір  сапа-

лы  жəне  жоғарғы  деңгейде  орындалуы  керек.  Ақпараттардың  мағынасы 

мен  көрсеткіштері  логикалық  санаға  сиятындай  болуы  жөн.  Осылайша 

қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті тұтынушыларға хабарланған кезде капи-

тал рыногының жəне қаржы салымшыларының экономикалық мүмкіндіктерін 

біліп отыруға болады. Бухгалтерлік есепке тəн əдістерді, арнайы қолданбалы 

элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті экономикалық 

өмірге  пайдалану  үшін,  біздер  қарапайым,  түсінікті  тілмен  сөйлесе  білуіміз 

керек.  Бухгалтерлік  есеп  жүйесінде  көптеген  күрделі  жəне  осы  пəнге  тəн 

арнайы  терминдер  көптеп  қолданылады.  Нарықтық  экономика  заманында 

бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды. Сондықтан, бухгалтерлердің 

сөйлем  құрап  сөйлеуі,  терминдер  мен  ұғымдарды,  синонимдерді  өз  орны-

мен  мəдениетті  түрде  қолданып,  пайдалануы  түсінікті  болуы  керек.  Мұның 

барлығының түпкі мақсаты – бухгалтерлік есеп өрісіндегі күрделі фактілерді 

бағалау  мен  өлшеу,  сондай-ақ  шаруашылық  жүргізудің  ұтымды  жолдарын 

таңдап алу үшін арнайы қолданбалы тіл мен терминдерді білу. Яғни, ең бірінші 

кезектегі сенімді ақпараттар алу, есепке түсетін объектінің аты-жөнін анықтау, 

өлшеуге  түсетін,  байқап  қарауға  жататын  шаруашылық  фактілерін  анықтап 

білу – бухгалтерлік есептің маңызды талаптарына  жатады. Уақыт пен кезеңдер 

өзгерген  сайын  шаруашылық  фактілері  немесе  ұйымдардың  шаруашылық 

жүргізудегі  тəртібі,  өнімдер  өндіру,  айырбас  саудаға  түсу,  материалдар 

мен  тауарлар  пайдалану,  аралық  қатынастарға  түсуші  жақтармен  сенімді 

жұмыстар атқару жиі-жиі өзгеріп отырады. Сондықтан да əрбір шаруашылық 

фактілерін, есеп ақпараттарын тұрақты түрде тексеріп, ұдайы экономикалық 

көрсеткіштермен салыстырып отыру талабы үздiксiздiк принципінен туындай-

ды. Шаруашылық əрекеттерге түсуші барлық құрылымдар бір-біріне тауарлар 

қояды,  қызметтер  көрсетеді,  шот-фактуралар  толтырып,  өз  шоттарын  төлеп 

отырады,  сатып  алушылардан  ақша  алып,  бухгалтерлік  есепке  тəн  құжаттар 



9

жасайды. Шаруашылық əрекеттерге қатысушылардың мақсаты – бухгалтерлік 

есеп  ақпараттардың  тұнықтылығы.  Сондықтан  бухгалтерлік  есеп  жүйесіне 

тіркелетін барлық шаруашылық фактілері  екі жаққа да ұтымды, ешбір қатесіз 

жəне толығымен орындалуы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет