10. Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық қаржылық
есептіліктер көлемінің 2-нысанын анықтаңыз.
А) қаржылық қызмет нəтижесі туралы есеп;
В) бухгалтерлік баланс;
С) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көздері бойынша ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
Д) түсіндірме жазба;
Е) аванстық есеп.
Студенттердің іскерлік дағдыларын қалыптастыруға
арналған тапсырмалар
1-есеп
Қазақстан Республикасының бюджеттiк бағдарламаларының əкімшісі
(ары қарай ББƏ), 15.05.2002 ж. №528 Ереже негiзiнде жұмыс iстейтiн, ар-
найы атқарушы, бақылау, қадағалау функциялары жəне азаматтардың
денсаулықтарын қорғау салаларындағы салааралық үйлестiрудi орындайтын
орталық атқарушы орган болып табылады,
Бюджеттiк ақшалар республикалық бюджеттен келесі функционалдық топ-
тар үшін бөлінеді: «Бiлiм беру», «Денсаулық сақтау», «Мəдениет, спорт, ту-
ризм жəне ақпараттық кеңiстiк».
Əкімгердің құрамында «№5-шi ММ емхана» мекеме жұмыс iстейдi.
01.01.2013 жылға ББƏ-нің бухгалтерлiк шоттарында есептелдi:
Достарыңызбен бөлісу: |