Қаржылық есеп беру – бұл кəсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі.
Ақшалай (монетарлы) баптар – иелікте бар ақшалай қаражат, алуға не-
месе тіркелген немесе анықталған сомада төлеуге жататын активтер мен
міндеттемелер;
Ақшалай балама – ақша қаражатының белгілі бір сомасына оңай айырбас-
талатын жəне құндылықтың өзгеруінің елеусіз тəуекеліне ұшырайтын қысқа
мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар;
Ақшалай емес (монетарлы емес) баптар – ақшалай болып табылмайтын
баптар;
Ақша қаражатының ағыны – ақша мен олардың баламаларының
ағындары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлемдер);
Негізгі қаражат – мынадай: басқа тараптарға жалға беру үшін немесе жеке
қажеттіліктер, өндірісте қолдану немесе тауарларды не қызметтерді жеткізу
үшін ұсталатын; бір жылдан астам уақыт ішінде қолданылады деп күтілетін
материалдық объектілер.
Достарыңызбен бөлісу: |