315
– Өндірістік, яғни зейнеткерлік кезеңіне дайындық фир-
малар мен кəсіпорындарда жүзеге асырылады. Құрудың осы
қағидасы іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді жəне
топ мүшелерінің бір-бірімен танысуымен байланысты оқытудың
бірінші сатысын жеңілдетеді. Дегенмен, оның əлсіз тұстары да
бар, яғни егде адамдарға қарым-қатынас ортасын кеңейтуге, жаңа
əлеуметтік байланыстар орнатуына мүмкіндік болмайды.
– Аймақтық қағида (тұрғылықты мекен-жайын ескеретін).
Бұл қағиданың негізгі жетістігі – бір-біріне жақын жерде
тұратын адамдар арасында ұдайы байланысты қолдау мүмкіндігі.
Дайындық топтарын қалыптастыру осы қағидалардың кез
келгені бойынша жүргізілуі мүмкін. Топтардың ерекшеліктеріне
байланысты, жұмыс бағдарламасының мазмұны да əртүрлі
болады. Бұлар – коммуникативтік тренингтері, креативтілік,
сенситивтілік, өз-өзіне сенімділік тренингтері. Жұмыстың
мұндай формалары бейімделу үдерісіне жағымды əсер ететін,
болашақ зейнеткерлердің ұжымда бірігуінің алғышарттарын жа-
сайды.
Достарыңызбен бөлісу: