356
кешіруге, стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен
өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің
психологиялық, психикалық жəне физикалық денсаулығын
сақтауға көмектесу.
Ассоциация – өзіндік ортақ іс-əрекеттің мақсаты, құрылымы
бар, бірақ біртұтас əлеуметтік психологиялық бүтін бола алмай-
ды.
Корпорация – ортақ мақсат жəне оны жүзеге асырудағы
іс-əрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға
тəн серіктестік, топ мүшелерінің өзара əрекеттестігі, қарым-
қатынастың белгілі бір дəрежеде топтық тəжірибені құрап, оның
сол іс-əрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.
Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-əрекеттің негізінде
қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ
даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат-
тайды.
Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін,
əрекеттерін, мəнерін қайталау.
Эмпатия – басқа адамның ішкі əлеміне еніп, оның барлық
сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.
Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу
негізінде құрылады. Бұл фактордың жасөспірімнің өзін-өзі
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор.
Ассиметриялы стиль – отбасындағы мəселелерді шешуге
жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасау. Қарым-қатынастың
ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі мен өз-
өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың,
тірі организмнің іс-əрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын
білдіретін ұғым.
Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын
жүзеге асыру барысындағы іс-əрекетінің жігерлілігі. Ол жеке
тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай
əсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байла-
нысты.
Достарыңызбен бөлісу: