Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті-рөлдік ойыны



бет64/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті-рөлдік ойыны


ОЙЫН ІС-ƏРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ойынның компоненттері

Мектепке дейінгі жас шамасы

кіші

жоғары

Желісі

Ересектердің еңбек іс-əрекетін қайталауы

Ересектердің еңбек іс-əрекетін қайталауы жəне адамдардың арасындағы қатынастарды бейнелеуі

11-кестенің жалғасы

Рөлдердің саны

1-2

7-10

Ойыншылардың саны

1-2

1-2 жəне 10-15

Тақырыбы

Тұрмыстық

Тұрмыстық жəне қоғамдық

Ережесі

сезілмейді

Өздері орнатады. Күрделі

Ойын əрекеттері

біртекті (1-3)

Қысқа, кең жайылған, ым- ишарамен, сөзбен (көп)

Ойын жағдаят- тарының енгізілуі

Ересектің басшылығымен

Өздері жəне ересектің басшылығымен

Жаңа ойын жағдаят- тарының пайда болуы

Ересектің көмегімен

Ересектердің көмегімен жəне өз бетінше

Ойындардың біріктірілуі

Мүмкін емес

Мүмкін

Заттарды, ойыншық- тарды қолдануы

Дайын

Тұрмыстық жəне өздерімен жасалған, қиылдан ойлап табылған

Ойынның жалғастырылуы

Қысқа мерзімді

Бірнеше күнге дейін

Алдын ала жоспарлау

Жоқ

Бар

Ойынның аяқталуы

Тұтқиылдан

Алдын ала ойластырылған

12-кесте.
Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың конструктивті іс- əрекетінің ерекшеліктері



кіші

ересек

ойын барысында құрастыру тілегі пайда болады

бірлескен құрылысты жасау ұмтылысы

12-кестенің жалғасы

құрылысты құрастырудың барлық жағдайлары есепке алынбайды

құрылыстың тақырыбы күрделі

жиі нəтижеге қол жеткзбейді. Қайта жасайды.

құрылысты алдын ала ойластыру

қызығушылығы жоғалуы мүмкін

нəтижеге қол жеткізу ұмтылысы




БАЛАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ

2-3 ж.

3-4 ж.

4-5 ж.

5-7 ж.

ересекпен бірлесіп

жақын еңбек

ортақ еңбек




ұжымдық

Балаларды ұйымдастыру түрлері жас ерекшеліктеріне əрі еңбек тапсырмаларының мазмұнына жəне балалардың еңбек іскерліктерінің даму деңгейіне байланысты болады.



ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жұмыс

Еңбек ету

Сəйкес

Əрекеттерді

мотивтерін

тəсілдеріне

дағдылар мен

жоспарлауға

қалыптастыру

үйрету

іскерліктерді

жəне үйлестіруге







қалыптастыру

үйрету



  1. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті- рөлдік ойыны


Сюжетті рөлдік ойын мектепке дейінгі жас шамасындағы іс- əрекеттің жетекші түрі болып табылады.


Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің еңбек немесе əлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында ересектердің өмірін қайталауы.
Балалардың ойына көптеген пікірталастарды тудыруда. Ф.Шиллер, Т. Спенсер, К. Тросс, З. Фрейд, Ж. Пиаже ойынды баланың балалар əлеміне кету құралы ретінде жəне лəззат алудың инстинктивті ұмтылысы ретінде қарастырады. Мəдени-тарихи тұжырымдаманың аясында Д. Б. Эльконин бойынша, ойында
баланың тікелей жүзеге асыра алмайтын (еңбек құралдарының күрделілігінен) ересектер өміріне қатысу ұмтылысы анықталады. Рөлдік ойының сипаты шығу тегі мен мазмұны бойынша əлеуметтік болады. Ойынның негізгі бірлігі (Д. Б. Элькониннің терминологиясы бойынша) баланың ойын барысында иеленетін
рөлі.
Сюжеттік-рөлдік ойында қайта жасалатын ақиқаттың бір бөлігі (соғыс, дүкен, т.б.). Ойынның мазмұны – баланың ересектер іс-əрекетінің негізгі мезеті ретінде бөліп алып жасайтыны.

Адамдардың заттық əрекеттері



Адамдардың арасындағы қарым-қатынас

Адамдардың мінез-құлқы мен қатынастарын реттейтін ережелерді орындау.
  1. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық дамуы


Кішкентай баланың ойлауы ұзақ уақыт бойы жағымсыз қырынан қарастырылды.


Ж. Пиаже – эгоцентризм.
Л. С. Выготскийдің адамның танымдық үдерістерінің жана- маланған сипаты жайлы идеясы кеңінен қарастырылды. Танымдық даму ақыл-ой іс-əрекетінің құралдарын меңгеруі ретінде қарастырылды. А. Н. Леонтьев «Даму параллелограммасы» принціпін құрастырды. Танымдық іс-əрекетті ұйымдастырудың сыртқы құралдары ішке тереңінен еніп ішкіге айналады.
а) Қиял бейнелердің комбинациясын қайта құрастыру қабілеті. ə) Мектепке дейінгі жас шағындағы балалардың ересектермен
қарым-қатынастарының бірқатар ерешеліктері бар:

  1. тым жоғары эмоциялы қанықтық

  2. қатынасу əрекеттерінің байлығы мен əрқилылығы

  3. бастамашыл əрекеттердің жауап ретінде орындалған əрекеттерден басым болуы.
  1. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдастарымен қарым-қатынастары


Баланың құрдасының ықпалдарына аса сезімталдықты білдірмеуі.


Мектепке дейінгі жас шағында баланың құрдастарымен қарым-қатынастарының дамуы бірнеше сатыға бөлінеді. Бірінші сатыда (2-4 ж) бала үшін құрдасы эмоциялық-практикалық өзара əрекеттестіктегі серігі болып табылады.
Екінші сатыда (4-6 ж) баланың құрдасымен жағдаяттық-іскер ынтымақтасу қажеттілігі пайда болады; біріккен ойын іс-əрекеті қарым-қатынасының мазмұнын байытады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым- қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша əр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым- қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі неме- се техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін жəне басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Соны- мен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады. Адам- дармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тəжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-əрекет түрлерін игеруі, жеке адам жəне дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық үдерістері мен мінез-құлқы қалыптасатыны жан- жақты шындық.
Соңғы кездерде жас ерекшелік жəне педагогикалық- психология салаларында қарым-қатынасты зерттеу мəселелері барынша жиі көтеріледі. Ол балалар психикасын дамыту тəжірибесіндегі сұраныс-қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір
«қарым-қатынас» жəне «жеке адам», «қарым-қатынас» жəне
«даму» ұғымдары параллель қарастырылады да, балалардың психикалық үдерістерінің, функцияларының, қасиеттерінің коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан-жақты талда- нады. Бұл жағдайдың өзі қарым-қатынас бойынша теориялық жəне эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана қоймай, психология пəнінің принципиалды жаңаруына жағдай жасады. Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивид- термен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму мəселесі «тері астындағы адам» (А. Н. Леонтьев) сипаттамасы- на «асып шығады» да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, əрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады.
М. В. Елагина, А. И. Сорокина, В. В. Ветрова, Н. Н. По- дьяков, М. И. Лисина, Е. Е. Кравцова, Х. Т. Шерьязданова, т.б. зерттеушілер мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың қарым- қатынасының төрт қалпы бірінен кейін бірі орнын басып отыратындығын анықтаған.

  1. туғаннан алты айға дейінгі кезеңде балалардың қарым- қатынасы жағдайлық-жеке бастық,

  2. алты айдан екі жарым жасқа дейін – жағдайлық-іскерлік,

  3. екі жарым жастан бес жасқа дейін – жағдайдан тыс, танымдық,

  4. бес жастан жеті жасқа дейін – жағдайдан тыс, жеке бастық қарым-қатынас тағайындалған. Бұл формалар балалардың ере- сектермен қарым-қатынасын сипаттайды. Ал, балалардың басқа балалармен бірлескен коммуникативтік іс-əрекетінде эмоциялық- тəжірибелік, жағдайлық-іскерлік жəне жағдайдан тыс іскерлік қарым-қатынас формалары болатындығы ғылымда белгілі болып отыр.

Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нəтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс- əрекеттің даму деңгейін анықтайды. А. В. Запорожец, М. И. Ли- сина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған.
Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И. И. Чеснокова, Т.В.Драгунова, Д. Б. Эльконин, И. Непомнящая, жəне т.б.). Мек- теп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В. С. Мухина
еңбектерінде сипатталады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасай- тынын негіздейді, əрі ол үш жағдайда баса көрсетіледі:

  1. Баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерек- ше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;

  2. “бала-бала” жүйесінде ғана кейбір іс-əрекет түрлерін мең- геруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады;

  3. Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет