Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет91/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Өзін-өзі төмен бағалаудың қалыптасу шарттары. Ата-ана- лар баласын уысынан шығармай, артық мінез-қимыл жасат- пай тəрбиелейді. Ата-ана балаға мынадай талап қояды: тіл алу, басқалардың көңілінен шығу, күнделікті өмірде үлкендерге тəуелді болу; таза жүру, құрдастарымен даусыз қарым-қатынаста болу. Ба- лада өзін-өзі төмен бағалау сезімі осы факторлармен тығыз байла- нысты. Біреудің көлеңкесінде жүріп, жетістікке жеткен баланың өзіне-өзі баға беруі төмен болады. Ал өз күшімен жетістікке жетіп
жатса, əңгіме басқаша болар еді. Өз-өзін төмен бағалаған баланың діңкесі құрып, басқаларға сенбей, өзін-өзі біртұтас тұлғамын деп те айта алмайды.
Өзін-өзі орташа бағалаудың қалыптасу шарттары. Өзін- өзі орташа бағалайтын балалардың ата-аналары көп жағдайда бала үшін қамқорлығын аямайды. Балаларына аз талап қояды, қылықтарына шыдамдылықпен қарайды, балаларын сол күйінде бағалайды. Бір жағынан, балалардың əртүрлі өзіндік іс-əрекеттері ата-аналардың үрейін туғызады. Үйден тыс жағдайда жеке тəжірибе жинақтау мүмкіндіктері шектеулі.
Өзін-өзі жоғары бағалайтын балаларға қарағанда, бұл топтағы балалар өзгенің пікіріне сүйенеді.
Өзін-өзі жоғары бағалаудың қалыптасу шарттары. Бұл топтағы отбасылардың ерекшеліктері мынада: əрқайсысының тұрақталған міндеттері бар, жауапкершілік те жоғары деңгейге қойылған. Ата-ананың біреуі отбасындағы маңызды мəселелерді шешуді өз мойнына алады, ал бұл шешіммен бүкіл отбасы келіседі. Тұрмыстық жағдайға байланысты мəселелерді жанұя бо- лып шешеді. Мұндай өзара сенім арту атмосферасы қалыптасқан жанұяның əр мүшесі бір үлкен үй шеңберіне кірген сияқты болып сезінеді.
Сонымен, жанұясында ауызбірлік, тепе-теңдік орнаған баланың өз-өзіне баға беруі жоғары болады. Балаға жақсы əсер беретіні, ол – анасының өзіне жəне күйеуіне деген қарым- қатынасы. Ана мен əкесінің жақсы қарым-қатынасын көріп жүрген бала «Менің ата-анам үнемі табысқа қол жеткізіп жатады» деген жақсы ойға, пікірге кенеледі. Бала ата-анасының жетістіктерін көріп, ол да үлгілі болуға тырысады, алдындағы күнделікті мəселелерді шешіп, орындап жатады, өзінің күшіне сене бастай- ды. Ондай бала стреске аз ұшырайды, көп үрейленбейді, қоршаған əлемді де, өз-өзін де бар мейірімділігімен қабылдайды.
Сонымен, өзін-өзі бағалай отырып, жасөспірім өзінің жағымды жəне жағымсыз жақтарын ажырата алады. Мысалы, өзіне-өзі сын көзбен қараған жасөспірімдер бойындағы жағымсыз қылықтарды жеңе біледі. Бұл жасөспірімдер өзіне-өзі сыншыл, өзіне деген сенімділік жəне турашыл болады. Олар оқуда да алғыр, мінездері бірқалыпты, өмірге үлкен көзқараспен қарайды. Ал өз-өзін жоғары бағалаған жасөспірімдер өзімшіл, өркөкірек болып өседі.
Олар басқаларға сын көзбен қарағанды жақсы көреді. Мінездері қызғаншақ, дөрекі болып келеді. Айналасындағылармен еркін араласа алмайды. Соның кесірінен тығырықтан шығу жолын таба алмайды. Осыдан кейін ол өзін жайсыз сезінеді. Сабақ үлгерімі де нашар болады. 8 жастан бастап балалар өзіне-өзі баға бере бас- тайды. Олардың мектептегі үлгерімдері сырт пішіндерінен жəне физикалық мүмкіндіктерінен байқалады.
Өзін-өзі бағалау динамикасы. Жасөспірімдердің өзін бағалай білуі өздерінің мінездерінің қалыптасуына алып келеді. Кіші оқушыларға қарағанда жеткіншектер өздеріне үлкен сын көзбен қарайтындары жақсы көрінеді. Олар өздерін басқалармен салыс- тыру арқылы өздерін бағалай бастайды. Олардың өзіне баға беру кезінде өзге еліктеушіліктер болады. Басқа құрбыларымен са- лыстыра отырып, олар оның мінез-құлқына, киім киюіне, жүріс- тұрысына үлкен көңіл бөледі. Жасөспірімдер басқалардың өздері туралы не ойлайтынын білуге құштар болады. Олар өзгелер тура- лы ойларында жақсы жағы көп пе, əлде, нашар жағы көп пе сол қызықтырады.
«Мен – тұжырымдамасының» дамуына төмендегі жағдай- лар маңызды əсер етеді:

  1. Еркіндік беру немесе тыйым салу. Кейбір ата-аналар баланың іс-əрекетіне қатаң бақылау стратегиясын ұстанады; ал кейбіреулері балаларына шектеусіз еркіндік береді. Үшіншілері, осы екеуінің дəл алтын ортасын табады.

  2. Қарым-қатынастарындағы жылулық немесе суықтық. Барлық ата-аналар өз балаларын жақсы көреді. Бірақ барлығы бірдей емес. Бір ата-ана өз сезімін жасырмай, ашық түрде сездіріп, білдіріп жатса, біреулерге салқындық пен жауыздық тəн. (Балала- рына деген сезімді жоюға қабілетті).

  3. Қызығушылық немесе парықсыздық. Көптеген ата- аналардың өз баласына қызығушылығы шексіз болып келеді. Ол дұрыс емес, өйткені ол «Мен – тұжырымдамасының» дамуына кері əсер етеді екен. Балаларға парықсыз қарамау керек. Бала керексіз зат сияқты қалып қалмау керек.

  4. Жанұяда пайда болу реттілігі. Бұл жағдай, өзіне-өзі баға беруге аса əсер етпейді. Ата-аналардың, балалардың арасындағы қарым-қатынаста жоғары деңгейлі өктемдік «Мен – тұжырымдамасының» дамуына кедергі болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет