Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


-тақырып. Баға статистикасы        415 Өзін-өзі тексеруге арналған



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63

19-тақырып. Баға статистикасы        415

Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1.  ҰШЖ-гі бағалардың негізгі элементтерінің құрамын атап өтіңіз. 

2.  Тұтыну  бағалар  бөлшек  сауда  бағаларынан  айырмашылығы 

неде? 


3.  Бөлшек  сауда  бағаларының  индекстері  өңірлік  деңгейде  қалай 

есептеледі? 

4.  Бөлшек  сауда  бағаларының  индексін  республикалық  деңгейде 

анықтаудың əдістемесін баяндаңыз. 

5.  Қазақстан  Республикасында  тұтыну  бағалары  мен  олардың  ин-

декстерін есептеуге арналған іріктеу жүйесін атаңыз. 



Ұсынылатын əдебиет

1.  Гусаров В.М. Статистика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

2.  Методологические положения по статистике. – Алматы: Агентство РК 

по статистике, 2005.

3.  Система национальных счетов – инструмент макроэкономического анали-

за: Учебное пособие / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М: Финстатинформ, 1996.

4.  Социально-экономическая статистика: Учебное пособие / А.М. Елемесо-

ва, К.К. Бельгибаева, Е.М. Кииков, Г.М. Молдакулова. – Алматы: Эконо-

мика, 1999.

5.  Шокаманов  Ю.К.  Статистика  внешнеэкономической  деятельности. 

– Алматы, 2003.

6.  Цены в реальном секторе экономики Казахстана. – Алматы: Агентство 

РК по статистике, 2004.

19.4.

Практикум

19.4.1 Ізденуге арналған сұрақтар 

1.  Баға статистикасының міндеттері қандай? 

2.  Шығарылым негізгі бағада қалай бағаланады? 

3. «СИФ» жəне «ФОБ» бағаларының арасындағы айырмашылық неде? 

4.  Экспорт пен импорт қай баға бойынша жəне қалай қайта есептеледі? 

5.  Аралық тұтыну қай баға бойынша жəне қалай қайта есептеледі? 

6.  Халыққа тегін берілетін өнім жəне меншікті тұтынуға арналған өнім қалай 

бағаланады? 

7.  Өнімді ағымдағы нарықтық бағадан тұрақты бағаға қайта бағалаудың рөлі 

қандай? 


416       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

8.  Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға қандай əдістермен қалай қайта 

бағаланады? 

9.  Бөлшек сауда жəне тұтыну бағаның өзгерістерін ішінара бақылауда тау-

арлар мен қызметтер қалай іріктеледі? 

10.  Бағалардың  деңгейі  мен  оның  факторларының  арасындағы  тəуелділікті 

бағалауда қандай əдіс пайдаланылады? 

19.4.2. Типтік есептерді шешу мысалдары 

1 - м ы с а л .  Төменде келтірілген 3-есептің деректері бойынша сүттің (жаңа 

сауылған) бағасы мен халықтың 2000-2001 жылдардағы орташа жылдық ақшалай 

табысының өзгерістері арасындағы сезімталдықтың динамикалық коэффициентін 

есептеңіз. 



Ш е ш у і. 

 

718



,

0

76224



76224

92040


47

47

54



x

x

:



p

p

Э



0

0

=



÷



=

Δ

Δ



=

демек 



халықтың 2000-2001 

жылдардағы  орташа  жылдық  ақшалай  табысының  артуы  сүттің  (жаңа  сауылған) 

бағасының 0,718%-ға өсуіне ықпал етті. 

19.5.

Өзіндік жұмысқа арналған 

тапсырмалар

19.5.1. Есептер

1 - е с е п .  Мынаны есептеңіз: 

1.  Өнімнің негізгі бағадағы шығарылымын: 

а)  тауар өндіретін кəсіпорындар бойынша; 

ə)  нарықтық қаржылық емес қызметтер көрсететін кəсіпорындар бойынша; 

б)  экономика бойынша.

2.  Өндірушінің бағасындағы шығарылым: 

а)  тауар өндіретін кəсіпорындар бойынша; 

ə)  нарықтық қаржылық емес қызметтер көрсететін кəсіпорындар бойынша; 

б)  экономика бойынша.

Төмендегі (шартты) млрд теңгедегі белгілі деректерді пайдалана отырып та-

уарлар мен қызметтер шығарылымының негізгі баға мен өндірушінің бағасының 

көрсеткіштері арасындағы сандық өзара байланысты анықтаңыз: 

А.  Тауар өндіретін кəсіпорындар: 

–  оларды сатудан алған түсім – 

3066

оның ішінде ҚҚС – 



613

–  төленген экспорт бажы  

– 8

кейбір өнім түрлерінің бағаларының өзіндік құннан төмен 



түсуіне байланысты осы кəсіпорындарға мемлекеттік 

бюджеттен залал өтелді – 

2

–  аяқталмаған өндіріс қалдықтары: 



жылдың басында  

– 85


жылдың соңында  

– 97


19-тақырып. Баға статистикасы        417

–  даяр сатылмаған өнімнің қорлары: 

жылдың басында – 

885


жылдың соңында – 

981


Ə. Нарықтық қаржылық емес қызметтер көрсететін кəсіпорындар оларды са-

тудан алған түсім – 

2378

оның ішінде ҚҚС 



 – 396

Жауабы: 1а) 2555; 1ə) 1982; 1б) 4537; 2а) 2561; 2ə) 1982; 2б) 4543.

2 - е с е п .  ҚР ЖІӨ динамикасы жөнінде мынадай деректер белгілі: 

Көрсеткіш

2000 ж.

2001 ж.


2002 ж.

2003 ж.


2004 ж.

1. Ағымдағы бағадағы ЖІӨ, 

млн теңге

2. ЖІӨ-нің физикалық көлемінің 

индексі (өткен жылға %-да) 

2600,0


109,8

3250,6


113,5

3776,3


109,8

4612,0


109,3

5542,5


109,4

 

Мынаны есептеңіз: 



1.  ЖІӨ-нің ағымдағы бағадағы тізбекті индекстерін (өткен жылға %-да).

1.  ЖІӨ-нің  ағымдағы  бағадағы  базистік  индексін (1999 жылмен  салыстыр-

ғанда 2004 жылы %-да).

2.  ЖІӨ базистік жəне тізбекті индекстерінің өзара байланысын тексеріңіз. 

3.  ЖІӨ дефляторын (өткен жылға %-да).

Жауабы: 1)1,250; 1,162; 1,221; 1,202; 2) 2,132; 

4) 1,389; 1,161; 1,057; 1,132.

3 - е с е п .  Қазақстан Республикасы халқының орташа жылдық ақшалай табы-

сы  мен  жекелеген  азық-түлік  жəне  азық-түлік  емес  тауарларының  бөлшек  сауда 

бағаларының динамикасы жөнінде мынадай деректер берілген. 

Көрсеткіш

2000 ж.

2001 ж.


2002 ж.

2003 ж.


2004 ж.

1.  Халықтың  жан  басына  шақ-

қандағы табыс, теңге 

2. Орташа бөлшек сауда бағалар, 

теңге 

а) сауылған сүт (литр)



ə) жұмыртқа (он дана)

б) сиыр еті

в) қой еті 

г) картоп

ғ) алма

д) өсімдік майы



76224

47

100



239

256


26

76

119



92040

54

100



277

310


25

92

153



107496

51

101



303

348


31

104


163

126396


56

118


316

381


35

110


162

153804


54

143


351

424


31

111


164

Мынаны есептеңіз: 

1.  Халықтың жан басына шағылған орташа жылдық ақшалай табысының ин-

дексін. 


2.  Азық-түлік  жəне  азық-түлік  емес  тауарлардың  орташа  бөлшек  сауда 

бағаларының индексін. 

27 – 3/10-09


418       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

3.  Баға  деңгейлері  мен  халықтың  орташа  жылдық  ақшалай  табысының 

арасындағы  тəуелділіктің  сезімталдығының  динамикалық  коэффициентін.  Əрбір 

тауар осы көрсеткіштерді есептеңіз. Экономикалық қорытынды жасаңыз. 



19.5.2.Тест тапсырмалары

1.  Тауардың (қызметтің) өңір бойынша орташа салыстырмалы бағасы 

қай формула бойынша анықталады? 

1)  геометриялық орташа шаманың тізбекті есеп жүйесі бойынша; 

2)  геометриялық орташа шаманың базистік есеп жүйесі бойынша; 

3)  арифметикалық жай орташа шама; 

4)  гармоникалық орташа шама; 

5)  құрылымдық орташа шама. 



2.  Тауар (қызмет) бағасының – республика бойынша өкіл индексін есеп-

тейтін формуланы таңдаңыз: 

1) 


0

1

p



p

;

2) 



 



j

pj

d

i

;

3) 



j

j

p

p

1

0



:

;

4) 



1

0

p



p

;

5) 



j

p

p

p

p

j

j

+

⋅⋅



+

+



=

2

1



.

3.   Барлық тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының жиынтық 

республикалық индексі қай формула бойынша есептеледі? 

1)  Пааш;

2)  Лаплас;

3)  Ласпейрес;

4)  Лоренц;

5)  Фишер.



4.  Тұтыну баға индексі ненің негізінде есептеледі? 

1)  халықтың шығысты тұтынуының өзгермелі құрылымының; 

2)  халықтың  есепті  кезеңдегі  шығысты  тұтынуының  белгіленген  құры-

лымының; 

3)  халықтың есепті кезеңде табысты тұтынуының тұрақты құрылымының; 

4)  халықтың табысының өзгермелі құрылымының, 

5)  халықтың базистік кезеңдегі шығысының тұрақты құрылымының. 

5.  Тұтыну  бағасының  бөлшек  сауда  бағасынан  ерекшеленеді,  өйткені 

тұтыну баға нені білдіреді? 

1)  халық сатып алған тауар бірлігінің құнын; 

2)  өндірістің бағасын; 

3)  факторлық құнды;



19-тақырып. Баға статистикасы        419

4)  сатып алушының бағасын; 

5)  халыққа сатылған тауар бірлігінің құнын. 

6.  Есепті  кезеңде  екі  нарықтағы  картоптың  орташа  бағасы  бизис-

тік  кезеңмен  салыстырғанда 17%-ға  көтерілді.  Құрылымдық 

өзгерістердің  нəтижесінде  орташа  баға 1%-ға  төмендеді.  Тұрақты 

құрамның бағасының индексін анықтаңыз. 

1) 1,158;

2) 0,769;

3) 1,182;

4) 0,863;

5) 2,18


.

7.  Кеден статистикасы тауарлардың экспортын қай бағада есептейді? 

1) «ФОБ»;

2)  шығарылым;

3)  өндіріс;

4)  қосылған құн;

5) «СИФ».



8.  Факторлық баға неге тең болады?

1)  аралық  тұтынудың,  жалдамалы  қызметкерлерге  төленген  еңбекақы-

ның, жалпы пайданың сомасына; 

2)  негізгі бағаға;

3)  өндірушінің бағасына; 

4)  аралық  тұтынудың,  жалдамалы  қызметкерлерге  төленген  еңбекақы-

ның, жалпы пайданың жəне таза салықтардың сомасына; 

5)  тұтынушының бағасына.



420       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

20.1.

Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік бюджеті 

статистикасының негізгі 

ұғымдары мен көрсеткіштері

Мемлекеттік  бюджет  ұғымы,  оны  статистикалық  зерттеу  мін-

деттері.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджеті    негізгі 

қаржылық жоспар – мемлекеттің ақшалай қаражатының өзінің функцияла-

рын атқаруға қажетті орталықтандырылған қорының табысы мен шығысы 

жөніндегі есебі. Мемлекеттік жедел бюджет əдетте бір жылға жасалады жəне 

оны  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді.  Мемлекеттік  бюджет-

те қаржылық құжат ретінде мемлекеттің, кəсіпорындардың, мекемелердің 

белгіленген кезеңдегі ақшалай табысы мен шығысы жазылады. Мемлекет-

тік  бюджетке  оның  табысы  ретінде  түсетін  ақшалай  қаражаты  Қазақстан 

Республикасының қаржы ресурстарының өте маңызды бөлігін құрайды. 

Мемлекеттік бюджет мына себептерге байланысты қажет: 

▪  біріншіден, экономикалық циклдің үздіксіз айналымын қамтамасыз 

ету үшін өнімнің шығарылымы орталықтандырылған ресурстардың 

болуын қажет етеді; 

▪  екіншіден, мемлекетке нарықтық емес сипаттағы қызметтер көрсету, 

əлеуметтік-мəдени  іс-шараларын  орындау,  қорғанысты  күшейту, 

мемлекеттік  басқару  органдарын,  құқық  қорғау  органдарын  жəне 

т.б. ұстау үшін орталықтандырылған қаражат қажет.

20-òà¿ûðûï

МЕМЛЕКЕТТІК 

БЮДЖЕТ, 

ТАУАР 


ЖӘНЕ АҚША 

АЙНАЛЫСЫНЫҢ 

СТАТИСТИКАСЫ 


20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         421

Бюджеттік  қатынастар  экономиканың  басқа  секторларының  бірлік-

теріне салық салу, зейнетақы, жəрдемақы жəне басқа да əлеуметтік төлем 

беру арқылы табыс пен байлықты қайта бөлуге негізделеді. 

Мемлекеттік  бюджет  республикалық  жəне  өңірлік  бюджеттерден 

құралады. 



Мемлекеттік бюджет статистикасының міндеттері мыналар болып 

табылады: 

1.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысы мен шы-

ғысының,  жаңа  бюджеттік  жіктеу  бойынша  оның  тапшылығының  (про-

фицитінің) көлемін анықтау. 

2.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табыс көздері мен 

шығыс бағыттарының құрылымы жəне оның динамикасын зерттеу. 

3.  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  бюджетінің,  сондай-ақ  рес пуб-

ликалық жəне жергілікті бюджеттің атқарылу барысын бақылау мен талдау. 

4.  Мемлекеттік ішкі борыштың көлемін зертеу. 

5.  Мемлекеттік бюджет табысы мен тауарлар жəне қызметтер өндірісі нə-

тижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштерімен өзара байланысын талдау. 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  бюджетінің  статистикалық 

көрсеткіштер жүйесі. Мемлекеттік бюджетті зерттеу кезінде пайдаланыла тын 

статистикалық көрсеткіштер жүйесі бюджеттік жіктеуішке негізделеді. 



Бюджеттік жіктеуіш – мемлекеттік басқару органдарының бюджет-

тік қызметін сипаттайтын табыстар мен шығыстарды біркелкі белгілер бой-

ынша заңдастырып топтастыру. Халықаралық валюта қоры ұсынған мем-

лекеттік бюджетті жіктеу жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының 

жаңа бюджеттік жіктеуіші əзірленді. 

Мемлекеттік бюджеттің қолданысы таза кредит беруді қоса алғанда та-

быс жəне алынған ресми трансферттер мен шығыстар сияқты экономикалық 

категориялардың көмегімен байқалады. Табыстар мен алынған ресми транс-

ферттер мемлекетті ақшалай қаражаттың қажетті толықтырумен қамтама-

сыз  етеді.  Таза  кредит  беруді  қоса  алғанда,  шығыстар  ақша  ресурстарын 

жалпымемлекеттік  қажеттілікке  сəйкес  бөледі.  Мемлекеттік  бюджеттің 

статистикалық көрсеткіштер жүйесі мынадай тараулардан тұрады: 

Қазақстан  Республикасы мемлекеттік 

бюджетінің көрсеткіштері 

Бюджеттің  табысы мен 

алынған ресми 

трансферттерінің 

көрсеткіштері 

Бюджетті таза  

кредит беруді қоса 

алғанда шығыс 

көрсеткіштері

 

Бюджет 


сальдосының  

көрсеткіштері

 

20.1-сурет. Мемлекеттік бюджеттің статистикалық көрсеткіштер жүйесі 



422       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Көрсеткіштердің  үш  тарауының  əрқайсысы  бюджеттік  жіктелім-

ге  сəйкес  жіктеуге,  шағын  жіктеуге,  топтарға,  шағын  топтарға,  түрлерге 

бөлінеді. 

Мемлекеттік бюджеттің статистикалық көрсеткіштер жүйесі мемлекет-

тік басқару секторының мекемелері мен басқа секторлардың бірліктерінің 

арасында  орындалатын  экономикалық  операциялардың  мəнін  көрсетеді. 

Экономикалық  операциялар  мына  белгілер,  яғни  экономикалық  тегі  мен 

мақсатты тағайындалуы бойынша ерекшеленеді. 

Экономикалық тегінің белгісі бойынша операциялар төмендегі түрлері 

болады: 

▪  бөлу жəне қайта бөлу;

▪  ресурстардың табысты арттыратын табыс бөлігіне түсуі; 

▪  ресурстардың  табысты  арттырмайтын,  алайда  мемлекеттік  қаржы 

активтерімен  жасалатын  операцияларды  ғана  көрсете  отырып, 

бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын табыс бөлігіне түсуі. 

Операциялар  экономикалық  тегіне  байланысты  қайтарылатын  жəне 

қайтарылмайтын  топқа,  ал  қайтарымсыз  операциялар  ақылы  жəне  тегін 

операцияларға бөлінеді. 

Қайтарымды операциялар  бұл белгіленген өтеу мерзімі бар шарттық 

міндеттемелер нысанындағы түсімдер мен төлемдер. Оларға бөлу жəне қайта 

бөлу  операциялары  жатады.  Тек  қайтарымды  операциялардың  негізінде 

қаржы талабы пайда болады немесе міндеттемелер өтеледі. Қайтарымды опе-

рациялар мемлекеттік басқару секторы мекемелерінің басқа секторлардың 

бірліктеріне  қатысты  міндеттеме  туындайтын  операцияларға  жəне  басқа 

секторлардың  бірліктерінің  мемлекеттік  басқару  секторларының  мекеме-

леріне қатысты туындауға себеп болатын операцияларға бөлінеді. 



Қайтарымсыз операциялар – шарттық міндеттемесіз түскен түсімдер 

мен  төлемдер.  Осы  операцияларға  бюджеттің  табыс  бөлігіне  оның  табыс 

бөлігін  арттыратын  да,  сондай-ақ  арттырмайтын  да  ресурстардың  түсімі 

жатады. Өтелетін операция деп тауарлар мен қызметтердің кері ағыны бо-

латын қайтарымсыз түсімдер мен төлемдер, мысалы жиындар мен төлемдер 

аталады.  Өтелетін  операцияларда  төлемдердің  өтелуі  қарастырылады. 

Өтеусіз операциялар – тауарлар мен қызметтердің кері ағыны болмайтын 

қайтарымсыз түсімдер мен төлемдер, мысалы, салықтар. Өтеусіз операци-

яларда орнына қайсы бір баламаны алу қарастырылмайды жəне операция 

ерікті жəне міндетті болуы мүмкін. 

Экономикалық  операциялар  мақсатты  тағайындалуы  бойынша 

ағымдағы жəне күрделі операцияларға бөлінеді. 



Ағымдағы түсімдер мен төлемдер мемлекеттік басқару органдарының 

ағымдағы қызметімен, капитал түсімдері – капитал шығынмен капитал ак-

тивтерді сатып алумен, жасаумен немесе сатумен, оларды бір жылдан астам 

уақыт пайдаланумен байланысты. 



20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         423

20.2.

Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік бюджетінің 

операцияларын жіктеу

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  бюджетінің  табысы  мен 

алынған  ресми  трансферттерін  экономикалық  жіктеу  мынадай 

жүргізіледі: 

I.  Табыстар:

1.1.  Салық түсімдері.

1.2.  Салықтық емес түсімдер.

1.3.  Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс. 

2. 


Алынған ресми трансферттер.

Табыстар  категориясы – бюджетке  төленетін  міндетті,  қайтарымсыз 

төлем. Олар мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып табылады. 



Салық  түсімдері – мемлекеттік  мекемелер  мемлекеттік  қажеттілікті 

қанағаттандыру үшін өндіретін міндетті, өтеусіз, қайтарымсыз төлемдер. 



Салықтық емес түсімдер – бұл:

а)  өтелетін қайтарымсыз түсімдер (меншіктен түскен табыс, жиындар, 

тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсім, ведомстволық ұйымдардың 

кассалық пайдасы);

ə)  кейбір өтеусіз қайтарымсыз түсімдер (айыппұлдар, ағымдағы жеке 

қайыр көрсету) жəне т.б.



Капиталмен  жасалатын  операциялардан  түскен  табысқа  күрделі 

активтерді сатудан түскен табыс, мемлекеттік емес көзден түскен күрделі 

салымға салынған ерікті салым кіреді. Осы табыстар өтелетін, өтелмейтін 

түсімдер мен ішінара өтелетін, өтеусіз болады. 



«Табыс»  категориясы  мақсатты  тағайындалу  белгісі  бойынша 

ағымдағы  жəне  күрделіге  бөлінеді.  Ағымдағы  табысқа  салықтық  жəне 

салықтық емес түсімдер; күрделі табысқа – капиталмен жасалатын опера-

циялардан түскен табыс жатады. 



«Бюджетке  алынған  ресми  трансферттер»  категориясы – өтеусіз, 

қай тарымсыз,  міндетті  емес  түсімдер.  Трансферттер  басқа  мемлекеттік 

бас қару мекемелерден: резиденттер мен бейрезиденттерден алынатын бір-

жолғы,  ұдайы  емес,  ерікті  түрде  алынады.  Мемлекеттік  емес  көз дерден 

алынған трансферттер «Табыстар» деп аталатын категорияда есепке алына-

ды. Трансферттер есепке алынатын операция бюджет тапшылығын қаржы-

ландырмайды, керісінше оны қысқартады. Алынған ресми трансферттер мен 

табыстар борыштық міндеттемесін қабылдамай шығын жұмсауға бола тын 

қаражат болып табылады, сондықтан олар бір категорияға біріктіріледі. 

Салықтық, салықтық емес түсімдер мен ағымдағы ресми трансферттер 

бюджетке ағымдағы түсімдер болып саналады. Капитал түсімдер капитал-

мен жасалатын операциялардан түскен табысты құрайды. 



424       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Мемлекеттің  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлу  ауқымы  қатысты  көр-

сеткішті – бюджеттің табыстылық деңгейін көрсетеді. 

Бюджеттің 

табыстылық 

деңгейі


=

Табыстың жəне бюджеттің алынған 

ресми трансферттерінің сомасы 

× 100.


ЖІӨ

Табыстың əрбір категориясының табыс көзі болады. Мысалы, «Салық 

түсімдері»  категориясында  салықтар  салық  базасының  ерекшелігі  немесе 

қызмет  түрі  (өнімді  импорттау,  тауарлар  мен  қызметтер  сату,  табыс  алу) 

бойынша жіктеледі. 

Бюджетті таза кредиттеуді қоса алғанда шығыстар – жалпымемле-

кеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажетті операциялар. Мемлекеттік 

шығысқа мемлекет төлемнің мақсатына (қысқа мерзімді немесе ұзақ мер-

зімді) қарамастан төлеген барлық төлемдер кіреді. 

Бюджеттен жұмсалған шығыстар – қайтарымсыз, өтелетін жəне өтеусіз, 

ағымдағы жəне күрделі төлемдер. Басқа мемлекеттік басқару мекемелеріне 

арналған трансферттік төлемдер бюджеттен жұмсалатын шығысты құрайды 

жəне дербес категория ретінде қарастырылмайды. 

«Бюджетті таза кредиттеуді қоса алғанда шығыстар» категорияның мы-

надай екі жіктелімі болады: 

1.  Функционалдық жіктеу.

2.  Экономикалық жіктеу.



Шығысты  функционалдық  жіктеу  мемлекеттің  экономика  сала-

сының дамуына бағытталған шығысын сипаттайды. 

Бюджет шығысының мынадай функционалдық топтары болады: 

1.  Мемлекеттік жалпы сипаттағы қызметтер. 

2.  Қорғаныс.

3.  Қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздік. 

4.  Білім беру.

5.  Денсаулық сақтау.

6.  Əлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету. 

7.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 

8.  Демалысты ұйымдастыру мен мəдениет саласындағы қызмет. 

9.  Отын-энергетикалық кешен.

10. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, аңшылық 

жəне табиғатты қорғау. 

11.  Отынды  қоспағанда  тау-кен  өндіру  өнеркəсібі  мен  пайдалы 

қазбалар; өңдеу өнеркəсібі, құрылыс. 

12.  Көлік жəне байланыс. 

13.  Экономикалық қызметпен байланысты өзге қызметтер. 

14.  Негізгі топтарға жатқызылмаған шығыстар. 

Бюджет шығысының функционалдық көп топтары келесі төрт катего-

рияны құрайды: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет