ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

343

 

тамасына  тоқталайық.  Себебі  Іле  Алатауы  биік,  онда  табиғаттың 



белдеулік  зоналары  түгел  кездеседі.  Бұл  жайындағы  алғашқы 

толық мəлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан «Балқаш 

өңірінің шөл даласынан Хан Тəңірінің қарлы биіктігіне шейін деген 

классикалық еңбегінде келтірілген (А. Р. Аболин 1930). Сондықтан 

топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар 

мен экскурсиялар Алматы аймағында өтетін.

Таулы алқаптарда ені əр жерде əртүрлі батыстан шығысқа қарай 

созылған  тау  етегіндегі  шөлді  дала  зонасы  белдеуі  орын  алған. 

Жазықтағы  шөлді  дала  зонашасына  қарағанда  тау  етектерінде 

жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл бел-

деу – таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан 

бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.

Тау  етегіндегі  шөлді  далалы  аймақтағы  ылғал  мөлшері  жазық 

территориядағы  шөлді  дала  зонасына  қарағанда  əлдеқайда  мол. 

Ылғалдың  орташа  мөлшері 250-360 мм-ге  дейін  жетеді.  Ылғал 

көбінесе, жылдың көктемгі жəне қысқы айларында түседі де, жаз, күз 

айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс 

пайдаланып,  ерте  пісетін  астық  дақылдары – күздік  жəне  жаздық 

бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы 

дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау 

ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

Қалған  жерлері  көктемгі,  күзгі  мал  жайылымдары.  Бұл  аймақтың 

топырағы негізінен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған 

сəйкес  түсетін  ылғалдың  мөлшеріне  байланысты,  топырақ  түсі  де 

өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың 

ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кəдімгі сұрғылт түсті 

топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті жəне ашық 

қара-қоңыр  топырақтар  зонашалары  кездеседі.  Оңтүстік  Қазақстан 

облысындағы  Батыс  Тянь-Шань  тау  етектерінде  күңгірт-сұрғылт 

топырақтар  мен  ашық  қара-қоңыр  топырақтар  орнына  қоңыр  жəне 

сұр-қоңыр  топырақтар  кездеседі.  Осы  үш  зонашаның  соңғысында 

ғана,  яғни  күңгірт-сұрғылт  түсті  жəне  ашық  қара-қоңыр  топырақтар 

таралған  алқапта  ғана  суарылмайтын  егіс  өседі,  ал  сұрғылт  жəне 

ашық-сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайын-

ша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, 

Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі 

астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан 


344

облысының мақтасы мен дəрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын 

алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, 

яғни республика жер көлемінің 5,2%-ғы жуығы.

Тау  етегі  шөлді  далалы  белдеуінен  биігірек  алқапта  аласа  тау-

лы-дала  белдеуі  басталады.  Бұл  аймақта  таулардың  топырақ-климат 

жағдайларына тигізетін əсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-

800  мм-ге  жетеді.  Мұндай  мөлшердегі  ылғал  терістік  жақтың  жазық 

жерлеріндегі  ешбір  аймағында  кездеспейді.  Ылғал  көп  түсетіндіктен 

шөп  жақсы  өседі.  Топырақтары  да  құнарлы,  негізінен  таудың  қара 

қоңыр  топырағы  мен  қара  топырақ,  ал  Батыс  Тянь-Шаньда  таудың 

қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе 

астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы, 

жыралы  болып  келетіндіктен,  жаппай  егістікке  қолайсыз,  сондықтан 

көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл 

алқапта суарылатын жəне суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп 

өседі. Алматының əйгілі «Апорт алмасы да осы аймақта өсіп, жақсы 

өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.

Орташа-таулы,  шалғынды-орманды  белдеуі  аласа  таулы-дала-

лы  белдеуінен  жоғары  алқапта  жатыр.  Бұл  аймақта  түсетін  ылғал 

мөлшері  жылына 850-900 мм-ге  дейін  жетеді.  Шалғынды  шөптер 

аса  биік  болып  өседі.  Топырағы  аса  құнарлы  қара  топырақ  пен 

күңгірт-  қара  түсті  орман  топырағы.  Таудың  қара  топырағындағы 

қарашірінді  мөлшері 10-12%-ғе  жетеді.  Жер  бетінің  бедеріне, 

аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен 

жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары, 

негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гектардай.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Топырақтың табиғи зоналдылығын қалай түсінесіз?

2. Топырақтың көлденең зоналдығы деген не?

3. Топырақтың тік белдеулік зоналдығы деген не?

4.  Интразоналдылық  топырақтар  жəне  олардың  ерекшеліктері 

қандай?


5.  Полярлы,  бореальды,  субборияльды,  субтропикалық, 

тропикалық белдеулердің топырақтарын айтыңыз.

6. Əлемнің топырақ қорлары.

7. ТМД топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайы.

8. ТМД топырақ зоналары.


345

 

9.  Арктикалық  жəне  тундралық  зоналарының  топырақтары 



қандай болады?

10. Орманды-дала зонасының орманды сұр топырақтары қандай 

болады?

11. Тайгалы-ормандық топырақтары.



12. Батпақты топырақтар

13. Шалғынды даланың қара топырақтары.

14. Құрғақ дала топырағы қандай?

15. Жартылай шөл даланың топырақтары қандай?

16. Сор топырақ қандай болады?

17.  Тау  етегіндегі  шөл  даланың,  құрғақ  субтропиктердің 

топырақтары қандай?

18. Терістік суық шөлді зонаның топырақтарын айтыңыз.

19. Сұр топырақтар.

20. Ылғалды-субтропикалық жəне тропикалық орманды белдеу.



Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Орманды даланың қара топырағы мен сұр орман топырақ зона-

сына қай аймақтар жатады?

A) Оңтүстік Қазақстан

B) Солтүстік Қазақстан

C) Алтай-Саян

D) Шығыс Қазақстан

E) Батыс Қазақстан

2. Қазақстандағы қара топырақты аймақтың көлемі:

A) 27 млн. га

B) 90, 5 млн га

C) 119, 4 млн га

D) 86, 3 млн га

E) 4 млн га

3. Қара-топырақты дала зонасына қай аймақ жатады?

A) Батыс Сібір 

B) Каспий бойы

C) Торғай

D) Шығыс Қазақстан

E) Сібір Алтайы



346

4. Қазақстандағы шөлді массивтердің көлемі, га:

A) 40 млн.

B) 27 млн.

C) 66 млн.

D) 6,3 млн.

E) 38,9 млн.

5.  Қазақстанның  қай  облысының  территориясы  деффиляция 

үрдістерімен қамтылған:

A) Павлодар

B) Батыс Қазақстан

C) Атырау

D) Алматы

E) Шығыс Қазақстан

6. Басты топырақ түзуші факторлар:

A) тау жыныстары

B) химиялық үрдіс

C) аналық жыныс

D) гидрологиялық жағдай

E) топырақтың биофизикалық ылғалдануы

7. Қара шірінді, ол:

A) ажыратуға болмайтын қалдықтар

B) тірі ағзалар қалдығы

C) топырақтағы органикалық заттар

D) топырақтың беткі қабаты

E) топырақтағы кесектер

8. Климаттың термиялық ерекшеліктері бойынша бөлінуі:

A) топырақтық-биоклиматтық аймақ

B) топырақтық-климаттық белдеу

C) топырақ зоналары

D) зоналық жүйелер

E) зоналық спектр

9. Дала жəне орманды дала зоналарындағы топырақ түзуші жы-

ныстар ерекшелігі:

A) тұздылық


347

 

B) азоттылық



C) илювиальдық

D) карбонаттылық

E) кесектілік

10. Республикамыздағы егіншілікке маңызды аудандар:

A) таулы аймақтардағы топырақ зонасы

B) қара топырақты зона

C) каштан топырақты зона

D) қоңыр топырақты зона

E) орманның сұр топырақты зонасы

11. Орманды дала жəне дала зоналарындағы топырақ түзуші жы-

ныстар ерекшелігі:

A) тұздылық

B) азоттылық

C) илювиальдық

D) карбонаттылық

E) кесектілік

12. Дегумификациялық жəне деффиляциялық үрдіс Қазақстандағы 

топырақ қабатының қанша млн. гектар аумағын қамтиды:

A) 9 млн. га

B) 11 млн.га

C) 15 млн. га

D) 19 млн. га

E) 21 млн. Га1

13. Қазақстанның қанша млн. гектар жерін жазық топырағы алып 

жатыр:

A) 273 млн. га 



B) 260 млн. га

C) 240 млн. га

D) 201 млн. га

E) 180 млн. га

14.  Жазық  территорияларда  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай 

топырақтың өзгеріп, əртүрлі зоналарға бөлінуін қалай атайды?

A) көлденең зоналар 


348

B) тік зоналар 

C) белдеулік зоналар

D) вертикальды зоналар

15. Республикамыздағы егіншілікке маңызды аудандар:

B) қара топырақты зона

C) каштан топырақты зона

D) қоңыр топырақты зона

E) орманның сұр топырақты зонасы

16. Күлгін топырақ, ол:

А) даланың топырағы 

В) өзен аңғарының топырағы

С) орман территориясының топырағы

Д) прерий топырағы

Е) тау жүйесі топырағы

17.  Топырақтық-биоклиматтық  жазық  территориялы  ендіктің 

құрамына кіретін субтропикалық зона топырағы:

А) глейлі

В) қызыл топырақ

С) орманның қышқыл топырағы

Д) шөлейттің қоңыр топырағы

Е) қоңыр-қызыл топырақ

18.  Шөлейтті  даланың  қоңыр  топырағында  гумус  қабатының 

қалыңдығы нешеге тең?

А) 25-27 см

Б) 10-15 см

С) 20-22 см

Д) 5-10см

Е) 24-28 см

19. Орманды дала мен далалы аймақта топырақтың қандай түрі 

кең тараған?

А) қара топырақ

Б) қоңыр топырақ

С) қара-қоңыр топырақ

Д) сұр-қоңыр топырақ

Е) күлгін топырақ



349

 

20. Құрғақ дала аймағында топырақтың қандай түрі кең тараған?



А) қара топырақ

Б) қоңыр топырақ

С) қара-қоңыр топырақ

Д) сұр-қоңыр топырақ

Е) ашық қызғылт топырақ

21. Шөлейтті аймақта топырақтың қандай түрі кең тараған?

А) қара топырақ

Б) қара-қоңыр топырақ

С) қоңыр топырақ

Д) сұр-қоңыр топырақ жəне тақыр

Е) ашық қызғылт-қара қоңыр топырақ

22. Қызылқұм құмы қай облыстың территориясында орналасқан?

А) Ақтөбе облысында

Б) Жамбыл облысында

С) Қызылорда облысында

Д) Оңтүстік Қазақстан облысында

Е) Атырау облысында

23. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін не істеу қажет?

А) минералдық тыңайтқыштарды пайдалану

Б) органикалық тыңайтқыштарды пайдалану

С) егістікті дұрыс өңдеу жəне пайдалану

Д) барлығы да дұрыс

Е) егістік жерлерді қопсыту

24. Топырақ картасы дегеніміз не?

А) бір ауданның топырақ жамылғысының бейнесін көрсетеді

Б) топырақ құнарлылығын көрсетеді

С) топырақтағы судың физикалық қасиеттерін көрсетеді

Д) барлығы да

Е) топырақтағы микроорганизмдерді көрсетеді.

25. Топыраққа қара, күнгірт-сұр, сұр реңді түсті не береді?

А) гумстық заттар

Б) кремний қышқылы

С) темір қоспалары


350

Д) гумин қышқылы

Е) ульмин қышқылы

26.  Қазақстанның  қай  облысында  топырақтың  құнарлылығы 

жоғары?

А) Алматы облысы



Б) Ақтөбе облысы

С) Көкшетау облысы 

Д) Қарағанды облысы

Е) Қызылорда

27. Орманды дала мен далалы аймақта топырақтың қандай түрі 

кең тараған?

А) қара топырақ

Б) қоңыр топырақ

С) қара-қоңыр топырақ

Д)  сұр-қоңыр топырақ

Е) күлгін топырақ

28. Құрғақ дала аймағында топырақтың қандай түрі кең тараған?

А) қара топырақ

Б) қоңыр топырақ

С) қара-қоңыр топырақ 

Д) сұр-қоңыр топырақ

Е) шық қызғылт топырақ

29.  Шөлейтті  дала  аймағында  топырақтың  қандай  түрі  кең 

тараған?

А) қаратопырақ

Б) қоңыр топырақ

С) қара-қоңыр топырақ 

Д) сұр-қоңыр топырақ

Е) ашық қызғылт-қара қоңыр

30. Қазақстанда орманды дала зонасының топырағы қандай?

А) қара


Б) сары

С) сұр


Д) құмды

Е) қызыл


351

 

13-ТАРАУ



ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ

13.1. Қазақстан топырақтары жəне олардың 

қалыптасуының экологиялық жағдайы

Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар. 

Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры  

нысаналы  мақсатына  сəйкес  келесідей  санаттарға  (категорияларға) 

бөлінеді  жəне 2006 жылғы  есеп  бойынша  олардың  алатын  ауданы 

төмендегідей:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 85,0 млн. га;

2)  елді  мекендердің  (қалалардың,  кенттер  мен  ауылдық  елді 

мекендердің) жері – 21, 2 млн, га;

3)  өнеркəсіп,  көлік,  байланыс,  қорғаныс  жері  жəне  өзге  де 

ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн.га;

4)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  жері,  сауықтыру 

мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер 

– 3,3 млн. га,

a) орман қорының жері – 23,4 млн. га;

b) су қорның жері – 3,7 млн. га; 

c) босалқы жер – 122,0 млн га.

Қазақстанның  жер  қорының 222,6 млн.  гектары  ауыл 

шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның 

ішінде:


- егістіктер ( жыртылған жер) –23,2 млн. га;

- көпжылдық екпелер егілген жер – 115,5 мың га;

- тыңайған жер – 5,4 млн га;

- шабындықтар – 5,5 млн га;

- жайылымдар – 189 млн. га.

Еліміздің  жер  қорының  топырақ  жамылғысы  алуан  түрлі  бо-

лып  келеді  (26-кесте).  Еліміздің  топырақ  жамылғысы  ішінде 

құнарлылығы  төмен,  пайдалану  үшін  оларды  жақсарту  (мелиора-

ция) жұмыстарын іске асыру қажет кейбір, кебірленген, сорланған, 

су жəне жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлеріде мол тараған. 

Қазақстанның  жер  қоры  өте  мол,  оның  топырақ  жамылғысы 

құрамында  құнарлылығы  жақсы,  егіншілікте  қолдануға  тиімді 



352

топырақтармен  қатар  егіншілікке  тиімсіз  құнарлылығы  төмен 

топырақ түрлері кездеседі.

Сондықтан  еліміздің  жер  қорын  экологиялық  жағынан 

негізделген  бағдарлама  бойынша  тиімді  пайдалану  қажет.  Қазіргі 

уақытта  жер  қорын  пайдалануда  байқалған  келесідей  келеңсіз 

жайттар  қалыптасқан:  өндіріс  орындарының  қалдықтарымен 

ластанған,  бүлініп  істен  шыққан 169,7 мың  гектар    жер;  жер 

қойнауындағы  пайдалы    қазбаларды  барлау  өндіру,  оларды  тасы-

малдап,  байыту  кезінде    қалыптасқан  карьерлер,  үйінділер  жердің 

топырақ жамылғысын  жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық  

қызметтерін – биологиялық  масса  өндіруін    жəне  атмосфераның  

химиялық  құрамын  реттеуге  қатысуын    жоғалтқан.  Яғни  топырақ 

өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық 

жағдайы төмендеген.

Елімізде  «қорғаныс»  мақсатына  бөлінген,  ядролық  қару-

жарақтарды  сынау,  ғарыш  кемелерін  ұшыру  кезінде  оның 

қалдықтарымен немесе олардың сəтсіздіктен жерге жарылып қайта 

құлауынан радиацияға шалынып, бұзылған, улы заттармен ластанған 

жерлер ауданы 20 млн. гектардан асып түседі. Бұл жерлердің басым 

бөлігі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 

орналасқан.

Жер 

қорының 


экологиялық 

жағдайын 

қарастырғанда 

Қазақстандағы шөлейттену құбылысы туралы мəселе ерекше орын  

алады. «Шөлейттену»  деген  ұғым  əртүрлі  факторлар  əсерінің, 

климат  өзгеруінің  жəне  адам  əрекетінің  нəтижесінде  жартылай 

құрғақтау жəне құрғақ климатты аудандардағы топырақ деградация-

сын білдіреді.



26-кесте

Қазақстанның негізгі топырақтарының ауданы (ықшамдалған түрде)

 Топырақтар 

Мың га 

Барлық топырақ 



жамылғысынан 

үлесі, %


жазықтық  таулы өлке

Ормандық сұр топырақ

76,0

440,8


0,2

Кəдімгі қара топырақ 9297,9

11,99,8

4,5


Оңтүстік қара топырақ 11346,9

9555,5


5,2

Сілтісізденген қара топырақ

-

310,9


0,1

Күлгенденген  қара топырақ -

424,9

0,2


353

 

Күңгірт қара топырақ 21380,4



4602,3

11,0


Нағыз қара топырақ

18007,5


1,8

7,7


Ашық қара қоңыр 29249,1

2343,6


13,5

Қоңыр топырақ 33539,2

457,3

14,6


Сұр қоңыр топырақ

27230,6


654,8

11,9


Тақыр жəне тақыр тəрізді 

топырақтар

8085,4

118,4


3,5

Боз топырақтар

-

7729,9


3,3

Сұр күрең топырақ -

1235,1

0,5


Күрең топырақ

-

539,4



0,2

Таулық топырақтар

-

7623,6


3,2

Шалғындық  қара топырақ

1653,2

65,6


0,7

Шалғындық қара-қоңыр 

топырақ

9272,8


278,6

4,1


Шалғынды қоңыр топырақ

1535,6


29,5

0,7


Шалғынды боз топырақтар

-

2641,1



1,1

Шалғынды топырақ 4674,4

860,2

2,3


Жайылманың жəне 

орманның шалғынды 

топырақтары.

3955,8


679,5

2,0


Шалғынды-батпақты, 

батпақты 

2917,8

203,6


1,3

Кебірлер


9884,0

330,3


4,3

Ал топырақ деградациясы – егістік жерлердің, шабындықтар мен 

жайылымдардың, орманды жерлердің топырақтарының жел жəне су 

эрозиясына  шалдығуын,  топырақтың  физикалық,  биологиялық  не-

месе  экологиялық  қасиеттерінің  төмендеуін,  сонымен  бірге  оның 

табиғи өсімдік жамылғысының ұзақ мерзімге жойылуы нəтижесінде 

биологиялық  жəне  экономикалық  өнімділігінің  төмендеп,  жойы-

луын көрсететін ұғым.

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе үлкен. 

Ұлан  байтақ  территориясы  терістіктен  оңтүстікке  қарай 1600 

км,  шығысынан  батысына  қарай 3000 км  жерге  созылып  жатқан 

кеңістікті  алып  жатыр.  Республика  ТМД  елдері  ішінде  Ресейден 

кейінгі екінші орында. Бұл – оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 

одақтас  республиканың  жер  көлемінен  артық  деген  сөз.  Бейнелеп 

айтқанда,  Қазақстан  жеріне  Армения  сияқты 90 республика  еркін 

сыйып  кетеді,  халқының  саны  жөнінен  əлемде 80-ші  орында  бо-

23–1427


354

лып, жер көлемі жөнінен 9-орында, дəлірек айтсақ, Ресей, Канада, 

Қытай, АҚШ, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі 

Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.

Қазір  ғылыми-техникалық  үдеу  заманында  адам  коғамының 

барлық тірлігі саналы қимылының нəтижесінде жасалып жатыр деп 

айта алмаймыз. Мұндай жағдай, əсіресе, біздердің табиғат қорларын 

пайдаланудағы  көрсетіп  жүрген  енжарлығымыздан,  немқұрайды 

қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы 

академик  В.  И.  Вернадский (1944) аңсаған  адам  қоғамының  сана-

лы  қимылының  нəтижесінде  биосферадағы  тіршілік  жаңа  сатыға 

«ноосфераға» (ақыл-еркіне)  көшу  жолының  əзірше  жүзеге  аспай 

тұрғанын мойындауымыз керек.

Ескеретін жай, қазіргі əлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы 

қажетті  көрсеткіш  көптен  бері-ақ  кеміген.  Мысалы,  жер  жүзіндегі 

əр  адамға  қажетті 0,6 гектар  жыртылған  жер  орнына 0.3 гектар-ақ 

келеді.  Дегенмен,  бұл  көрсеткіш  əр  мемлекеттерде  əртүрлі.  Соңғы 

жылдарға  шейін  бұрынғы  орталық  Мəскеу  Қазақстан  өндірісінің 

93%-на  қожалық  етіп,  жерімізге,  қоршаған  ортамызға  өте  үлкен 

нұқсан  келтірді.  Себебі  республикамыз  Одақтың  нұсқауымен 

негізінен шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру 

-  өндірістің  ең  «лас»  саласы.  Өктемдігі  күшті  империя 70 жылдан 

астам қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана 

алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.

Қазақстанда  бүкіл  Д.  И.  Менделеев  кесте  жүйесіндегі 

элементтердің  барлығына  жуығы  табылғаны  белгілі.  Халық 

шаруашылығымызға  қажетті  барлық  пайдалы  қазба  байлықтар, 

құрылысқа  қажетті  құрылыс  материалдары  да  осы  өзімізге  мекен 

болып  отырған  жеріміздің  қойнауында,  оның  əртүрлі  тереңдігіндс 

жатыр.  Осы  байлықтарды  барлау,  қазып  алу,  байыту,  тасымал-

дау  кезінде  жерімізге  көптеген  «жарақаттар»  түсті.  Оның  үстіне 

олардың көбісін ең «арзан» ашық əдіспен қазып алғандықтан, бұл 

аймақтардың  экологиялық  жағдайы  нашарлады.  Мұндай  бүлінген 

жерлер қатарына негізінен кен карьерлері жəне оларды казу кезінде 

кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жы-

ныстарын  басқа  алқаптарға  жылжытудан  пайда  болған  құрамы  əр 

түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту 

фабрикаларынан  шығарылған  қалдық  қоқыстарды,  жылу  электро-

станцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен 


355

 

өндірістік  мекемелерден  тасталынған  металл  қалдықтары,  резина-



лар, шыны-əйнектер, бетондар, т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын 

қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтарды көбінесе тез арада ыды-

ратып,  минералдандыратын  бірден-бір  жəндік  немесе  микроорга-

низмдер  жоқ.  Сондықтан  олар  бірнеше  ондаған,  жүздегсн  жылдар 

бойы  жатуы  да  мүмкін.  Бұл  қалдықтар  пайдасыз  өнім  ретінде  өзі 

жатқан  жердің  шөбін  өсірмейді,  өлі  жердің  көлемін  арттырады, 

алқаптың  санитарлық  жағдайын  нашарлаталы.  Міне  сондықтан 

да  өз  қолымызбен  табиғатқа  енгізген  зиян  əрекеттерімізді  өзіміз 

қолымызбен  жақсартып,  бүлінген  жерлерімізді  қайта  культивация-

лап,  ал  өнімді  жерлерімізді  басып  жатқан  қоқыс-қалдықтардан 

тазалап,  оның  құнарын  қалпына  келтіруіміз  қажет.  Қазақстан 

ауылшаруашылығы  министрлігінің  мəліметтеріне  қарағанда, 

өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 

мың гектардай екен.

Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған 

кезде «таза бұзылған» жерлерден басқа əскери-өндірістік кешендер-

ден  бүлінген  жерлер  қаншама.  Олардың  басым  көпшілік  жерлері 

ядролық  қару-жарақтарды  сынау,  ғарыш  кемелерін  көкке  ұшырған 

кездерде бұзылып, зақымданып, оның ішінде радиацияға шалынып, 

«ғарыш»  қоқыстарымен  ластанады.  Бұл  мəліметтердің  көп  уақыт 

құпия  болып  келгені  мəлім.  Қазақстан  Жоғарғы  мəжілісінде  депу-

таттар  тобы  кейінгі  кездерде  анықтағандай,  еліміздің  «қорғаныс» 

мақсатына  бөлінген  жер  көлемі 20 млн  гектардан  асады.  Бұл 

«қорғаныс»  мақсатындағы  объектілердің  қазақ  жеріне,  халқына 

тигізген жəне болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап 

есептеу – келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер планетасын-

да  тек  Қазақстанда  ғана  ядролық-стратегиялық  бағдарлама  толық 

жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядро-

лы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды, ракеталы-

ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның 

барлығы 40 жыл бойы жүр. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом 

бомбасының  жарылысы  болды,  оның 20-дан  астамы  Семей  по-

лигонынан  басқа  аймақтарда.  Уран  кеніштерінің  аймақтарында 

экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды. Батыс Қазақстан 

аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі 

Капустин-Яр  полигондарының  қазақ  жеріне  тигізген  экологиялық 

зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет