235
1978 жылы Мексика шығанағында 312 м терендікте «Коньяк» (Макдер-
мотт фирмасының жобасы) бойынша теңіз тұрақты платформаларының қатаң
тірек бөлігі орнатылған. Пирамида түріндегі моноблок үш бөлімнен, 8 тіректік
және 2 көтерілетін тіректен тұрады. Көтерілетін тіректер теңіз түбінен 122 м
биіктіктегі тіректік фермаларға, моноблоктық ферма теңіз түбіне ұзындығы 190
м-лік қадалармен бекітілген. Қадалар теңіз түбіне 137 м тереңдетіліп, іргетастың
сыртқы периметрі бойынша, 24 бағыттауыш құбырлар арқылы жіберілген.
Конструкцияның өзіндік тербеліс жиілігі 4 секундтан 5 секундқа дейін болады.
Блоктың массасы 33,5 мың т, қадалар мен бағыттауыш құбырлардың массасы 23
мың т, теңіз тұрақты платформаларының жалпы массасы 59 мың т.
Теңіз тұрақты платформаларының пирамида тәрізді моноблогы және
әртүрлі жобалары мен дайындаулары бар. Мысалы: «Голф оф Мексико плат-
форм» жобасы бойынша 488 м тереңдікке, «Фиксед платформ» жобасы бойын-
ша 396 м тереңдікке, 450 м тереңдікке екі тірек блогынан тұратын жоба бойын-
ша, Солтүстік теңіз үшін «Твин Тауэр» жобасы жасалған және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: