Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Платформалар үшін қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет132/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   274
11.2.6 Платформалар үшін қойылатын талаптар
Өлшемі бар платформалар үшін 150х150 м өлшемді құрғақ док талап етіледі, 
қосымша жинау үшін, сақтау үшін, алдын ала цехтарды және офистерді дайын-
дау үшін орын болу мақсатында. Территорияның өлшемі верфте орындалатын 
жұмыстар көлеміне тәуелді. Сонымен қатар конструкция үшін болаттар мен 
құбырларды алдын ала дайындау жұмыстары басқа орында жүзеге асырылады. 
Бұл үшін 10 га жердей бөлінуі керек.
Бетондық платформалар үшін келетін верфте дайын конструкцияны бук-
сирлеу үшін үлкен терең сулар болуы керек. Сонымен қатар құрғақ докты экс-
кавациялау көп қаражатты талап етуі мүмкін, сондықтан тау жыныстарын ми-
нималды жаруды талап ететін орын табу керек. Док берік және оған су енбеу 
керек. Оның негізі конструкцияның салмағын көтеру керек. Құрғақ докта дайын 
түрдегі платформа сынығы 100000 тоннаға жуық болуы мүмкін.
Бетонды платформаның құрылысы көп еңбек күшін қажет етеді, сондықтан 
верфке жақын жерлерде қажетті мөлшерде мамандандырылған және мамансыз 
жұмыс күші болуы керек.


289
Бетонды платформаларды салу үшін үлкен көлемде сулар мен электр энер-
гия қажет етіледі. Судың орташа тұтынуы 250 м
3
/тәулікті құрайды, ал электр 
энергияны тұтыну көлемі 1 млн кВт/кварталға дейін жетеді.
14 м тереңдіктегі құрғақ док (теңіздің орташа деңгейінен келуі) өте тиімді 
болып табылады. Бірақ мұндай тереңдікте докқа су енеді, бұл док негізінің 
беріктігіне үлкен көңіл аудару керектігін көрсетеді.
Норвегия тәжірибесіне негізделген құрғақ доктардың құрылысы, шпунт-
ты қабырғаның құрылысын талап етеді. Мұндай қабырға докқа судың енуін 
болдырмайды. Теңіз арқылы әкелінетін жабдықтар мен материалдарды түсіру 
үшін айлақ қарастырылады. Айлақтың өлшемі теңізден әкелінетін заттардың 
болжанған көлеміне тәуелді болады.
Норвегиядағыдай сияқты негізгі материалдар құм, цемент, толықтырғыштар 
және арматуралық болаттар теңіз арқылы тасымалданады деп қарастырылуда.
Доктың негізі үшін ауыр конструкцияны ұстай алатын бетонды тіреуішті 
плиталар қажет болады. Тіректің өлшемі мен түрі дока табанының астында 
орналасқан қатты жынысқа дейінгі арақашықтыққа тәуелді болады.
Бетонды платформалардың құрылысы ірі құрылыс/механикалық инженерлік 
жобаларды білдіреді. Оларды жүзеге асыру үшін жоғары сапалы материалдар 
мен жабдықтар талап етіледі. Негізгі материалдарға келесілер жатады.
• 
Бетон үшін қажетті құм, талшықтар және су;
• 
Цемент (Портланд);
• 
Арматуралық болат;
• 
Алдын ала кернелген болат;
• 
Конструкциялық болатты балкілер және тот баспайтын болатты 
құбырлар;
• 
Әртүрлі пластмассалық құбырлар;
• 
Электр кабельдері;
• 
Қадағалауыш-өлшеуіш сепараторлар жүйесі;
• 
Әртүрлі ротационды жабдықтар (сораптар) және т.б.
Сонымен бірге осы тектес жобалар үшін ауыр құрылыс жабдықтары 
қолданады.
Құрғақ доктан буксирлеу критикалық фаза болып табылады. Гидростати-
калық тұрақтылық үшін аудан бірлігіне түсетін салмақтың таралуы теориялық 
есеппен сәйкес болуы керек.
Жұмыстың құрылыс бөлігі келесі мамандарды қолдануды талап етеді:
• 
Столярлар;
• 
Слесарьлар;
• 
Бетонщиктер;
• 
Құрылыс ормандарын көтеру үшін қажетті мамандар;
• 
Қара жұмысшылар.
Механикалық өңдеу үшін келесі қосымша мамандар талап етіледі:
• 
Дәнекерлеуші (сварщик);


290
• 
Электриктер;
• 
Бақылау инспекторлары;
• 
Жүйені тексеру мен іске қосу бойынша инженер-механиктер.
Бетонды платформа құрылысының сәтті жобасы талап ететін сапалы мате-
риалдар мен жабдықтар және жергілікті білікті жұмысшы персоналдар қажет. 
Бетонды платформа жобасында қолданатын материалдар, жабдықтар және 
жұмыс күші көпірлерді салуға, өнеркәсіптік инфраструктураны дамытуға және 
порттық жұмыстарды жүргізу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет