Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіздегі кен орындарында батырмалы ортадан



Pdf көрінісі
бет165/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

13.3.4.2 Теңіздегі кен орындарында батырмалы ортадан 
тепкіш электросораптың қолданылуы
Қазіргі кездегі Каспийдің
 
мұнай-газ теңіздегі кен орындарының игеру 
периоды, ұңғыма өнімнің біршама сулануымен сипатталады, бұл жағдайда 
ұңғыларды, сұйықты бөлшекті жинау режиміне көшіру дұрыс. 
Бұл жағдайда ұңғымаларды ең тиімді механикалық игеру әдістерінің бірі 
ортадан тепкіш электросораптарды қолдану болып есептеледі. Ол қондырғы, 
тереңдігі 1500-1600 м және шығымы 20-дан 1600 т/тәу ұңғымалар үшін арналған. 
Бірақ ұңғыма өнімінде газдың мөлшері 5000 м
3
/тәу-тен асса, қондырғы өнімі 
төмендейді.
Бұл әдісті қолдану, шектелген аумақта ШСҚ-ның көп санын орналастыру 
мүмкіндігі жоқ платформаларда тиімді.
Батырмалы электросорап қондырғысы: (
13.21-cурет)
батырмалы электр-
қозғалтқыштан (1); протектордан (2) және сораптан (3), бірге тізіліп және 
түсірілетін сораптық құбырлардан, бронирленген үш желілі сымнан (4), авто-
трансформатордан (5) және басқару станциясынан тұрады. Батырмалы агрегат-


362
тың барлық үш тізбегінің біліктері бір-бірімен шлицті муфтамен қосылады. Бро-
нирленген сым сорапты құбырларға металл белдікпен қатырылады. Қозғалтқыш 
380 В автотрансфоматор арқылы іске қосылады. Жалпы жұмыс, қорғаныс және 
электроқұбырларды түсіруді басқару автоматтандырылған және басқару стан-
цияларымен іске асырылады. 
13.21-cурет. Батырмалы электросорап қондырғысы
Батырмалы электросораптың жетегі ретінде арнайы асинхронды айнымалы 
токтың үш фазалы қозғалтқышы қолданылады. 146 мм және 168 мм ұңғымаға 
түсіру үшін қозғалтқыш диаметрі 123-103 мм, ұзындығы қуатына байланысты 
0,5-тен 10 м дейін өзгереді.
Негізінен протектор қозғалтқышты оған ұңғыдан сұйықтың өтпеуінен 
қорғайды және өзгеріс температурасына байланысты қозғалтқыштағы май 
көлемінің өзгерісін байқау үшін, сонымен қоса тіреуіш подшипниктерді арнайы 
маймен қамтамасыз ету үшін арналған. 
Ортадан тепкіш батырмалы көп сатылы сорапта жұмыс дөңгелектері, ысыр-
малы ұшты білікте жиналған. Әр дөңгелек бағыттаушы шойын аппарат жа-
нында подпятниктегідей орналасқан. Олардың араларында, үйкеліс кедергісін 
төмендететін текстильді аралық төсемдер салынған. Жұмыс дөңгелектерінің 
мынадай конструкциясы сораптың тіреуіш подпятнигіне түсетін жүктемені 


363
төмендетеді. Ортадан тепкіш батырмалы көп сатылы сораптарды, осьтік және 
радиалды бағыттауыш аппараттармен дайындайды. Біліктің жоғарғы шеті ысыр-
малы көтергіште айналып, қоладан немесе текстильді шайбадан жасалған ар-
найы табанмен аяқталады. Төменгі шеті протектордағы қою маймен жағылатын, 
радиалды подшипниктерден тұратын, подшипникті баудан жасалған. 
Сораптың жоғарғы бөлігі өткізгішпен – сорпаты компрессорлы құбырмен 
жалғасатын ұстамалы телпекпен аяқталады. Электроқозғалтқыш қоры мұнайға 
төзімді бронирленген үш желілі, диаметрі 25, 35 және 50 мм сымнан болады. Әр 
желі диэлектрлі резинкамен және матамен жабылған, ал барлық желілер майға 
төзімді болат мырыштанған сызықты броны толтырылған резіңке шлангіге 
оралған. Сорап және қозғалтқыш аймағында дөңгелек сым тегіс болып келеді. 
Сымдағы кернеудің төмендеуі компенсациялау үшін қозғалтқыштың но-
минал кернеуінен асатын сымдағы құлау кернеуінің мөлшеріне ауысатын авто-
трансформатор қолданылады.
Басқару стнациясы злектроқозғалтқышты қысқа тұйықталудан және тым 
жүктемеден қорғайды, қондырғыны электроқамтамасыз бұзылғанда сөндіреді, 
электротогы берілген соң электросорапты автоматты түрде іске қосады. 
Терең ұңғымаларда ортадан тепкіш батырмалы қондырғылардың 
қолдану жағдайына байланысты Н. Нариманов атындағы МГӨБ-да тізбектей 
қосылған сораптардың кәсіптік зерттеулер жүргізіледі. Соның нәтижесінде, 
бір электроқозғалтқышы бар ПЭД 28-103 тізбектей қосылған УЭЦН-5-80-120, 
қалыпты қысым 18-20 МПа сұйықтың тұрақты келуін қамтамасыз етеді. 
Зерттеу нәтижесінде, сораптың сатылар санын және электроқозғалтқыш 
қуатын қадағалап отыру кезінде, қондырғыны терең теңіз ұңғымаларына 
қолдану тиімді болатыны көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет