Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет182/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Бақылау сұрақтары:
1. Эстакада деп нені атайды?
2. Стационарлы негіздерді қандай түрлерге бөледі?
3. Свайлы типті негіздерді қандай түрлерге бөледі?
4. Эстакада алаңы деген не?
5. Іріблокты негіздердің суүсті бөлігі немен қамтылған?


405
16-ТАрАу
ТЕҢІЗДЕ ҰҢҒЫМА ӨНІМДЕрІН ЖИНАу ЖӘНЕ ДАЙЫНДАу
Ұңғыма өнімін жинау жүйесімен
 
әрі қарай тасымалдануы деп ұңғыма 
өнімін жинау мен оны мұнайды даярлаудың орталық пунктіне (ЦППН) дейін 
жеткізу үшін салынған барлық жабдық пен құбырлар жүйесін айтады. 
16.1-сурет. Ұңғыма өнімдерін теңізде жинау мен даярлау
Ұңғыма өнімін дайындау мақсаты:
– үдерістердің қауіпсіздігін арттыру; 
– көмірсутектерді тасымалдауға дайындау; 
– оларды тұтынушы талаптарына сәйкестендіру;
– коррозиядан сақталуды арттыру.
Бұл міндеттерді орындау үшін ұңғыма өнімдерін теңізде даярлау бойынша 
операциялардың минималды көлемі қажет. 
Жинау мен даярлау жүйесі негізгі элементтердің өзара орналасуы мен 
жабдықтарға байланысты әр кен орындарында әртүрлі. Ол бірінші кезекте 
кен орын ауданына, ұңғыма дебиттеріне, айдалатын сұйықтықтың физикалық-
химиялық қасиеттеріне, жергілікті жердің рельефі мен табиғи жағдайларға бай-
ланысты. 
Теңіз ұңғымаларының өнімін даярлау үдерістерінің құрлықта жүргізілетін 
үдерістерден айырмашылығы жоқ. Олардың негізгі ерекшелігі бір атаулы мо-
дульде технологиялық жабдықты құрастыру, барлық аппараттардың жабдықтар 
мен қондырғылар кешені арасындағы интервалдары үлкен құрлыққа қарағанда 
тығыз орналасуы, құрлықта мұнай-газ жинау пункттері ұңғымадан бірнеше ки-


406
лометрде ораналасуы, теңіздік нормативтермен платформаларда аппараттардың 
ревизиясы мен қажет жағдайда жөнделуі ғана мүмкін. 
Платформаларда жүргізілетін мұнай мен газды даярлаудың технологиялық 
үдерістері: 

мұнай, газ және судың бөлінуі;
– мұнайды сусыздандыру (кейде тұзсыздандыру);
– дайындалған мұнай бөлігін сақтау;
– газды транспортқа дайындау;
– қабатқа айдау үшін қабаттық және теңіздік суларды дайындау сияқты 
негізгі операцияларға әкеледі
.
Егер құрлықта магистральді құбырлар арқылы транспортқа берілетін 
мұнай мен газ сапасына талаптар қатаң және барлық жерде регламенттелсе, 
теңізде мұнай сапасына қойылатын талаптар оның транспорт жағдайларымен 
– суасты құбырлары немесе танкерлермен шығару бойынша, ал газдың сапа-
сына қойылатын талаптар – оны қабатқа айдау қажеттілігімен немесе суасты 
газ құбырлары бойынша транспорттың қажеттілігімен анықталады. 
Теңіз ұңғымалары өнімдерін жинау, дайындау және транспорт сызбаларын 
таңдау түрлі табиғи-геологиялық, технологиялық және ұйымдастырушылық-
экономикалық факторларға, теңіздік мұнайды қабылдау пунктіне (оны танкер-
лермен алыс қашықтыққа тасығанда) тәуелді. Платформада технологиялық 
операцияларды таңдауға жағалық инфрақұрылымның болуы немесе болмауы, 
жағалық территория сипаты, түп рельефі (құбырлар трассасының), жағаға 
жақын орналасуы, теңіз тереңдігі, көмірсутектерді өндіретін транспорттың 
бағыты және т.б. айтарлықтай әсер етеді.
Өндірілген өнімді жағаға тікелей жіберу мүмкін болса, мұнай және газ, 
қабаттық судың (үшфазалы ағын деп аталатын) суасты құбырлары арқылы 
жағаға бірігіп тасымалдау мүмкіндігін пайдаланып, платформадағы (оның 
ауданын азайта отырып) технологиялық операциялар көлемі айтарлықтай 
қысқарады. Мұндай жағдайда тауарлы өнімді даярлау және платформаға 
қабатқа айдалу үшін қайтып келетін немесе бірден жағада сулы қабатқа 
бұрғыланған арнайы ұңғымаларға айдалатын қабаттық суды тазарту жағада 
жүргізіледі. 
Қабатқа айдалатын немесе суасты құбырлары арқылы тасымалданатын газдан 
мүмкіндігінше ауыр көмірсутектерді бөліп алу керек (бірінші жағдайда, метан мен 
этанды қабатқа айдау үшін, екіншісінде, ауыр көмірсутектердің температура мен 
газ қысымының төмендеуіне байланысты трасса бойынша құлауын болдырмау 
үшін). Сондықтан ылғал бойынша шық нүктесін дроссель – эффектісін ескергенде, 
жоғары қысымды газ құбырында, әсіресе, құбырдың соңғы учаскесінде байқалатын 
ең төмен температурадан 8-14°С төмен деп қабылдайды. 
Егер газда көміртектің (СО
2
– көмірқышқыл газы) қостотығы 3%-дан артық 
болса, қажет ингибиторлар газ құбырына айтарлықтай аз түседі, алайда қатты 
кептірілген газ құбырдың ішкі қабырғаларын коррозияға ұшыратпайды. 


407
Газ конденсатты кен орындарында өндірілетін өнім бөлінуге – газды конден-
саттан бөлуге мүмкіндік беретін екісатылы сепарацияға ұшырайды. 
Газ құбырында күтілетін ең төменгі 10-12°С температурадан төмен алыну 
тереңдігінде кептірілуге ұшырайды. 
Конденсат (дегазация жолымен) тұрақтандырылады және одан әрі конден-
сат құбырға жіберіледі, конденсатты айдау құбырдың басындағы гидравликалық 
жоғалтулардан асатын және оның трасса арқылы дегазациясын болдырмайтын 
қысымда сораппен жүргізіледі. 
Технологиялық шешімдерді таңдауға басқа да факторлар: 
– ұңғыма өнімін жинау жүргізілетін кезіндегі қысым;
– жоғарыарынды жинаудың энергия көздері;
– ұңғымаларды шоғырлау;
– ұңғыма өнімдерін жинау;
– ұңғыма өнімін дайындау орны;
– ұңғыма өнімін өлшеу;
– жинау құбырларының саны;
– бөлінген немесе біріктірілген транспорт әсер етеді.
Осы факторларды есептеу теңіз кен орындарын пайдалану жағдайларына 
барынша нәтижелі және үнемді жүйені таңдауға мүмкіндік береді. 
Мұнай мен газды және олардың транспортын жинауға платформада:
– ұңғыма өнімін жинау;
– әрбір жеке ұңғыманың өнімін өлшеу;
– мұнайдың, су мен газдың әрбір жеке жағдайдағы анықталған деңгейге 
дейінгі сепарациясы;
– мұнайды сусыздандыру және кейбір жағдайларда оны тұрақтандырумен 
(жеңіл көмірсутектердің айтарлықтай бөлігін жоюмен) қатар 
тұзсыздандыру;
– газды құрғату;
– өндірілетін өнімнің тауарлық есебі;
– мұнай мен газдың бөлінген транспорты сияқты операциялар жүргізіледі.
Өндірілген өнімді кәсіпшілік даярлаудың бірыңғай әмбебап сызбасы жоқ. 
Барлық сызбалар нақты географиялық жағдайларға, өндірілген көмірсутектер 
сипаттамасына, қабат қысымдарына және т.б. байланысты өзгереді. 
Алайда, теңіз ұңғымалары өнімдерін жинаудың, даярлаудың және 
тасымалдаудың заманауи технологиялық сызбалары негізгі қағидаларға, 
яғни жеңіл фракцияларды жоғалтуды ескертуге, мұнайдың атмосферамен 
байланысының болмауына және мұнайдың газдан, судан және механикалық 
қосылыстардан барынша толық бөлінуін қамтамасыз етуге жауап береді. 
Теңіз ұңғымалары өнімдерін даярлаудың технологиялық сызбасын 
таңдағаннан кейін бастапқы мәліметтер мен нақты жағдайларға байланыс-
ты оған термодинамикалық және гидравликалық есептеулер, яғни қысымды, 
температураны, тығыздықты кіруден шығуға дейінгі барлық технологиялық 


408
тізбек бойынша көмірсутектердің шығыны мен фракциялық құрамын анықтау 
жүргізеді. ДК-де танымал бағдарламаларды пайдаланып жүргізілген бұл 
есептеулер негізінде вибрацияны ескеріп платформада орналасатын сәйкес 
жабдық пен агрегаттар таңдалады. Дайындаудың таңдалған сызбасы уақыт 
бойынша жеке компоненттердің концентрациясы өзгеретін кен орнын ұзақ игеру 
үдерісінде өнім құрамының өзгеруінің кең интервалында жұмыс істеуі керек. 
Газды-сұйықтықты ағын фонтанды арматура, сағалық штуцер және мани-
фольд арқылы өткеннен кейін технологиялық жабдық кешеніне түседі, оның 
құрамына: 
1. Сағалық жабдық пен манифольд;
2. Сепараторлар; 
3. Мұнайды дайындауға арналған жабдық:
– дегидрлеуші;
– өлшеуші;
– сорапты;
– мұнай қоймалары.
4. Газды дайындауға арналған жабдық:
– дегидрлеуші;
– обессерлеуші;
– компрессорлы;
– өлшеуші.
5. Технологиялық кешеннің көмекші жүйелері: 
– химиялық реагенттерді айдауға арналған жабдық;
– желдеткіш жабдық және жану қондырғылары; 
– серіктес өндірілетін суды өңдеу мен жинауға арналған жабдық;
– ашық және жабық типті дренажды жүйелер.
6. Жалпы арналымдағы көмекші жүйелер: 
– энергия генераторлары және апаттық энергокөздер;
– бақылау-өлшеу аспаптарына ауа жіберетін жүйелер;
– гидравликалық жүйелер; 
– жылытқыш және желдеткіш жүйелер; 
– бу құрылғылары; 
– отындық жүйелер;
– сулы жүйелер; 
– жылыту жүйелері;
– салқындату жүйелері; 
– өртке қарсы жүйелер;
– апаттық өшірулер жүйелері; 
– бақылау-өлшеу жүйелері мен басқару жүйелері.
7. Қабатқа әсер ету жабдықтары:
– су айдау жабдығы;
– газ айдау жабдығы. 


409
8. Өмірмен қамту жүйелері сияқты жүйелердің барлығы немесе кейбіреулері 
кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет