195
муфтаның көмегімен түсірілген атқылауға қарсы қолданылатын жабдық блогы
бағыттаушы негізбен қосылады және сонарды телекамерамен көтереді. Сонан
кейін теңіз қадаушасы төмен түсіріледі және цангалы гидравликалық муфта
тұсына келгенде, қадаушаның төменгі бөлігінде превенторлар блогыне бекітілген
муфта бірігеді және арнайы құрылғы-вертлюгпен қосылады. Бұл түйіндерді
қосқаннан кейін, қадауша муфтамен барлық гидравликалық қосылыстардың
және штуцерлік желі мен басу желісіндегі төлкелердің бірлесуіне дейін
бұралады. Бұдан кейін муфталар мен төлкелерді төменгі қадауша түйінінің
сақтандырғыш базалық тақтасы арқылы өткізеді және превенторлар блогының
жоғарғы бөлігіндегі қабылдау тақтасына қосады.
Суасты сағалық жабдық кешенін үлкен теңіздің үлкен тереңдіктерінде пай-
далану шарттарына сәйкес қажетті түйіндер конструкцияларын жасап шығару
талап етілуде.
Қадауша мен превенторлар блогынің жоғарғы шарлы әмбебап қосылысы
4540 кН жүктемеге, теңіз тереңдігі 1829 м есептелген. Бұл қосылыс конструкция-
сы жұмыс істеу кезінде шар мен гильзаның түйістірмелі беттері, қосылыстың
тек герметикалық жағдайын қамтамасыз етеді, ал жүктемені арнайы DW типті
топсалы қосылыс қабылдайды.
Телескопиялық түйін тік бағытта ауысуды 18,3 м дейін қамтамасыз
етеді. Қадаушаның салмағын жеңілдету үшін, оған қалытқылы материал не-
месе жүзбелі понтондар жалғануы мүмкін. Суасты саға жабдығы кешені
апаттық ажырату жүйесімен қамтамасыз етілген, ол үшін қадаушаның төменгі
секциясының қарама-қарсы жақтарына кронштейндер пісірілген, олардың
шеттерінде диаметрі 508 мм апаттық ажыратқыш конустарымен, қабылдау
ұштары орналасқан. Апаттық ажыратуды немесе қосуды іске асыру үшін, со-
нармен және шеті телекамерамен жабдықталған арнайы аспап түсіріледі. Суас-
ты сағалық жабдықтар кешенінде көп сатылы электрогидравликалық алыстан
басқару жүйесі және апаттық акустикалық жүйе қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: