Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Шартты рефлекстерді қалыптастыру жəне зерттеу



Pdf көрінісі
бет462/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   542
20.7. Шартты рефлекстерді қалыптастыру жəне зерттеу 

əдістері

Шартты рефлекстерді зерттеуді И. П. Павлов 1900 жылдан 

бастаған. Алғашқы кезде ол иттің қасында отырып, тамақ беруді, 

тітіркендіргішпен əсер етуді өз қолымен атқарған. Бірақ мұндай 

жағдайда тəжірибе қоюшының əрбір қимылы ит үшін қосымша 

тітіркендіргіш болып, оның жауап реакциясын не əлсіретіп, не 

күшейтіп отырған. Осымен байланысты бөгде тітіркендіргіш 

əсері болмау үшін тəжірибе кезінде итті дыбыс өткізбейтін ерек-

ше тұмшаланған бөлмеде - «үнсіздік камерасында» ұстаған 

(232-сурет). Тəжірибе жүргізуші камераның сыртында отырып, 

бақылауды алшақтан жүргізген. Тамақтандыру, тітіркендіру 

процестері арнаулы тетіктер арқылы атқырылған. 

И. П. Павлов үлкен ми жарты шарлары қыртысының əрекетін 

өзегі сыртқа шығарылған сілекей безінің шартты рефлекстік ре-

акциялары арқылы зерттеген. Шартты тітіркендіргіш ретінде 

əр түрлі бейтарап тітіркендіргіштер - қоңырау, жарық, т.б. қол-

да нылған. Бұл тəсіл И. П. Павловтың классикалық сілекей бөлу 

тəсілі деген атпен белгілі.

Бұл тəсілдің артықшылығы - бөлінген сілекей мөлшеріне қа-

рап ми қыртысындағы қозу жəне тежелу процестерінің күшін 

бағдарлауға мүмкіндік беруінде. Сілекей көп бөлінсе, қозудың 

күшті, аз бөлінсе, əлсіздеу болғаны. Бұл тəсіл негізінен иттің 

шартты рефлекстік əрекетін бақылауға мүмкіндік береді.




617

Малдың жоғары дəрежелі 

жүйкелік қызметін зерттеуде 

қазіргі уақытта кезінде В. М. 

Бехтеров пен В. П. Протопов 

иттің шартты рефлекстік əре-

кетін бақылау мақсатында қол-

данған қимыл-қорғаныс тəсілі 

кеңінен қолданылады. Үй жа-

нуарларының  сі ле кей  бөлуін-

де көптеген ерекшеліктер бар, 

сондықтан  И.  П.  Пав лов тың 

клас сикалық сілекей бөлу тəсі-

лін пайдалану нəтиже бер 

мейді. Осымен байланысты жылқы 

мен ірі қарада шартты рефлекс қалыптастыру мақсатында 

қимыл-қорғаныстық тəсілі қолданылады. Бұл жағдайда шарт-

сыз рефлекс ретінде ин дукциялық токпен əсер еткенде малдың 

аяғын бүгу реакциясы алынады. Токпен тітіркендіру үшін 

малдың алдыңғы сирағының жүнін қырқып, теріні ас тұзының 

ерітіндісімен дымқылдайды да, сол жерге индукциялық катуш-

камен жалғастырылған электрод бекітіледі (233-сурет). Əрбір 

ауырсыну əсері қорғаныстық реакция тудырып, мал аяғын бүгіп, 

көтереді. Аяқтың қимылын ауа үрленген арнаулы тіркегіш құрал 

арқылы кимографқа жазып отырады. Шартты сигнал ретінде 

əртүрлі дыбысты, заттың бейнесін, т.б. қолдануға болады.

Жануарлардың жоғары дəрежелі жүйке қызметін зерттеу үшін 

қимыл-қоректік тəсіл кең қолданылады. Бұл əдіс жануарлардың 

табиғи тіршілік əрекеттеріне сай келеді. Мал бөлмеде байланбай 

бос ұсталады. Шартты сигнал ретінде қоңырау, электр шамының 

жарығы, метрономның дыбысы, т.б. пайдаланылады. Шартсыз 

тітіркендіргіш ретінде астауға азық салынады. Шартты жəне шарт-

сыз тітіркендіргіштер əсері бірнеше рет тіркес қайталанғаннан 

кейін шартты рефлекс қалыптасып, мал сигналдан кейін астауға 

өзі барады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет