Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет276/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   295
Қағаз ақшалар – айналым құралы ретінде қолданылатын қағаз 
белгілері.
Қалыпты пайда – фирманың өзінің кәсіпкерлік қабілетін жүзеге 
асыруы-на және өз аумағында ұстанып қалуына мүмкіндік беретін 
кәсіпкерлік табыстың ең минималды көлемі; жасырын шығындар.
Қалыпты тауарлар – табыс өскенде (қысқарғанда) тұтынушының 
кез-келген бағамен үлкен (кіші) көлемде сатып алуға дайын тауарлары.
Қоғамдық игіліктер – нарық жағдайында өндіріле алмайтын 
және өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етілетін қоғам үшін маңызды 
пайдалылықтар алып келетін тауарлар немесе қызметтер.
Қолда бар табыс – жеке табыс салықтарын төлегеннен кейінгі 
тұтыну мен жинақтауға арналған жеке табыстар.
Қосарлы есептеу – аралық өнімдер құнын жалпы ішкі өнім 
құрамында есепке алу.
Қосылған құн – фирманың сатуға тиіс тауар құны мен сол 
тауарды өндіруге қолданылған және сатып алынған ресурстар құны 
арасындағы айырмашылық; жалақы, пайыз, рента және пайда сияқты 
табыстардың теңдігі.
Құнның еңбектік теориясыкез-келген тауар құны оның 
өндірісіне жұмсалған еңбектің шамасымен анықталатын дәлелдейтін 
маркстік тұжырымдама.
Құрылымдық жұмыссыздықтұтыну тауарларына сұраныс 
құрылы-мының және өндірістегі технологиялардың өзгеруіне 
байланысты болатын жұмыссыздық; фирмалар тарапынан кейбір 
мамандықтарға сұраныстың қысқаруынан немесе мүлдем жоғалуынан 
сол мамандық иелерінің мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз 
қалуы.
Қызмет, қызмет көрсету – тұтынушының, фирманың және 
мемлекеттің ақшаға айырбастай алатын қолға ұстап, көруге 
болмайтындардың барлығы.
«Қымбат» ақшалар саясаты – экономикалық белсенділікті тежеу 
үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту саясаты.
Күтімдер – тұтынушылар мен фирмалардың болашақта қандай 
жағдайлар орын алатындығы туралы жеке пайымдаулары.
Лаффер қисығы – салық мөлшерлемелері мен салықтық түсімдер 
арасындағы байланысты көрсететін және салықтық түсімдерді 


343
максимумға жеткізетін салық мөлшерлемесінің тиімді деңгейін (0-ден 
100%-ға дейін) анықтайтын қисық сызық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет