Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет40/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108
2.2.2 Мультисызық (МЛИНИЯ - МLINE) 
Мультисызық деп AutoCAD жүйесінде саны 1-ден 16-ға дейін болатын бірге 
сызылатын параллель сызықтардың жиынын айтады. Мультисызықты Млиния 
(mline) командасының кӛмегімен сызады. Команданы шақырғаннан кейін жүйе 
келесі сұрау қояды: 
Specify start point or [Justification/Scale/Stale]: 
(Начальная точка или [Расположение/Масштаб/Стиль]:) 
Бастапқы нүктені енгізгеннен кейін
жүйе келесі нүктелерді енгізуді сұрайды. 
Команданы 
аяқтау 
үшін 
Enter 
батырмасын басу керек. 
Мультисызықтың әр элементінің 
ӛзіне тән түсі мен сызықтың түрі болуы 
мүмкін. 
Мультисызықтың 
элемент-
терінің 
арасындағы 
қашықтықты 
қалауынша 
алуға 
болады. 
 
Мультисызықты сызу кезінде оның 
STANDARD атты бір стилі орнатулы 
болады. 
Мультисызықтың 
стилін 
ӛзгерту үшін Формат құлама мәзірінен 
Стили 
мультилиний 
диалогтық 
терезесін шақырту керек (2.33-сурет). 
Бұл терезеде Создать батырмасын 
бассаңыз жаңа стиль жасауға мүмкіндік 
аласыз. 
Егер 
орнатулы 
стильді 
ӛзгерткіңіз келсе Изменить батырмасын 
басасыз. 
Одан 
кейінгі 
шығатын 
диалогтық терезелерде мультисызықтың ӛз осіне қатысты орналасуын, 
сызықтарының арасындағы қашықтықтарын, сызықтарының түрлерін және 
2.33-сурет 
2.34-сурет 


54 
түстерін, шеткі жиектерін тұйықтау түрлерін (түзу немесе доға түрінде) ӛзгертуге 
болады. 2.34 – суретте Мультисызықтың әр түрлі стильде сызылуы кӛрсетілген.
2.2.3 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch) 
Сызықпен түрлеу кезінде Штриховка (Hatch) командасы қолданылады. Бұл 
команданы Рисование құлама мәзірінен немесе Рисование аспаптар панелінен 
пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Экранда Штриховка и 
градиент атты диалогтық терезе пайда болады. Бұл терезеде сызықшалаудың 
түрін, масштабын және сызықтардың кӛлбеулігін таңдап, тағайындауға болады 
(2.35-сурет).
Сызықпен түрлеудің екі тәсілі бар:
- Сызбадағы түрлеу орындалатын бӛлігінің ішіндегі нүктені нұсқау арқылы 
(Добавить: точки выбора); 
- Объектілерді таңдау арқылы (Добавить: выбрать объекты). 
2.35-сурет 
Сызықпен түрленген 
объект 
Ассоциативтік 
емес
сызықпен 
түрлеу 
кезіндегі 
объектіні 
ұзарту 
Ассоциативтік
сызықпен 
түрлеу 
кезіндегі 
объектіні 
ұзарту 
2.36-сурет 


55 
Сызықпен түрлеудің контурмен байланысы ассоциативтік және ассоциативтік 
емес болуы мүмкін (2.36-сурет). Ассоциативтік байланыс кезінде ассоциативтік 
сызықшалау орындалады, ол объект контуры ӛзгерген кезде бірге ӛзгереді. 
Ассоциативтік емес сызықпен түрлеу объектінің контуры ӛзгерген кезде 
ӛзгермейді.
Аннотативтік сызықпен түрлеу құм, бетон, болат, топырақ және т.б. 
материалдарды белгілеу үшін қолданылады. Аннотативтік сызықпен түрлеу қағаз 
парағының нақты форматы үшін анықталады. Аннотативтік сызықпен түрлеуді 
жеке объект түрінде немесе үлгі ретінде жасауға болады. Аннотативтік сызықпен 
түрлеудің бағыты әрқашан парақтың бағытымен сәйкес болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет