Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Синхронизация дəлдігінің шектелуі



Pdf көрінісі
бет149/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   160
Синхронизация дəлдігінің шектелуі
– донорлар мен реципиенттердің
жыныстық циклдары уақыттарының жəне жатырдың дайындығы мен эмбрионның
дамуының сəйкес келуі.
Сомаклондық өзгергіштік
(гр. soma – дене, clon ұрпақ, бутақ, ағ. somaclone
variability) – өсімдік жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының
тұрақты еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы – жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқындалады.
Сомалық (парасексуальдiк) будандастыру
(гр. soma – дене, para – маңында,
жанында, фр. sexe – жыныс, ағ. somatic hibridization) – будандастырудың жыныстық
шағылыстыру жолынан басқа жолы. Мұндай жағдайда ата-аналық жасушалар
ретінде оқшауланған денелік (сомалық) протопластарды пайдаланады; қосылған
протопластардан, кейіннен, регенерация арқылы будан, тұтас өсімдіктер (ағзалар)
пайда болады.
Сомалық будан
(ағ. somatic hybrid) – будан өсімдік немесе будан жасуша,
денелік (сомалық) жасушаларды будандастыру арқылы алынған.


266
Сомалық эмбриогенез
(гр. embryon – ұрық, genesis – шығу тегі, ағ. somatic
embryogenesis) – ұлпаларды жəне жасушаларды қоректік ортада өсіргенде ұрық
тəрізді құрылымдардың түзілу үдерісі, табиғи жағдайдағы ұрықтың дамуына өте
ұқсас болады.
Сорғалаң (течка)
– жыныс бездерінен, жатырдан жəне жатыр түтікшесінен
бөлінген шырыштардың көрініс беруімен аяқталатын, аналықтың жыныс
мүшелерінің қызарып, ісіну кезеңі.
Сперматозоид
– өздігінен қозғала алатын жəне аналық жұмыртқаға ену
арқылы аталықтың тұқымдық ерекшелігін болашақ ұрпаққа беру қабілеттілігіне ие,
ұсақ, гаплоидты аталық жасушалары.
Сплайсинг
(ағ. splice – тұтастыру, өріп қосу) – иРНҚ-ның транскрипциядан
кейінгі «пісіп» жетілуі, яғни информациясы жоқ өліктерінің (интрондардың) кесіліп
алынып тасталынуы жəне информациясы бар бөліктерінің (экзондардың) бір-
бірімен жалғасу үдерісі.
Стерилизациялау
– хирургиялық киімдерде, құрал-жабдықтар мен
зертханалық ыдыстардағы микробтар мен олардың спораларын жоюға бағытталған
жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет