Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Жасанды интеллектің міндетін тҧжырымдау ережелері



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
2.2.2. Жасанды интеллектің міндетін тҧжырымдау ережелері 
Әрбір есепті шешу үшін қажетті: біріншіден, нақты бұйым саласы үшін 
оны дәлелдеу; екіншіден, керекті шешім параметрлерін таңдау (нәтижелердің 
дәлдігі мен сенімділігін, жұмсалған уақыты және басқалар).
Есепті дәлелдеу – бұл модельге тәуелсіз кезең; есептің қойылуын 
айқындағанда шешім әдістерін емес, есептін табиғатын еске алу керек. 
Демек, «не керек» немесе «қандай мақсатқа жету керек» нұсқауларды 
тарылтып, «қалай істеу» диапазонды кең қалдыру қажет. 
Осындай қайшы талаптарды бір мезгілде қанағаттандыру үшін 
абстракты есепті тұжырымдау керек. 
Абстракты есептердің мысалдары: тізімдерді ӛңдеу, ықтималдықты 
есептеу, жорамалды негіздеу және т.б. 
Есепті қойылуы мысалы: шикі жұмыртқаны биік мұнарадан жерге 
сындырмай жеткізу. Шешімді тек жаңа әдіспен ғана табу керек. Осындай 
қарапайым есепті шешкенде, оқушылар кӛбінесе, жаңа әдісті табуға 
қиналады. Қойылу қателіктері мақсаттын тұжырымдауына (жұмыртқаны 
«лақтыру», не «түсіру») және сыртқы жағдайлары мен бастапқы күйлеріне 
(жұмыртқа жер бетінде жатыр, қатты емес бетке құлауы мүмкін, жұмыртқа 
қатырылған болу мүмкін және т.с.с.) қатысады. Кейін оқушылар «ең жаман» 
жағдайларды еске алдық деп түсіндіреді, бірақ есептің қойылуында ол 
туралы ештеңе айтылмаған.
2.2.3. Есепті шешудің параметрлерін таңдау
Маңыздылық жағынан бірінші параметр бұл шешімнің 
дәлдігі

Физикалық жүйелер үшін айқын және бірмәнді: килограмм, метр және т.с.с. 
сияқты ӛлшем бірліктер жүйесі бар Интеллектуалды жүйелер үшін жалпыға 
танылған әдістеме және ӛлшем бірліктер жоқ. Кӛбінесе, дұрыс шешімдердің 
пайызы туралы немесе алынған шешімдердің тәжірибелік жағдайдан ауытқу 
дәрежесі туралы айтады. Мысалы, медициналық жүйелер үшін 70%-дан 
астам дұрыс диагноздар саны жақсы деп есептеледі.
Екінші параметр – 
орнықтылық
(сенімділікке қойылған талаптар) - 
әртүрлі жағдайда сынау кезінде жүйенің мінез-құлығына қатысты. 
Интеллектуалды жүйелер үшін бірдей кірістік мәліметтерде әртүрлі шығу 
мәліметтер болу мүмкін. Интеллектуалды жүйе жиірек аумалы болады - бұл 
оның күшті қасиеті. Мысалы, «Келесі жылдың 1 қантарында доллар курсы 
қандай болады?» – деген сұраққа алынған жауап: 145 теңге. Қайтадан осы 


18 
сұрақты қояйық – жауап аламыз: 145 теңге 25 тиын. Айырмасы неліктен 
шықты, себебі әрбір сұраныста жүйе жүздеген және мыңдаған айқын 
байланыспайтың фактілерді модельдейді. Осындай болжамның пайдасы – 
бірдей сұрақты жүздеген рет қайталап, біз оқиғалардың ең ықтимал дамуын 
түсіне аламыз.
Сенімділік (дәл әрқашан жоспарланған (бастапқы күйлер «шамамен 
бірдей» болғанда) нәтижеге әкелетін қабілет) пен адекватты (дәл 
жоспарланған (берілген дәлдігі бойынша) нәтижеге әкелетін қабілет) 
параметрлерден кейінгі мүмкін болатын шешім сапасының үшінші ең 
маңызды сипаттамасы – 
үнемділік
. Шешім кейбір критерий бойынша немесе 
кейбір кӛзқарасы арқылы үнемді болады. Кӛбінесе, есептің шешу уақыты 
және есептің шешу құны туралы айтады. Кері вариант та болу мүмкін – 
қателіктің құны. Есептің шешу құны мысалы, мәліметтерді алудың жиынтық 
бағасынан тұруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет