Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет41/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   203
Шарттары:    жаңа  және  дәстүрлі  емес  оқыту  нысандарын 
қолдану;  ділгірлік  оқыту;  компьютерлік  технологияны  қолдану; 
интерактивті  компьютерлік  құралдарды  қолдану;  ӛзара  оқыту 
(жұптық, топтық); білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; 
сыныпта жағымды микроклимат жасау;  Педагогтің ӛз пӛніне, білім 
алушыларға  оң  кӛзқарасы;   білім  алушылардың  оқудағы 
жетістіктерін  кӛрсету;   білімнің  оны  ашқан  адамдардық 
тағдырымен  байланысы;   оқыту  нысандарын  және  әдістерін 
тұрлендіру. 
Гуманизациялау  (ізгілендіру)  принципі  -  білім  алушыға  деген 
ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Білім алушыға сенім 
артып,  оның  жеке  басының  қасиеттерін  ескеріп,  оқу-таным 
әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді 
жасау керек.  
Оқу  үрдісінде,  сабақтарда  білім  алушыларды  қорқытпай, 
қысымшылық-жасамай,  керісінше,  олармен  жылы  қарым-қатынас 
жасау  міндет.  Бұл  принцип  гуманитарлық  бағдарды  жүзеге 
асыруды  керек  етеді.  Мектептерде  білім  мазмұнын  жалпы 
адамзаттық  және  ұлттың  рухани  игіліктерге  қарай  бағыттау,  қазақ 
халқының  тарихын,  мәдениетін,  тілін,  дәстүрін,  кӛркемӛнерін, 
қолӛнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек. 
Бұл  принципті  іске  асыруда  халық  педагогикасының  маңызы 
зор.  Халық  педагогикасы  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  атадан 
білім  алушыға  ӛлмес  мирас,  ӛмірлік  мұра  болып  келе  жатқан 


 
96 
тәрбие  жӛніндегі  жинақталған  тәжірибесі.  Әсіресе  білім 
алушыларды  ізгілікке  тәрбиелеуде  халық  педагогикасының 
қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекшеліктері  
Шарттары:  оқытуда  жеке  тұлғаның  ар-намысына  тиетін 
жазалау  әдісін  қолданбау;  білім  алушының  ӛз  міндетін  орындауға 
деген  ықыласын  мақұлдау;  үлгерімі  нашар,  жауапкершілігі  тӛмен 
білім  алушыларды  әдепті,  бірақ  қатаң  түрде  айыптау,  оларға 
қателіктерін  шыдамдылықпен  түсіндіру;  білім  алушының  ӛзі 
туралы  жақсы  бағасын  ӛзіне  сенімін,  сый-құрметін  қалыптастыру; 
қол  жеткен  жетістіктерді  бекітіп,  тұрақты  түрде  талап  қою;  жеке 
тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың кӛрінуіне 
жол бермеу; білім алушыны түсіну, жақсы кӛру, бірақ талапта қою; 
білім  алушының  табысына  шынайы  түрде  қуану;  білім  алушының 
кӛңіл-күйін ескеру; білім алушының дене кемістігін сӛз етпеу; білім 
алушының  ӛздігін  баспау;  білім  алушыларды  басқа  білім 
алушылармен  салыстырмау;   білім  алушының  ар-намысына  тиетін 
сӛз айтпау. 
Мәселелік  принцип  –  оқу  үрдісінің  мазмұны,  әдістері, 
ұйымдастыру  нысандары  мәселелі  сипатта  болуын  талап  етеді. 
Мәселелі  оқыту  білімді  дайын  түрде  бермей,  білім  алушылардан 
ізденуін, 
дербестігін, 
шығармашылық 
ойлауын 
дамытуға 
бағытталады.  Мәселелік  принцип  –  білім  алушылардың  ойлау 
процесінің  психологиясына  негізделеді.  Ӛйткені  ойлаудық 
басталуы  мәселенің  болуына  байланысты,  басқаша  айтқанда, 
ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады. 
Интеграциялау  (кіріктіру)  принципі  –  жалпы  білім  мазмұнын 
анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда 
ескеретін  маңызды  принцип.  Интеграция  -  әр  түрлі  пәндердегі 
негізгі принциптер мен заңдылықтарды ӛзара тығыз диалектикалық 
бірлікте  қарастыруды  кӛздейді.  Сондай-ақ  мазмұны  жағынан  бір-
біріне  жақын  пәндердің  тіл  мен  әдебиет,  әдебиет  пен  тарих, 
математика мен информатика, ӛнер мен еңбек, этика мен әстетика, 
т.б.  ӛзара  және  жеке  пәннің  ішіндегі  материалдардық  арасындағы 
байланыстарын  анықтап,  білім  алушылардың  білімін  тереңдетуге 
болады.  Осыған  орай  интеграцияланған  пәндердің,  сабақтардың 
рӛлі ерекше.  
Біз  принциптерді  және  оларды  жүзеге  асыру  шарттарын 
қарастырдық.  Принциптерді  жүйелі,  кешенді  қолдану  керек. 
Оларды  кезекпен  қолдануға  болмайды.  Педагогтің  алдымен  бір 


 
97 
принцип  талабын,  содан  кейін  басқасын  орындаймын  деуіне 
болмайды.  Барлық  принциптердің  талаптары  бір  мезгілде 
орындалады.  Олардың  ішінде  негізгілері  және  кӛмекшілері  жоқ. 
Барлық  принциптері  бір-бірімен  байланысты.  Олар  бағыт  беріп 
отырады,  оқытуда  жақсы  нәтижелерге  жету  жолдарын  кӛрсетеді. 
Білімді  ізгілендіру  білім  алушының  дене  және  ақыл-ой 
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен 
күшпен  салыстырылады.  Принциптер  мүмкіндіктерді,  күшті  және 
нәтижелерді  мӛлшерлейді,  олар  бұзылмаса  тепе-теңдік  сақталады 
деп сеніммен айтуға болады. 
Қорытындылай  келе,  айтарымыз:  принциптер  әрқашан  белгілі 
жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, 
параллель  жүзеге  асып  отырады.  Оларды  кезекпен  немесе  бірінің 
орындалуымен екіншісіне тізбекті ӛте, пайдалану мүмкін емес.  
Барлық  принциптер  ӛзара  кіріге  ұштасқан,  сондықтан  бірінің 
талаптары,  екінші  бір  принцип  талаптарымен  мәндік  жақындыққа 
түсіп  жатады.  Олардың  бәрінің  де  қызметі  –  бағыттау,  оқудың 
сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын кӛрсету. Білімдендіру ісін 
гуманизациялаудың мәні – білім алушының тән-дене және ақыл-ес 
мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің 
нәтижесі  оған  жұмсалған  білім  алушы  күш-қуатының  деңгейімен 
салыстырылып,  бағаланады.  Принциптер  білім  алушының  табиғи 
және  әлеуметтік  мүмкіндіктерін,  күш  салулары  мен  еңбек 
нәтижелерін  қалыпты  мӛлшерлеп  отырады,  егер  қандай  да 
себептермен  ауытқуға  түспесе,  олар  арасындағы  теңдіктің 
сақталғаны.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет