Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Есептер  мен  жаттығулар  жинағы  -



Pdf көрінісі
бет29/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   158
Есептер  мен  жаттығулар  жинағы  -  өткен  оқу  материалын  әрекеттік 
деңгейде  меңгеру  мүмкіншілігін  туғызатын  тәжірибелік  есептер  мен 
жаттығулары бар басылым; 
 


57 
 
Зерттеу тақырыбының жәйін талдау 
Ғылыми ақпарат негіздері 
Монография  
Журнал 
материалдары 
Жинақтағы  
мақалалары 
диссертация 
Зерттеу өнімдері 
нәтижелері 
Мәнжазба  
Тезис  
Аннотация  
Логикалық 
құрылым 
Дәйексіз сілтеме  
Конспект  
өнімді талдау  
өнімді 
апробациялау  
Тәжірибеден 
ақпарат жинау 
әдістері 
конс
пект  
Мәнжазба  
Тезистер  
Аннотация  
Сілтеме  
Зерттелгенді 
тіркеу жолдары 
(фиксация) 


 
Библиография – баспа өнімдерін саяси, ғылыми, білім беру, тәрбиелік 
т.б.  мақсаттарда  кеңінен  қолдану  тұрғысынан  зерттейтін  ғылым.  Т  ақырып 
бойынша  толық  (кейде  таңдамалы)  әдебиеттер  тізімі,  сондай-ақ 
библиографиялық көрсеткіштер, шолулар. 
Хрестоматия  –  құрамында  құжаттар,  әдеби  туындылар  және  олардан 
үзінділер,  сонымен  бірге  оқу  пәніндегі  сұрақтармен  байланысын 
түсіндіретін  мәтіні,  әдістемелік  нұсқаулары  бар  оқулық  мазмұнын 
көрнектейтін мәтіндер жинағы; 
Мәтін  –хатта  немесе  баспасөзде  жарық  көрген  құжат  немесе  автордың 
шығармасы.  Мәтінмен  немесе  кітаппен  танысуды  бірнеше  кезеңге  бөлуге 
болады: 
Бірінші кезең – мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу: 
  Кітапты парақтау, оқығанға дейін суреттерін қарап шығу; 
  Бөлімдерімен танысу; 
  Кіріспесін оқу; 
  Мәтіннің назар аудартатын жеке бөліктерін оқу. 
Екінші кезең – мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу; 
  Маған қаншалықты қызық? 
  Бұл мәселе жөнінде не білемін? 
  Мазмұнында қандай идеялар жатыр? 
  Қандай жаңа нәрсе білуім мүмкін? 
Үшінші кезең – мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу. 
Төртінші кезең – ең бастысы мен қосымшасын бөліп алу.  
Бесінші  кезең  –  мәтін  мазмұнының  деңгейін,  логикалық  құрылым 
дәрежесін бағалау болып табылады.  
Теориялық  зерттеулерде  ең  басты  және  қосымша  деректерді, 
нақтылайтын  идеяларды  табуға,  дәлелдеуге  үйрету  негізгі  іс  болып 
есептеледі.  Зерттеу  жұмысында  ең  күрделісі  теориялық  зерттеу 
болғандықтан  зерттеушіні  ақпараттарды  талдауға,  ғылыми  мәтін  құруға 
үйрете беру қажет. Ғылыми мәтін деп отырғанымыз ғылыми-педагогикалық 
нәтижелерді  сипаттайтын  түрге  қойылатын  талаптарға  сай  педагогикалық 
ғылым  тілінде  және  принципінде  құрылған  мәтін.  Мұндай  мәтін  дайындау 
үшін  студент  тезис,  аннотация,  рецензия,  конспект  және  т.б.  ұғымдардың 
мәнін түсіне білуі қажет. Мысалы,  тезис – сұрақтың, тақырыптың қысқаша 
мазмұны.  Ол  зерттеушінің  айқын  логикалық  ойлауда  басты  нәрсені  бөліп 
алу  білімін  талап  етеді.    Аннотациялау  –  кітап  пен  мақала  мазмұнының 
қысқаша  жазылуы.  Рецензия  –  ғылыми  жұмысқа  немесе  әдеби-көркем 
шығармаға дәлелді пікір беру. Ал, конспект – мазмұн жазудың күрделі түрі.  
Жалпы  ғылыми  ізденісте,  зерттеу  нысаны,  оның  көптеген  ғылыми-
педагогикалық  мәтіндер  мен  құжаттардан  алынған  ғылыми  ақпараттар 
ғылыми  түсініктер  мен  ғылыми  атаулардан  тұрады.  Сондай-ақ,  зерттеу 
мәселесінің  жағдайын  жедел  тану  үшін  негізгі  түсініктерді  іріктеу  және 
оларды  жан-жақты  қарастыру  қажет.  Яғни,  әрбір  термин  сөзге  мән  беру 
керек. Термин – қайсыбір теорияның шегінде заттарды бір мәнді түсіндіруге 


 
59 
пайдаланылатын сөз немесе сөз тіркесі ғылыми және тәжірибелік мағынада 
дәл  шектелген  түсінік  болса,  терминология  –  ғылым,  техниканың  және 
қандай да бір арнайы аймақтың белгілі бір түсініктерінің аталымдары болып 
табылатын терминдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, зерттеуші зерттеу 
мәселесіне қатысты термин сөздердің мағынасын, оның қолданылу аймағын, 
мазмұнын түсіне  білуі  қажет.  Мысалы,  корреляция  сөзі,  бір  құбылыс  басқа 
құбылыстарды  анықтайтын  себептердің  қатарында  болса,  немесе  осы 
құбылыстарға  әсер  ететін  ортақ  себептер  болса,  осындай  құбылыстар 
арасындағы байланыстарды белгілейтін түсінік.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет