Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет70/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158
Дипломдық 
жұмыстың 
кіріспе 
бөліміндегі 
ғылыми 
аппараттарды жалғастыр:... обьекті,... 
4.Толықтырыңыз:  Ранжирлеу  –  жинақталған  деректердің  белгілі  бір 
жүйемен орналасуы, обьектілердің осы  .............................анықтау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
109 
10-тарау.  ОЗЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТӘЖІРИБЕНІ  ЗЕРТТЕУ 
ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ 
 
Жоспары: 
10.1 Мұғалімдердің озық тәжірибесі, оның түрлері 
10.2 Педагогикалық зерттеудің кезеңдері 
10.3 Озық педагогикалық тәжірибені тарату 
 
Практикалық сабақтар мазмұны: 
№10 Зерттеудің нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмысты 
дайындау 
Мақсаты:  Ғылыми-педагогикалық  зерттеуге  қойылатын  талаптарды 
ескере  отырып,  жинақталған  материалдарды  жүйеге  келтіріп,  ғылыми 
жұмысты дайындауға үйрену. 
Жоспары: 
1.  Теориялық және әдістемелік біліміңізді еске түсіріп, жаңғырту. 
2.  Зерттеу жұмысының құрылымы, әр кезеңнің материалдарын ретімен 
орналастыру 
3.  Әр  кезеңнің  материалдарын  ретімен  жүйеге  келтіріп,  тұтас  ғылыми 
жұмысты дайындау. 
4.  Әрбір кезеңге сипаттама беру 
5.  Зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқау дайындау 
Әдістемелік  нұсқаулар.  Зерттеу  жұмысының  жалпы  құрылымын  еске 
түсіріп,  әрбір  кезеңге  сәйкес  материалдарды  орналастырыңыз.  Мұқаба, 
жоспар (мазмұн), кіріспе, теориялық және педагогикалық эксперимент, әрбір 
бөлім  бойынша  қорытынды,  жалпы  қорытынды,  мәтіндегі  пайдаланған 
әдебиеттердің жазу тәртібіне көңіл бөл. 
 
 
10.1  Қазіргі  заманғы  мектепте  педагогикалық  қызметте  асыруға 
болатын  орасан  зор  педагогикалық  тәжірбие  жинақталған,  бірақ  олардың 
бәрі  бірдей  қолданыла  бермейді,  өйткені  көптеген  мұғалімдер  мен 
басшылықта ол тәжірбиені зерттеу және қолдану қажіттілігі қалыптаспаған, 
сол  сияқты  ол  тәжірбиелерді  таңдау  мен  талдаудың  дағдысы  мен  іскерлігі 
жетісе  бермейді.  Мұғалімдер  нақты  іс-әрекетінде  өзінің,  сол  сияқты 
әріптесінің  де  педагогикалық  тәжірбиесіне  талдау  жасаудың  қажеттілігіне 
мән бермейді. 
Озық  педагогикалық  тәжірбие  тарихилығымен  ерекшеленеді,  өйткені 
әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа 
да  мүмкіндіктерінің  кеңеюімен  педагогикалық  қызметтің  жаңа  талаптары 
пайда  болады.  Сонымен  бірге  озық  тәжірбие  педагогика  ғылымы  мен 
тәжірибенің  қазынасын  үнемі  толықтырушы,  жаңартушы  қызмет  те 
атқарады.  Озық педагогикалық тәжірбиені  жасау  және  таратуда  мұғалімнің 
позициясы  үлкен  рөл  атқарады,  сондықтан  нақты  тәжірбиенің  жетекші 
ережелеріне  талдау  жасап,  оны  қолдануға  кіріскенде  субъективті 


 
110 
факторлардың  ықпалын  ескеру  арқылы  оның  нәтижесімен  педагогикалық 
ұжымға  кірігуіне  болжам  жасау  қажет.  Педагогикалық  тәжірбиеде 
объективті  және  даралық  құндылықтар  бір-бірімен  астасып  жатады,  бірақ 
педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің 
игілігі  бола  алмайды.  Тек  жеке  тұлғаның  жаңа  тәжірбие  жасауға  ықпал 
жасайтын  бірегей  және  қайталанбас  ерекшеліктері  ғана  назарға  алынады. 
Озық  педагогикалық  тәжірибе  бұқаралық  негізде  қалыптаса  отырып, 
объективті  педагогикалық  заңдылықтарды  игерудің  деңгейін  де  танытады 
(Ю.К.  Бабанский).  Озық  педагогикалық  тәжірибенің  бір  түрі  болып 
есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік 
тәжірбиелерден  теориялық  талдау  және  жинақтауға  алып  баратын  басқыш 
сияқты.  Жаңашылдық  пен  педагогикалық  зерттеудің  бірегей  үлгісін 
көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончаров, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, 
В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. 
Эрдинов,  Е.  А.  Ямбург  және  т.б.  ғалымдар  мен  педагогтардың  тәжірбелері 
мұғалім қауымына көп көмегін тигізді.  
Мұғалім  қызметінің  инновациялық  бағыттылығының  екінші  құрамды 
бөлігі  –  психологиялық-педагогикалық  зерттеулердің  нәтижесін  және 
педагогикалық  қызметтің  тәжірибесін  ендіру.  Педагогика  мен  психология 
бойынша  ғылыми  зерттеудің  нәтижелері  уақтылы  хабардар  ету  мүмкіндігі 
болмағандықтан  мектеп  қызметкерлеріне  белгісіз  болып  қалып  отыр. 
Педагогикалық 
зерттеудің 
нәтижелерін 
тәжірибеге 
енгізу 
үшін 
қызметкерлер  алынған  нәтижелермен  арнайы  танысады,  оны  іске  асыруды, 
сол  арқылы  осы  негізде  ғылыми  зерттеу  нәтижесін  тәжірибеде  қолдануға 
деген қажеттілігі анықталғандығы жайында В. Е. Грурман, В. В. Краевский, 
П.  И.  Керташева,  М.  Н.  Скаткин  және  басқа  ғалымдардың  арнайы 
еңбектерінде  атап  айтылған.  Мамандар тарапынан  жедел  әдістемелік  көмек 
көрсету  арқылы  бұл  ғылыми  ұсыныстарды  іске  асыру  әдістері  мен 
тәсілдерін игеруге болады.  
Осыған  байланысты  жаңа  педагогикалық  идея  мен  технологияның 
насихатшысы  және  таратушысы  кім  болады  деген  сұрақ  туындайды.  Жеке 
мұғалімнің,  мектептің  тәжірбиесін,  ғылыми  зерттеу  мен  таратуды  мектеп 
директорының  ғылыми  істер  жөніндегі  орынбасары  немесе  оқу  ісінің 
меңгерушісінің  жетекшелігімен  жан-жақты  дайындалған  мұғалімдер  тобы 
жүргізуі тиіс.  
Бұндай  топты  құрудың  қажеттілігі  бірқатар  жағдайларға  байланысты. 
Біріншіден,  педагогикалық  жаңалықтың  немесе  түбірлі  педагогикалық 
идеяның,  технологияның  авторы,  оның  құндылығы  мен  перспективалығын 
аңғара бермейді. 
Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын 
іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді.  
Үшіншіден,  жаңалық  автордың  баяндауында  жүйелі  ғылыми  және 
әдістемелік негіздеме таба алуы мүмкін. 
Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы 
баяндалғанда  өзінің  немесе  әріптестерінің  жеке  тұлғалық  ерекшеліктеріне 


 
111 
байланысты  мұғалім-әріптестері  тарапынан  «кері  тебу»  реакциясына  тап 
болуы мүмкін.  
Бесіншіден,  аталған  топтың  функциясы  идеяны  іске  асырумен 
шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады.  
Алтыншыдан,  бұндай  топ  педагогикалық  мониторинг  қызметін 
атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғарғы оқу 
орнының  тәжірбиесі  бойынша  жаңа  идеялар,  технологиялар  жүйелі  түрде 
талдап, іріктеп отырады. 
Педагогикалық  жаңалықты  тәжірибеге  енгізу  қызметін  басқару  бұл 
жұмысқа  автордың  қатысуын  жоққа  шығармайды,  қайта  оның  дербес 
шығармашылық  мүмкіндіктеріне  ынталандырып,  қабілетін  дамытуға 
қолайлы  жағдай  жасайды.  Осылайша  мектеп  жағдайында  педагогикалық 
инновацияны  жасаушылар  мен  насихаттаушылардың  күші  біріктіріледі. 
Нақты  тәжірибеде  инновациялық  үдерістердің  сипаты  алынған  нәтиженің 
мазмұнымен,  енгізілуге  тиісті  жаңалықтың  маңыздылығымен,  сол  сияқты 
практиктердің 
инновациялық 
қызметіне 
дайындығының 
деңгеімен 
ерекшеленеді.  
  Инновациялық  бағыттылық  белгілі  бір  жаңа  енгізілімнің  тиімділігіне 
баға беретіндей  нақты  критерийлерді  пайдалануды  қажет  етеді.  Педагогика 
бойынша  зерттеу  тәжірбиелеріне  сүйене  отырып,  педагогикалық 
жаңалықтың  мынадай  критерийлер  жиынтығын  анықтауға  болады: 
бұқаралық тәжірбиеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі. 
  Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірбиеге де 
баға  беруде  басшылыққа  алынатын  жаңашылдық  деп  білеміз.  Сондықтан 
инновациялық 
үдеріске 
тартқанда 
олардың 
еріктілігін, 
тұлғалық 
ерекшелігін,  дербестік  психологиялық  мінездемелері  ескерілуі  тиіс. 
Жаңашылдықтың  бірнеше  деңгейін  бөліп  көрсетуге  болады.  Олар: 
обсолютті,  локальді-абсолютті,  шартты,  субъективті,  танымдылық  деңгейі 
және қолдану аймағы.  
  Критерийлер  жүйесіндегі  оптималдық  нәтижеге  қол  жеткізуге  
мұғалім  мен  оқушының  жұмсаған  күшінің  шығынымен  қолданған  тәсілінің 
тиімділігін  айқындайды.  Әртүрлі  мұғалімдер  әртүрлі  еңбек  жағдайымен 
бөлек  оқушылар  ортасында  бірдей  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізеді.  Оқу 
процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін 
және  аз  уақыт  жұмсап  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізу  оның  оптималдығын 
білдіреді. 
  Нәтижелік  инновацияның  критерийі  ретінде  мұғалім  қызметіндегі  оң 
нәтижелердің  барынша  тұрақтылығын  білдіреді,  өлшемдегі  технологиялық, 
нәтижені  бақылау  мен  белгілеудегі,  түсіну  мен  баяндаудағы  тұтастық  бұл 
критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін 
бағалаудың басты құралына айналдырады.  
  Инновациялық  бұқаралық  тәжірбиеде  шығармашылықпен  қолдану 
мүмкіндігі  педагогикалық  инновацияны  бағалаудың  критерийі  ретінде 
қарастырылады.  Шындығында,  құнды  педагогикалық  идея  немесе 
технология  шартты  ерекшеліктерімен  тар  шеңберге  тығылып,  қолдану 


 
112 
мүмкіндігі  шектеулі  болса,  онда  біз  педагогикалық  жаңашылдық  туралы 
айта алмас едік. 
  Бұқаралық  педагогикалық  тәжірбиеде  қолданудың  бастапқы  кезеңі 
жекеленген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар 
сыннан  өтіп,  объективті  баға  алған  соң  ғана  жалпыға  бірдей  қолдануға 
енгізуге ұсынылуы мүмкін. 
  Жоғарыда 
аталған  критерийлерді  білу  және  педагогикалық 
инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз 
қалайды. 
  Арнайы  әдебиеттерді  және  мектеп  қызметінің  тәжірбиесін  талдағанда 
оқу  орнының жұмысында  педагогикалық  жаңалықты  тәжірибеде  қолдануға 
белсенділіктің  төмен  екендігін  аңғарамыз.  Ал  осындай  педагогикалық 
инновациялардың  іске  асырылмай  қалуының  ең  кем  дегенде  екі  себебін 
атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан 
өте  бермейтіндігі.  Екінші  себеп,  педагогикалық  жаңылықты  көбіне 
ешқандай  алдын  ала  ұйымдық,  техникалық,  ең  бастысы  тұлғалық, 
психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі. 
  Педагогикалық  инновацияның  мазмұны  мен  критерийлерін  тап  басып 
тану,  оларды  қолданудың  әдіс-тәсілін  меңгеру  жеке  мұғаліммен  бірге  оқу 
орнының жетекшісіне  де  оны  енгізуді  объективті  бағалау  мен  болжамдауға 
мүмкіндік  береді.  Мектептерде  жоғарының  нұсқауымен  енгізілген 
инновациялық  жаңалықтар  қысқа  мерзімде  ұмытылып  кетеді  немесе 
бұйрықпен тоқтатылады.  
  Осы  сияқты  жағдайлардың  негізгі  себептерінің  бірі  –  мектептік 
инновациялық  ортаның  ұйымдық,  әдістемелік,  психологиялық  сипаттағы 
оқу  үдерісінде  инновацияны  енгізуді  қамтамасыз  ететін  кешенді 
шаралардың 
болмауы. 
Бұндай 
инновациялық 
ортаның 
болмауы 
мұғалімдердің  әдістемелік  тұрғыдан  дайындықсыздығын,  оларда  жаңа 
енгізілімнің  мәні  туралы  мағлұматтың  аздығынан  байқалады.  Ал  қолайлы 
инновациялық  орта  педагогикалық  ұжымда  мұғалімдердің  жаңа  енгізілімге 
«қарсылық»  коэффициентін  төмендетеді,  кәсіптік  қасаңдықты  жоюға 
көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға 
қатынасынан нақты көрініс табады.  
Тәжірбие  10.  Педагогика  ғылымының  оның  қолданбалы  саласындағы 
мәні  озық  педагогикалық  тәжірибені,  оны  тарату  және  тиімді  енгізу 
жағдайларын зерттеу болып табылады. 
  Озық  педагогикалық  тәжірбие  дегеніміз,  қоғамдық  педагогикалық 
қызыметтің  бастауы  ретінде,  нақты  жағдайларды,  оқушылар  ұжымының 
және  жеке  тұлғаның  ерекшеліктерін  ескерумен  бірге,  мұғалімнің  жұмыс 
тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі 
және  іске  асыру  деген  сөз.  Озық  педагогикалық  тәжірбие  оқушыларды 
тәрбиелеу  және  оқытудың  жаңа  идеяларын  түрлі  тұрғыдан  қарау  және 
технологиялардың бастауы. 
  Озық  тәжірибені  зерделеу  және  қорыту  педагогика  ғылымын 
дамытудың  негізгі  қайнар  көздерінің  бірі  болып  табылады,  өйткені,  бұл 


 
113 
әдәіс  өзекті  ғылыми  мәселелерді  табуға  мүмкіндік  береді,  педагогикалық 
үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды. 
  Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:  
  а)  педагогтың  ғылыми  ұстанымдары  біліктілікпен,  ұтымды  кешенді 
пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі; 
  ә)  педагогикалық  жаңашылдық,  яғни  жаңа  білім  беру  қызметін 
көрсетулері,  оқытудың  жаңа  мазмұны,  нысандары  мен  әдістері,  тәсілдері 
мен  құралдары,  т.с.с  өзінің  шығармашылық  табыстарымен  байытылған 
тәжірибе. 
  10. Озық тәжірибенің критерийлері: 

 
Жаңашылдық  –  белгілі  бір  қалыптасқан  әдістемені  жоққа  шығару 
емес, оны жетілдіру, толықтыру; 

 
жоғары нәтижелілік; 

 
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік; 

 
тұрақтылық; 

 
тәжірибені  басқа  да  педагогтар  мен  оқу  орындарының  пайдалану 
мүмкіндігі; 

 
тәжірибенің оңтайлылығы; 

 
көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін 
құндылығы; 

 
оптималдық; 

 
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі. 
Білім  беру  мекемелеріндегі  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу, 
жинақтау  ісі  күрделі  және  шығармашылық  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Педагогикалық  тәжірибе  –  оқыту,  білім  беру  және  тәрбие 
тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі, оқушының жеке тұлғалық сапаларынан 
көрінетін, белгілі мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс. 
  Көпшілік  мұғалімнің  педагогикалық  тәжірбиесі  –  бұл  педагогика 
ғылымының  жетістіктерін  қолданып  жұмыс  істеп  жатқан  білім  беру 
ұйымдарының тәжірбиесі. 
 
  Озық  педагогикалық  тәжірбие  сөзін  түрліше  түсінеміз.  Кең  мағынада 
озық  педагогикалық  тәжірибе  –  мұғалімнің  шеберлігінің  жоғары  деңгейі, 
тұрақты  педагогикалық  нәтиже  беретін  оқыту  және  тәрбие  тәжірибесі. 
Мұғалімнің  тәжірибесіндегі  жаңалық  болмауы  мүмкін,  бірақ  ол  ғылымда 
белгілі принціптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге 
үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. 
  Педагогикалық  озық  тәжірибенің  тар  мағынасы:  шығармашылық 
ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, 
себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте 
осы  тәжірибені  талдап,  баға  беріп  тарату  керек.  Ал  бұл  оңай  емес,  себебі 
мұғалім  ғылымда  белгілі  принціптер  мен  әдістерді  қолданып,  немесе  ескі 
әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, бірақ 
жаңашыл  мұғалімдердің  іс-тәжірибесін  жан-жақты  талдап,  қорытындылап, 
тарату керек.  


 
114 
  Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет