Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті құрылымын тұтас



Pdf көрінісі
бет86/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті құрылымын тұтас 
меңгеруі деңгейін анықтау әдістемесі 
 
Төменгі  сынып  оқушыларының  оқу  әрекетінің  құрылымын  толық 
меңгеру  дәрежесін  анықтау  мақсатында  мынандай  тапсырмаларды  ұсынуға 
болады: 
1.  Кез  келген  тапсырманы  (есепті)  орындау  үшін  не  істеу  керек  екенін 
жаз; 
2.  Математика  сабағында  есеп  шығарғанда,  қазақ  тілінде  жаттығу, 
дүниетану  сабағында  тапсырмаларды  орындағанда  бәріне  ортақ 
сәйкестілік бар ма? Болса, оларды жаз. 
3.  Математика  сабағында  теңдеу  шешу  мен  арифметикалық  есеп 
шығаруда оларға ортақ не бар? Болса, ол не? 
4.  Күзгі 
өсімдіктер  мен  күздегі  жан-жануарлар  тіршілігіндегі 
өзгерістерді  түсіндіруде  сәйкестілік  (ортақ  қолданылатын  амалдар  ) 
бар ма? Болса, ата. 
5.  Әр  түрлі  пәндерден  тапсырмаларды  ұсынып,  нақтылы  орындалуын 
талап  етуге  болады  (...  жаттығуды,  есепті,  тапсырманы  орындау  үшін 
не істейсің?). 
 
Тапсырмаларға  берілген  жауаптарды  талдау  арқылы  оқу  әрекетінің 
толық құрылымын меңгеру деңгейі анықталады. 


 
139 
 
Жоғарыда  көрсетілген  тәсілдердің  тізбегін  шығармашылықпен 
жетілдіре түссеңіз, қорытынды ауқымды болады. 
 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  әрекетінің  қалыптасу  деңгейін 
анықтау  көрсеткіші  ретінде  мыналарды  атауға  болады:  мақсаттылық, 
саналылық,  жинақтылық,  жоспарлылық,  толықтылық,  тұрақтылық,  іс-
әрекетке деген қарым-қатынас, дербестілік. 
 
Оқу  әрекетінің  қалыптасу  деңгейін  анықтап  алғаннан  кейін,  оны 
қалыптастырудың әдістемесі дайындалады. Ол келесі бөлімде беріледі. 
 
 
      ІІ.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  әрекетін  қалыптастыру 
әдістемесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет