мен жаккардты ірі суретті жайма алды. Кейбір трикотажды жаймалардың жылусақатғыш қасиетін жоғарылату үшін олардың теріс жағын таралған түкпен жасады. Бұйымды модельдеуге арналған трикотажды жаймаларды таңдау кезінде, сондай-ақ, осы жаймалардан киімді конструкциялау кезінде көптеген көлденең тоқылған өрімдер бойлық бағытта трикотаждың отыруын және көлденеңде созылымдығын ұлғайтатындығын ескеру қажет. Созылмайтын трикотаждың жаңа құрылымы ерлер костюмін модельдегенде және дайындағанда қолданылады. Бұл трикотаж құрылымында синтетикалық талшық бар, ол синтетикалық талшықты жұмсарту температурасы кезінде пішіннің қалыптасу қасиетімен си- патталады және әртүрлі ерлер костюмінің моделін жасауға мүмкіндік береді. Трикотаждық созылмайтын жаймалар әйелдер костюмі мен жеңіл