Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет383/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   417
Сурет 8.14 - Қасқыр 
Қасқыр мен шибөрінің терілерінің экономикалық мәні аз ғана, жы- лына 
тағайындалатын терілер саны 32 және 23 мың дана.
 
Белгілері.  Қасқырдың  түкті  жабынының  түсі  ақ-сұрдан  құмды-  сарыға 
дейін болады, көбінесе сұр, сары немесе қара реңді түрі көп кездеседі. Жон 
арқасының  алдыңғы  бөлігінің  түкті  жабынының  түсі  аса  тұнық.  Желкесі, 
аяғы,  жон  арқасынан  ашығырақ.  Түкті  жабыны  қылшықты,  қалың  және 
үлпілдекті.
 
Шибөрінің бояуының негізгі түрі арқасында қара рең беретін сары  -сұр 
түсті болып келеді. Басы және аяғы сары. Шибөрінің терісі қасқыр терісінен 
кішірек,  аяқтары  жіңішке,  түкті  жабыны  сирек  және  талшықты  болып 
келеді.
 
Қасқыр  терісінің  ұзындығы  100-160  см,  құйрығының  ұзындығы  35-  50 
см  аралығында.  Шибөрі  терісінің  ұзындығы  70-85  см,  құйрығының 
ұзындығы 22-25 см аралығында.
 
Қасқыр  терілерін  қасқыр  терілеріне  ұқсас  ит  терілерімен  сирек 
шатастырады.  Мұндай  терілерді  келесі  белгілері  бойынша  ажыратуға 
болады:
 
226 


қасқыр  терілерінде  жон  арқасы  мен  төбесіндегі  қылшық  шаштарының 
анық айқындалған зоналылығы бар: тұнық және ашық зоналары кезектеседі. 
Бұл зоналық иттерде жоқ;
 
иттердің  терілерінің  артқы  жағындағы  санындағы  шаштары  ұзын.  Ал 
қасқырда  бұл  жоқ;  иттерге  қарағанда,  қасқырлардың  терілерінің  маңдай 
бөлігі өте кең, көз тесіктерінің аралығы өте үлкен;
 
иттердің тырнақтары аса өтпейтін, кең ақ түсті. Қасқырлардың тырнағы 
жіңішкерек өте өткір, қанық және қара түсті;
 
қасқырлардың  мойнының  түкті  жабыны  жұмсақ,  ал  иттердікі  өскінді 
талшықты.
 
Жанат  тәрізді  иттер  және  жанат  терілері.  Жанат  тәрізді  ит-  тер  және 
жанат  климаты  жақсы  қалыптасқан  европа  елдерінде  және  Сібірде 
мекендейді.
 
Жанат  тәрізді  иттер  (сурет  8.15)  аң  шаруашылығының  дамыған 
обьектісіінің  бірі.  Ол  өте  жоғары  сапалы  ұзын  шашақты  мамық  береді. 
Сыртқы түрі түлкіні еске түсіреді.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет