Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет97/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1. Мекеменің тапсырушыға бағдары
Мекеме толықтай өзінің тапсырушыларына тәуелді болады, сондықтан тапсырушының қажеттіліктерін түсіну, оның талаптарын орындау және үмітін ақтауға тырысу қажет. Тіпті, минималды талаптарға жауап беретін сапа жүйесі де ең алдымен, тұтынушы талаптарына бағытталуы тиіс. Клиент сұраныстарына бағытталудың жүйелік әрекеті тапсырушылардың шағымдары мен арыздарын жинап, талдаудан басталады.
Шағымдар мен арыздарды талдаудың тәжірибесін көптеген сапа жүйесі белгіленбеген ұйымдар жүргізеді. Бірақ TQM-ді қолдану шарттарында ақпарат бірнеше мәліметтер көзінен жүйелі түрде түсіп, нарық немесе нақты тапсырушының сұраныстары мен тілектеріне қатысты нақты және негізделген қорытындылар алуға мүмкіндік беретін процесте интеграциялануы тиіс.
Өз шеңберінде TQM жүйесін енгізетін ұйымдарда барлық ақпараттар мен мәліметтер мекеме ішінде толығымен таралуы керек. Қазіргі жағдайда мекеменің іс-әрекетін тұтынушылық бағалауды анықтауға және мекеменің тапсырушыларды қанағаттандыра алу деңгейін өзгертуге бағытталған процестер енгізіледі.
2. Басшылықтың жетекшілік рөлі
Мекеме басшылары бірыңғай мақсаттар мен іс-әрекеттің негізгі бағыттарын, сондай-ақ оларды іске асыру тәсілдерін бекітеді. Олар мекеме ішінде қызметкерлер қойылған мақсаттарға қол жеткізу процесіне максималды түрде жұмыс істейтіндей микроклимат жасауы тиіс.
Қызметтің кез келген бағытында максималды өндірістілік деңгейін алу және тапсырушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыру бойынша барлық процестердің құрылуына кепілдік берілетін басшылық қамтамасыз етіледі.
Мақсаттар қою және оладың басшылық жағынан орындалу талдауы, сапа бойынша жоспарлар мекеме дамуының стратегиялық жоспарына енгізілуі сияқты, басшылық әрекетінің тұрақты құраушысы болуы керек.
3. Қызметкерлерді тарту
Ең жоғарғы басшылықтан жұмысшыға дейінгі бүкіл персонал сапаны басқару бойынша жұмыстардың барлығына қатысуы керек. Персонал мекеменің ең үлкен байлығы ретінде қарастырылады және оның барлық шығармашылық потенциалын максималды пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалады.
Ұйым мақсаттарын іске асыру процесіне қатысатын қызметкерлердің оларға берілген міндеттерді орындау үшін сәйкес біліктілігі болуы керек. Сондай-ақ мекеме басшылығы жеке қызметкерлердің мақсаттары мекеменің мақсаттарына максималды түрде жақын болуын қадағалау керек. Бұл жерде қызметкерлерді материалдық және моральдық жағынан қолдау үлкен рөл атқарады.
Мекеме персоналы командадағы жұмыс әдістерін игеруі керек. Тұрақты жақсару бойынша жұмыстар сәйкесінше ұйымдастырылып, топтастырылып жүргізіледі. Сонымен бірге команда жұмысының жиынтық нәтижесі жеке орындаушылар жұмысының нәтижесінен едәуір жоғары тұратын синергиялық әсерге қол жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет