Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет46/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
22
Нағыз достық
қанатты сөз
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


61
2. Кестені толтыр.
Нақыл сөздер
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Мақал-мәтелдер
Қанатты сөздер 
  
3.  Марк 
Твеннің  қандай  әңгімесін  оқып  едің?  Есіңе  түсір. 
Оқи ғаны жазушы қалай аяқтағанына мән беріп оқы.
Батылдық
Бір  сағат  өтті.  Жаттауды  оқыған  оқушылардың 
гуілінен сыныптағы ауа біртүрлі ұйқы келтіреді. Доббис 
мырза  үстелдің  жәшігін  ашты  да,  кітапқа  қолын  соз-
ды. Алсам ба, алмасам ба дегендей кідірді. Балалардың 
көбі оның бұл қимылына жай ғана қарады. Ал олардың 
ішінде екеуі шыдамсыздана күтті. Доббис мырза әуелі 
кітапты  сипады.  Сонан  соң  қолына  алып,  орындыққа 
дұрыстап отырды да, оқуға кірісті. Том Беккиге қарап 
қойды. Ұсқыны жоқ, мергеннің көздеуіне іліккен үркек 
қоянға ұқсап, әрең отыр. Том сол бойда онымен керісіп 
қалғанын ұмытып кетті. Тезірек көмек беру керек!
Жағдайдың қиындығы сол – бір нәрсені ойлап таба-
тын уақыт жоқ. Тамаша! Керемет ой келді. Ол жүгіріп 
барып,  кітапты  алып,  есіктен  шығып  кетеді.  Бірақ 
сәл-пәл  ойланып  қалды  және  оңтайлы  сәт  өтіп  кетті: 
мұғалім кітапты ашып үлгерді. Сәл ертерек қимылдап, 
сол сәтті ұтымды пайдаланса ғой!
Үнсіз сәл үзіліс. Сол сәл үзілістің ұзақтығы сондай, 
тіпті онға дейін санап үлгеруге болады. Мұғалім ашуға 
булығып, ақыры:
–  Кім  мына  кітапты  жыртқан?  –  деп  сұрады.  Бір 
дыбыс  жоқ.  Түйреуіштің  түсіп  кеткенін  де  естуге  бо-
батылдық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


62
латын. Бәрі үнсіз. Мұғалім кінәліні іздеп, әр баланың 
жүзіне көзін қадады.
Бенджамин Роджерс, сен бе кітапты жыртқан?
Жоқ, ол емес. Тағы тыныштық.
Джозеф Гарпер, сен бе?
Жоқ, ол да емес. Мұғалім балалардың қатарын қарап 
болып, қыздар жаққа бұрылды.
– Эмми Лоуренс?
Қыз басын шайқады.
– Грейси Миллер?
Ол да солай.
Ендігі кезекте Бекки Тэчер. Томның қол-аяғы бірдей 
дірілдеп кетті. Жағдай өте қиын еді.
Дәл  осы  сәтте  Томның  басына  найзағайдай  жарқ 
етіп, бір ой келе қалды. Ол орнынан атып тұрып:
– Мұны жасаған мен! – деп айқайлап жіберді. Том 
бір минуттай тұрды да, шашылған ойларын жинап, жа-
заны  қабылдау  үшін  алға  шықты.  Беккидің  көзіндегі 
таңдану, алғыс оған берілген марапаттай еді.
Марк Твен
Орыс тілінен аударған Ф. Оңғарсынова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет