Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет57/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
 
Жыл санау
1. Мәтінді оқы. 
Жыл басы
(Ертегі)
Қазақтың  есептерінде  жылдан  үлкен  мүшел  деген-
дер бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың 
аттары әр хайуанның аттарына ұқсайды. Мысалы: әуелі 
жыл мүшелде – тышқан, екінші – сиыр, онан соң – ба-
рыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит 
және доңыз. Сол жылдарды білетін қазақтарға кісінің 
қай  жылда  туғанын  айтса,  адамның  жасын  тауып 
береді.
Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол хайуандар 
жыл басы болуға дауласыпты. Сонда жылқы айтыпты: 
«Мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, менің 
күшімді  көреді,  сүтімді  ішеді,  қылыма  шейін  арқан, 
жіп еседі, адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы 
мен  боламын»,  –  дейді.  Түйе  айтты:  «Сен  адамның 
жұмысын жасайсың, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың 
үшін құл болдың. Міне, мен сен көтере алмайтын ауыр-
ды көтеріп, неше айлық алыс жолдарға барамын. Аш 
болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса көде, 
жусан болса жусан, не кез келсе соны қорек етіп, та-
былса су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. 
Жыл басы болу маған лайық», – дейді.
Сиыр  айтты:  «Адам  егін  ексе,  меніменен  егеді, 
сүтімді ішеді, құрт-май алады», – деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет