әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды).
Әйел. Бақыт деген осыау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы
құтты болсын. Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендейақ
болсын.
Қамажай. Көңіліңізге рақмет. Темір мен Омардың келетін уақыты
болды. Кешігіп жатыр.
Әйел. Келеді ғой. Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің. Әй,
Қамажай, өз дегеніңді орындап, бәрін жеткіздің. Омарың – ғалым,
Тимурың – бригадир, Нәзилаң – мұғалім, Ермек – оқушы. Енді... өзіңді
де ұмытпасаңшы. Саған ешкім ренжи қоймас.
Қамажай. Қайдам, осылардың анасын жоқтатпаймын деп жүріп,
шын ана боп кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.
Әйел. Түу, Қамажай
ай. Қызықсыңау. Сенің орныңда, басқаны қай
дам, мына мен төзе алам ба, жоқ па, білмеймін. Білсем де, қолымнан
келмесау деп қорқамын.
Қамажай. Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мей і
рімнің шарпуы шығар.
Әйел. Аа, айтпақшы, үйге шал да келіп қалған шығар. Әлгінде жи
налыста отырмын деп звондап еді. Келсе, осында ертіп әкелейін. Қазір
қайтып келемін.
(Шығып кетеді. Ермек кіреді. Қолында телеграмма. Өзінше күбірлеп,
оқып келеді).
Достарыңызбен бөлісу: |