141
Нәзила. Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен,
іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі, әрі басшысы Оспанова
Қамажайдың өзге отбасы мүшелерімен ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа
орналасқаны бәріміздің ашуымызды қоздырғаны белгілі. Бұл мәселе
жөнінде кімнің қандай ойы бар?
Гауһар. Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын.
Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай
жағынан болса да, пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының
жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойы
лып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа пси
хологияның тұсында...
Нәзила. Сіз конференцияда лекция оқып
тұрған жоқсыз, сондықтан
нақты сөйлеңіз.
Омар. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге
түсініктірек болсын деп...
Достарыңызбен бөлісу: