Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Адам құқықтарының артықшылығы



Pdf көрінісі
бет33/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136
4.2. Адам құқықтарының артықшылығы
Гуманизм–демократиялық құқықтың мемлекетке тән негізгі 
құндылық. Ол құқықтың іргелі қағидаты ғана емес,сонымен бірге 
адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі 
мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары болып 
табылады. Мұндай қалып Қазақстан Республикасы Конституциясы 
1-бабының  1–тармағында  бекітілген:  мәселен,  адам  және 
адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары  мемлекеттің 
ең қымбат қазынасы делінеді. Олар Қазақстан Республикасы 
Конституциясының «Адам және азамат» атты II–бөлімінде  толық 
реттелген, ал 12-баптың  1-тармағында былай деп жазылған: 
«Қазақстан  Республикасында  Конституцияға  сәйкес  адам 
құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік 
беріледі». Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының 
жұмысында азаматтарды құқықтарын, бостандықтарын және 
заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге (заң шығару), 
нақты іске асыруға (атқару) және тиісінше қорғауға (сот) айрықша 
мән беріледі. 
Жаңа уақыт   адамның құқығы мен бостандығы дүниеге 
өзімен бірге келетінін негіздейтін табиғи құқық идеяларының  
пайда болуымен сипатталады. Әртүрлі  теориялық  құрылымдар 
тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздеді. 
Адамның  құқықтары  мен  бостандықтарына  артықшылық 
беру  қағидаттарын  жария  ету  «адам–мемлекет»  мәселесіне 
құрсаулық жүйе тұрғысынан  түсінік беруден үзілді – кесілді 
бас тартуды білдіреді. Тоталитарлық жүйе кезінде адам орасан 
зор  мемлекеттік  машинаның  титімдей  бір  бөлігіне айналады 
(бұл әсіресе Сталиннің жеке басына табыну  жылдары айрықша 
байқалды).  Адам  мемлекет  үшін  емес,  мемлекет  адам  үшін 
жаратылған, олардың қатынастарының ендігі басты қағидаты 
(1995 жылғы Қазақстан Республикасы  Конституциясында негізі 
қаланған) осындай. «Қымбат қазына» ұғымы конституциялық 
мәтінге  енгеннен  кейін  іс  жүзінде  адамгершілік  санат  бола 
отырып, құқықтық санатқа да айналады және қоғам мүшелерінің  
баршасы үшін – мемлекет билігі қолында барларға да,жоқтарға 
да міндетті ереже болып табылады.


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет