Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың(теріс  қылық)



Pdf көрінісі
бет59/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

10.2.Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың(теріс  қылық) 
құрамы
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  белгілерін  оның  заңдық 
құрамына  айырудың  практикалық  маңызы  бар.  Әкімшілік 
құқық  бұзушылықтың  барлық  белгілері  бола  тұрып,  құрамы 
болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз 
болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-
құқықтық  актілермен  бекітілген    белгілердің(элементтердің) 
жиынтығын, олар бар болғанда әкімшілік жауаптылық пайда 
болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (эле-
менттері)  болып:  объект,  объективтік  жағы,  субъект,  субъек-
тивтік жағы табылады.
Құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылық 
шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып 
табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тап-
сырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады.
Бұл  нақтылы  объектілер  көрінісінің  нысандары  әртүрлі 
болатын


200
мүмкіндігін  білдіреді.  Мысалы,ұсақ  бұзақылық  қоғамдық 
тәртіпке  қолсұғушылық  деген  сөз,  бірақ  ол  заңда  айтылған 
«ұсақ  бұзақылық»  түсінігінің  тұжырымдамасында  берілген 
үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін .
Объективтік  жағы  әкімшілік  құқықпен  тыйым  салынған 
әрекет немесе әрекетсіздік. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе 
әрекетсіздік көптеген құқық салаларымен (азаматтық, еңбек, 
қаражат және басқа...) реттелген нақтылы қоғамдық қатынастар 
болуы мүмкін.
Құқық теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс қылықтың 
тектік, түрлік және тікелей объектісін айыру бар. Құқық қолдану 
тәжірибесі тұрғысынан алғанда тікелей объект ерекше маңызды 
болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілік санкция заңмен 
бекітілген  қоғамдық  қатынастарға  шынайы  зиян  келтірілген 
үшін қолданылуы керек.
Әкімшілік  теріс  қылықтың  объективті  жағы  –  бұл  оны 
сыртқы  көрінісінің  актісі  ретінде  сипаттайтын  әкімшілік 
құқық  нормаларымен  қаралған  белгілердің  жиынтығы.  Бұл 
белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын 
(ұсақ бұзақылық, қасақана бағынбау, ұрлық т.с.с.) белгі болып 
табылады, оның түрлері әрекет не әрекетсіздік болуы мүмкін.
Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерек-
шеліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және басқа...) толықтырылуы 
мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында орын мен 
уақыт белгілері, мысалы, қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін 
ішу (әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 178 - бабы) өте 
жиі кездесед.
Әкімшілік теріс қылық пен қылмыстың аражігін айыруға 
мүмкіндік беретін белгі ретінде келтірілген зиянның мөлшері 
жиі қолданылады. Бұл ұрлық, жол жүру ережелерін бұзу туралы 
құрамдар және басқалар. Әкімшілік теріс қылықтың бірқатар 
құрамдарында  болатын  нақтылы,  көпшілігінде  лауазымды 
адамды көрсету де белгі ретінде танылады. Мысалы, Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  белгіленген  өкілеттілігінен 
туындайтын прокурордың ұйғарымдарын, қаулыларын, сондай-
ақ жазбаша нұсқауларын лауазымды адамның орындамауы.
Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  құрамына  енгізілген 
әкімшілік теріс қылық  жасау үстінде пайдаланатын заттарды 
көрсетуде едәуір орын алған. Мұндай заттар: мемлекеттік немесе 


201
қоғамдық мүлік (ӘПБтК-тің 52-бабы), межелік белгілері (межелік 
белгілерді  жою  (ӘПБтК-тің  56-бабы),  аталатын  қаруды  сату 
тәртібін бұзу (ӘПБтК-тің 162-бабы) және басқалар болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда 
әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам 
танылады. Субъектілерді сипаттайтын белгілерді екі топқа бөлуге 
болады: азаматтың жауаптылыққа қабілеті бар және әкімшілік 
құқық бұзушылық жасаған адамның 16 жасқа толуы жалпыға 
жатады,  ал  арнайы  топқа  кәсіби  қызметі,  лауазым  жағдайы, 
бұрынғы  құқық  бұзушылық  фактілері,  құқықтық  мәртебенің 
ерекшеліктері (әскери қызметші, шетелдік т.с.с) жатады.
Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  субъективтің  жағы  – 
субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және 
оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып 
табылады, ол қаскүнемдік (тікелей не жанама) немесе абайсыздық 
(құқыққа қарсы менменсінушілік пен құқыққа қарсы ұқыпсыздық) 
нысанында көрінісін табады(ӘПБтК-тің 9 -11 баптары). Осы 
көрсетілген нысандарда құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік 
жасаған адам, құқық бұзушылық құрамның басқа белгілері бар 
болса, оны жасағаны үшін кінәлі болып табылады. Субъективтік 
жақтың басқа белгілері заңда айтылмайды, ал кінәнің түрі ӘПБтК-
тің ерекше бөлімінде әкімшілік теріс қылықтың міндетті элементі 
ретінде өте сирек көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет