Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Еңбек құқығының принциптері



Pdf көрінісі
бет92/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   136
24.2.Еңбек құқығының принциптері
Еңбек құқығының принциптері-еңбек қатынастарын және 
олармен  тығыз  байланысты  қоғамдық  қатынастарды  реттеу 
кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттары,идеялар.
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  еңбек 
саласындағы  қатынастарды  құқықтық  реттеудің    мынадай 
принциптері  баянды  етілген:еңбек  бостандығы  және  өзінің 
еңбекке  қабілеттілігіне  еркін  билік  ету,  қызметпен  кәсіп 
түрін  таңдау  мүмкіндігі:мәжбүрлі  еңбекке  тыйым  салу  және 
жұмыссыздықтан қорғау(24-бап):денсаулықты қорғау құқығы(29- 
бап):бірлестіктер бостандығына құқығы(23-бап):құқықтар мен 
бостандықтарды  заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен 
қорғау құқығы (13-бап):еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және 
жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы(24,28-
баптар):демалу құқығы(24-бап).Бұл конституциялық принциптер 
еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық 
прициптеріне  жатады,еңбек  құқығында  осы  саланың  өзіндік 
ерекшелігі ескеріле отырып құқықтар нақтыланады және мынадай 
түрде беріледі:


296
1.Еңбек бостандығы еңбек шарты бостандығының салалық 
принципіне ауысады.
2.Денсаулық  сақтау  құқығы  қауіпсіздік  пен  тазалық 
талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығында нақ-
тыланады.
3.Еркін  бірлестіктерге  құқық  нақ  өндірістік  кәсіптік 
мүдделерді қамтамасыз  ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға 
бірігу құқығы еңбек құқығы принципіне ауысады.
4.Өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы ереуілге 
шығу құқығын қоса алғанда,оларды шешудің заңмен белгіленген 
әдістерін пайдалана отырып жеке және ұжымдық еңбек даулары 
құқығында нақтыланады.
5.Демалыс құқығы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін 
қызметкерлерге қатысты Конституцияның өзінде,заңмен бегі-
ленген жұмыс уақытының ұзақтығына,демалыс және  мерекелік 
күндерге,ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа белгіленген 
кепілдікпен нақтыланады.
6.Еңбекке ақы төлеу принципті де конституциялық дең-
гейде сала ретінде белгіленген,өйткені оладың қызметінің тек 
жекелеген нәтижесінің төлемін алумен ғана емес,оның процесімен 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет