Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция»
Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция»
атты туындысы қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы
баяндайтын осы күнгі әлемдік меселелердің бірі.
Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат
тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот
автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да
толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық
технологиялық дүмпуге куә болмақпыз.
Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Светлана Тер-Минасованың «Тіл және
Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Светлана Тер-Минасованың «Тіл және
мәдениетаралық коммуникация» атты оқулығы түрлі ұлт және мәдениет өкілдерінің өзара
ұғынысып, тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы,
ұлтаралық,мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық
шектеудіелемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен
мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр.
Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша
Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша
басылымы «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аталды.
Кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық
философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден
қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен
исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен.